Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аманжол мен Мұхамеджан айтысы (5-бөлім)

Аманжол Әлтаев, Мұхамеджан Тазабеков · 2 мин оқу

Қиналып бұл қазақтың ұрпағы сәл,
Қияға жете алмай жүр сұңқар ұшар.
Уақытпен санасқандай жағдайың бар,
Бақытпен бір-ақ күнде кім табысар?
Аумағы үлкен халықтың жай-жапсары,
Ауа-райы емес қой күрт ауысар.
Не келіп, не кетпеген басымызға?
Теңіз де бір тартылып, бір толысар.

Аманжол:

Көтеріп ұлы өнердің құтты жүгін,
Қос балаң жыр найзасын сұқты бүгін.
Дүбірдің мәресіне тақалғанда,
Жүйріктер танытқандай мықтылығын.
Бастауы талай жайдың алаңдатқан,
Ғасырдан үміт күткен жұртты бүгін.

Ер қайда ел соңынан ерсін дейтін,
Ер қайда алашқа ақыл берсін дейтін?
Көбейіп бара жатыр шекпенділер,
Қазақтың журналисін менсінбейтін.

Жақсы сөз дәмі кетпес бал секілді,
Жақсы сөз мәуесі мол тал секілді.
Билігі бастықтардың бір-ақ айлық,
Еріген жаңа жауып қар секілді.

Жарасар айбарлы елге ұрандаса,
Сөйлелік ел алдында біз алмаса.
Керуені елдің қалай түзеледі,
Бір бастық орнында көп тұра алмаса.

Өнерлі ел болсаң да атырабы,
Көп жайлар терең ойға батырады.
Менсінбей өнерпазын кейбір байлар,
Желпініп, сырттан әнші шақырады.

Долларға қарық қылам дегеннен соң,
Олар да жаны қалмай бақырады.
Қазақтың қасиетті қара өлеңін,
Түсінбей кейбір байлар жатыр әлі.

Әр күндер топты жарып келмес тегі,
Жақсы сөз жаман ақын бермес тегі.
Ағаға сый болатын ұл болмаса,
Жолына жақсы атаның ермес тегі.
Қазақтың барлық байы мықты болса,
Бүгінгі айтысыңа келмес пе еді?

Тыңдайды талай халық сөзімізді,
Қадаймыз Жерұйыққа көзімізді.
Кейінгі талай ұрпақ айтып жүрер,
Бүгінгі дүбірлеткен кезімізді.
Қанатын кеңге жаяр халық болсақ,
Алдымен жарылқайық өзімізді.

Мұхамеджан:

Есті адам еңбегіне жығылады,
Бейнетін зейнетім деп ұғынады.
Әркімге өзі тіккен байпақ жылы,
Сырттағы ел білмесе де сырын әлі.
Ақылды ақша билеп тұрған кезде,
Ізгілік інге барып тығылады.
Ақымаққа мал бітсе әуре болар,
Шығыстан шығарам деп құбыланы.

Қоңдысы қазақтардың шетке тарап,
Қамсызының түбіне жеткен арақ.
Қазақтарды қалдырып қара жолда,
Өзге ұлттар алдымыздан өткен орап.
Олардың біреуінде байлық болса,
Өңгесін ол қорғайды отпен орап.
Көктөбеден үй салса қожайыны,
Көк төбет те ән салар көкке қарап.

Қазақтың көңілі аппақ орамалдай,
Бұл күнде мың жан кедей, он адам бай.
Он адамның байлығы кімге жетер,
Екі аяққа бір шұлғау орағандай.
Халқым-ау, көңілің бүгін мұң шертеді,
Бір қасықты бес бала жалағандай.
Қазынаң қайда кетті білмей қалдың,
Қалтаңды өз әйелің тонағандай.

Дейміз-ау еліміз бай, жеріміз бай,
Оларды игермейміз тері қызбай.
Алтыныңды астына басып жатыр,
Шетелдіктер өзінің кенін бұзбай.
Олар бізді жылтырға қызықтырды,
Пендені жынды қылған пері қыздай.

Білесің аз ғана топ байларыңды,
Ертең солар жасасын жайларыңды.
Байлығыңды астына баса берер,
Жайлаған батыстықтар аймағыңды.
Сүтіңді шимен сорып ішіп жатыр,
Бұзбастан қазандағы қаймағыңды.

Мен үшін, Аманжол-ау, жөнің қандай,
Жүргендей сөйлейсің-ау жолың болмай.
Отыздың орда бұзар шағында бұл,
Қалмасын арманыңыз орындалмай.
Інім жол бермеді деп ренжіме,
Қалалықтай қалған бір соғым бармай.
Өзіңменен айтысып отырғанда,
Көңіл қардай секілді, өмір – балдай.
Топқа түсіп көңілім бір ашылды-ау,
Тобылғының суына шомылғандай.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз