Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Серік пен Мұхамеджан айтысы (3-бөлім)

Серік Құсанбаев, Мұхамеджан Тазабеков · 2 мин оқу

Үй болсаң, күйің дағы дұрысталар,
Береке, бірлік барда ырыс та бар.
Тарылма шығын шығып кетеді-ау деп,
Қолдайтын ағайын бар, туыс та бар.
Құтылып есесіне сүр бойдақтан,
Құлағың біржолата тынышталар.

Мұхамеджан:

Жарыста жорға мініп жайдақ кетем,
Болмай отыр Астана аймақ бөтен.
Жолбарыс азуынан айырылмайды,
Келгеннен соң белбеуін байлап бекем.
Өзіңдей жақсы ағамен жанасқасын,
Мен қайта азуымды қайрап кетем.
Алдымнан туатындай ғажап-ақ күн,
Кеудемді көрікті оймен тазалаппын.
Қызыл-жасыл қыздарға қызықпадым,
Ауасын сағынғандай таза бақтың.
Тас бұлақтың тазасын іздеуші едім,
Қасқа тайы секілді қазан аттың.
Шығын шығып кетер деп ойлағам жоқ,
Ел-жұртқа беделі бар азаматпын.
Қапы қап қайта-қайта үйленгенше,
Қайталанбас бір тағдыр жасамақпын.
Сұр бөрідей көп жортсам да түз даланы,
Жілігім жігіттіктен сыздамады.
Жаңбырдың суында тұз болмағанмен,
Бойдақтың ойында әркез қыз болады.
Сабақты ине сәтімен деп жүрміз ғой,
Бойымызда молдадан із қалғалы.
Сезім сыйлар серігін таба қалса,
Аянбас Алатаудың мұзбалағы.
Байқаймын мен іздеген балапан қыз,
Бауырын жазып ұшқан жоқ құздан әлі.

Серік:

Сөйлейсің арғымақтай қозып кетіп,
Алмайық сөзді біздер созып кетіп.
Жарыңды іздеймін деп жүрмегейсің,
Энгельс Ғаббасовтан озып кетіп.

Ақынсың сар даланы сайрандаған,
Бауырым, қызыл тілің байланбаған.
«Он үште отауға ие», – деген сөзді,
Ойланбай айтты ма екен қайран бабам.
Санымыз өзбектерге жете алмай тұр,
Өйткені бойдақтар көп тайраңдаған.
Заң тозып, адам азбай тұрған кезде,
Тапсаңшы тұнығыңды лайланбаған.
Ағалар Алашым деп алаңдаған,
Мақсатқа жетер дейді табанды адам.
Азулы бөлтіріктің бірі едің,
Айтулы бөрілерге таланбаған.
Мазаңыз кетер болды-ау Мақаш аға,
Қазақтың санын жоқтап алаңдаған.
Өркендеп өзге елдердей өсу үшін,
Жастарға жараспайды шабандаған.
Ал оған үлес қосар дей алмаймын,
Бойдақтар сен секілді салаңдаған.

Бой жеткен, ару аз ба бұлаң қағып,
Қомданбас қызыл көрсе қыран нағып.
Өзіміз он сегізге толмай жатып,
Қыз көрсек байыз тауып тұра алмадық,
Құшақтап қос тізеңді жүре берсең,
Қыз-келіншек қалады ертең күмәнданып.

Білмеймін бағыңыз ба, сорыңыз ба?
Жар таңдау, ол әрине қолыңызда.
Шіреніп, шырт түкіріп жүргендейсің,
Түсер деп, бір тоты құс торымызға.
Қашанда қырағы ғой көптің көзі,
Белгілі барымыз да, жоғымыз да.
Әйтеуір ұзақ таңдап, тап боп жүрме,
Доллар деп долданатын долы қызға.

Мұхамеджан:

Енді кеп жатыр көке, көктеміміз,
Көгеріп келе жатыр көк беліміз.
Он сегізде қызығушы ек деп айтасыз,
Бүгінде кімге керек өткеніңіз.
Біреудің бағын біреу тауып бермес,
Баянды болсын сіздің жеткеніңіз.
Ініңіз сүр бойдақ боп жүрсе бүгін,
Нашарлау болған шығар мектебіңіз.
Мақаш көкем тізімін көбейтсінші,
Сіздің де сіңір тартып сепкеніңіз.
Сәтін салса біздер де бас құрармыз,
Қарсы алдыдан жолықса жеткеніміз.
Жар таңдап келмегенде Астанаға,
Талтаңдап келді ғой бір, деп пе едіңіз.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз