Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Балғынбек пен Мұхамеджан айтысы (1-бөлім)

Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков · 2 мин оқу

Балғынбек:

Ақын ағам тараздық, келші бермен,
Алматыдан шықсаң да, ерсі көрмен.
Қайрап-қайрап кім салды сені маған,
Ұрлап алған балтадай көршілерден.

Таба алмадым өзге тең,
Сен емессің көзге кем.
Солақайдан құтылғам,
Оңқай ақын сөз бе екен?

Мұхамеджан ақырып жолда тұр ғой,
Аты әйгілі алашқа ол да ақын ғой.
Атақтымен көрейін арпалысып,
Көз – қорқақ болғанменен, қол – батыр ғой.

Мұхамеджан ағаммен
Түстім бүгін егеске.
Затынан гөрі шайтанның
Аты үрейлі емес пе?

Мұхамеджан:

Ащы тер шыққан кезде жон арқадан,
Шабыттың тізгініне қол арта алғам.
Ойлы халқым, орныңда отырмысың,
Нәр алып айтыс деген омартадан.
Мақпалдың бағын ашқан көкем отыр,
Қонаққа ат мінгізіп дәл ортадан.
Әншіні, бишіні де қарық қылған,
Заман ағам не деген жомарт адам.

Түйең де, кеудеңдегі түймең де сен,
Табылса, керуеніңді сүйрер көсем.
Ат сүрініп болғанша ақыл тапқан,
Елдің құты ежелден – би мен шешен.
Екіленіп Жамбылдан не ғып келдім,
Езуімнен ел-жұртқа сый бермесем.
Балауса Балғынбегім, аманбысың,
Шығар ма едің өнерді игермесең.
«Бәрекелді» деп сені жетелермін,
Ине боп қадалғаннан именбесең.
Су жорғадай қасыңнан өте шығам,
Күл шығарған кісідей күйбеңдесең.
Құрметсіз сөздеріме жолығарсыз,
Сүндетсіздің ұлындай сүйреңдесең.

Тұғырына жігіттің туын іліп,
Айтар сөзді алтынның буы қылып,
Айтысты қазан қылып қайнатайық,
Жанымыз қуырдақтай қуырылып.
Бөрідей жігіт болсаң, бөгелмей айт,
Ел тыңдасын аузының суы құрып.
Азу басып көр енді арыстанға,
Тиген жерде тіс қалсын суырылып.

Өзіңді көрейінші ойнап тұсап,
Жаяйын еркелетіп жайлап құшақ.
Бірімізді-біріміз жаниықшы,
Кәдімгі пышақ пенен қайрақ құсап.
Оңқай ақын не тұрар деп отырсың,
Бойыңнан белгі беріп айбатты шақ.

Күн жарықта сілкініп қайдан келдің,
Шөмелеге түнеген бойдақ құсап.

Балғынбек:

Мен де сендей ағадан ақыл күткем,
Заман-ағам ісіне батырлық тең.
Жомарттығын асырды ел алдында,
Заманбектей болмай ма әкім біткен.

Аламанға ең алғаш қатыссақ та,
Алып кетті бір ақын «отставка».
Жасың үлкен, таңдауды сен ала ғой
Алыспақ па, керегі атыспақ па?

Қасым ата, сексенге тақадыңыз,
Құтты болсын құрметті атағыңыз.
Нұрғисадай атаға дәл соны айтам,
Жырмен жабар бұл біздің шапанымыз.
Қасым атам партизан болды зерек,
Нұрғиса атам өнерде орны бөлек.
Аяқ асты Балғынбек байып кетсе,
Мұхтар құсап сіздерге «Волга» беред.

Мына біздей кейінде
Буын барын біліңдер.
Біздің өмір алда ғой
Тұлпарды да мініңдер.
Байығанша Балғынбек
Аман-есен жүріңдер.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз