Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Мұхамеджан айтысы (3-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Мұхамеджан Тазабеков · 2 мин оқу

Інің едім додаға жарап қалған,
Қадамым бар биікке санап барған.
Ағам ғой деп әспеттеп отыр едім,
Талабымды қайтардың қанаттанған.
Әлі де мен қайтпаспын, Мэлс аға,
Тасқа шеге қағады талаптанған.

Мэлс:

Басталды дүбірлі той, дүйім егес,
Басқаным айтыстағы шиыр емес.
Қайтесің жала жауып басымызға,
Мұхамеджан, ақындық тіліңе көш.
Сақалдан ерте шығып кеткенімен,
Мұртты қағып тастау да қиын емес.

Өнерді біздер көрсеттік
Алқалаған сіздерге.
Қуанасың мұхитта,
Айтыстың ақ кемесі
Аман-есен жүзгенде.
Мың жасаймыз Лұқпандай
Айтыспенен біздер де.

Мұхамеджан:

Осылай өткізген соң алаш бәйге,
Қалайша ордалардан ой аспайды.
Інілердің орыны бөлек болар,
Інілерсіз ағаның бағы аспайды.
Алып тастау оңай боп көрінгенмен,
Мұртсыз сақал иекке жараспайды.

Осынау сен отырған төрің қандай,
Қайда жүрсең, Мэлс-ау, жолың болғай.
Ардақ тұтып ағамдай мен сыйлайын,
Пейіліне елімнің шомылғандай.
Екеумізді тудырған құрсағы алтын,
Мына отырған мейірбан елің қандай.
Екеуміз кім болар едік бұл айтыста,
Еміреніп тыңдайтын елім болмай.

Ақындар елге жырын жолдаса екен,
Қанатын қыран құстай қомдаса екен.
Ақмолада айтыс бар деп естідік,
Ақындар сонда жырын сомдаса екен.
Ондағы шала қазақ ағайындар,
Сіздердей боп айтысты қолдаса екен.

Ташкент Төле бимен есте қалған,
Орынбор от секілді пеште қалған,
Қызылорда қызыл ту көтергенде,
Қазақтағы тұтанды өшкен арман.
Ал, Алматым, ап бердің азаттықты,
Миллионнан асып бүгін өскен орман.
Ақмола енді қанат жайып жатыр,
Аққанат көгершіндей төске қонған.
Бәрібір, құт-береке сіздерсіздер,
Қара қазан секілді көште қалған.

Тірлік қылдық уақытпен жарысардай,
Қазағымның жарқырап таңы шамдай.
Нұрағам көшті бастап кеткен еді,
Тағдыры жарлығымен табысардай.
Сарыарқа құшақ жайып қарсы ап жатыр,
Жомарт боп жаралған соң жаны сондай.
Алатау ақ қалпағын бұлғап қалды,
Ұлын бөлек шығарған кәрі шалдай.

Әріден түсінейік әрбір жайды,
Ешкім келіп шамыңды жандырмайды.
Ауызыңа әкеп ақ майды салмаса да,
Өкімет өзегіңді талдырмайды.
Пейілің мен ниетің тарылмасын,
Сабырлы адам ашуға алдырмайды.
Адамдарға ауызды берген Құдай,
Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды.

Қарау ой түссе егерде арамдарға,
Қазаққа қорған болар қамал бар ма?
Патша жайлы азды-кем сөз болғанмен,
Біреу келіп сүйремес шанаңды алға.
Барыс деген сөз қайдан басталды екен?
Ұран болып бүгінгі адамдарға.
Мүмкін біз барыстан да әрі асармыз,
Нұрсұлтандай арыстан ағам барда.

Бұл қазақ тойдың елі, жырдың елі,
Мэлстейін ұлдарың үлгілі еді.
Бодан болып жүруші ек босап шықтық,
Тәңір жазса, бізге енді күн күледі.
Қан шығармай азаттық алған ерлер,
Аман болса бәріне үлгереді.
Аздаған қиындығы болмаса егер,
Азаттықтың қадірін кім біледі?

Уа, Мэлс, айдай болып шалқып тусаң,
Жусаннның иісіндей аңқып тусаң.
Ел жайлы еміреніп ойыңды айтшы,
Батыр болған бабаңа тартып тусаң!

Мэлс:

Айтыста туар менің мүмкін айым,
Бұйырған биігіме ұмтылайын.
Өзіңнің сөздеріңе жауап беріп,
Жусанның иісіндей бұрқырайын.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз