Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Дәулеткерей мен Әсия айтысы (2-бөлім)

Дәулеткерей Кәпұлы, Әсия Беркенова · 3 мин оқу

Әсия:

Сөзім бар сезіміңді ұршық қылар,
Күй сарнар жаныңды тек бүршік қылар.
Ағысың баяулады деп айтасың,
Толқын бар талайларды тұншықтырар.

Анаңа семсер сөзбен сайланып өт,
Көңілді емдеп сірә жайланып өт.
Отырсың қамалсың деп сірә мені,
Есігін аша алмасаң айналып өт.

Есті жан есті сөзді ұғынады,
Демеймін балам сасып бұғынады.
Үлкен тас сүріндірмей құлатады,
Сүрініп тасқа танау жығылады.

Деймін тек көңіліңді жай алайын,
Алақан тосып сені аялайын.
Аспаса арнасынан асып-тасып,
Баламды мен де ана боп аялайын.

Түссінші бүгін сірә жыр сабына,
Отыр ғой көп те міне жыр сағына.
Ақындар ешқашанда өзі туған,
Түкірмес сол ананың құрсағына.

Дәулеткерей:

Апамның жырлары бар алмас кілең,
Тақырға тары өспейтін салмас түрен.
Анамның алақанында аялансам,
Толғауды тоқсан ауыз жалғас қып ем.
Мен сіздің толқыныңа тұншықпаймын,
Бала едім, бақ күтетін марқасқа ұл ем.
Бақ күтем деп келгенмін алдарыңа,
Таза бұлақ тақырда қалмас білем.

Мен дағы желпінбеймін желектеп құр,
Шабытым қазір менің шелектеп тұр.
Апасы құлағың сал, ал ендеше,
Бір-екі ауыз сөз айтуым керек боп тұр.

Балаң ем мұңы бөлек, сыры бөлек,
Отыршы жырларыңмен жылы демеп.
Шеттегі шерлі жүрек қандастардың,
Тыңдаңыз бір-екі ауыз мұңын елеп.
Ашынап артық айтсам кешір ана,
Демегін неге бала күңіренед.
Оралмандар жайында сөз айтпақпын,
Үкіметтің құлағының түбіне кеп.

Ашқанмен құшағыңды айқарып құр,
Шаттығы көңілдердің шайқалып тұр.
Азаматтық ала алмай өз елімде,
Ашынып айтатұғын жайт анық бұл.
Елге ел қосылғанда құт деуші еді,
Отанға құйылардай жайқалып нұр.
Өкімет бізге көңіл аздау бөліп ,
Келген бақты керген бақ қайтарып тұр.

Келін, келін, келін-ақ ,
Келген жылы сөзін бақ.
Мен келгелі жеті жыл,
Сөйлегенім бүгін-ақ.
Алдыңа келдім айтқалы,
Ақиқатын қандастың.
Сырымен қоса мұңын ап,
Жылымен жауып қоймаспын,
Қымтап мен оны жылылап.
Халықтың анам ақыны,
Бір-екі ауыз сөз айтайын,
Деп ойлаймын ұғынад.
Тарихқа бір шегініп,
Шежіреңді елім ақтардым,
Орыстың болсаң да отары,
Ошақтың отын өшірмей,
Одан да аман шақ қалдың.
Полигон жарып жеріңде,
Азабын тарттың ақ қанның.
Желтоқсан желді түн еді,
Қабағына қан қатқан күн.
Алды да артқа қарамай,

Көп ұлтты Қазақстан деп,
Шаттандың да, мақтандың.
Одан да қалдың аман-сау.
Болғасын текті ұрпағы,
Сары алтын киген сақтардың,
Тәуелсіз елім қазақ деп,
Қазағым бүгін азат деп,
Шабыттанып, шаттандым.
Құттықтау айтып тойыңа,
Тілектен тұмар таққанмын.
Осындай үлкен тілекпен,
Егеменді елім болған соң,
Алтайдан көшіп Арқаға
Аңырап келе жатқанмын.
Ата да жұртпен табысып,
Ағайыныммен қауышып,
Жамырап келе жатқанмын.
Шет жерде көңіл шеменді,
Сезініп елде еркін мен
Жадырап келе жатқанмын.
Қошаметіңді қазағым,
Қабыл ап келе жатқанмын.
Отан деп соққан жүректен,
Жаныңа жігер күш берер,
Жалын ап келе жатқанмын.
Ата да салтын сақтаған,
Бұзылмаған қазақтың,
Қанын ап келе жатқанмын.

Шабытым менің келгесін,
Балаң да былай шешілед.
Алтайдан көшің келгесін,
Мақтадыңдар бәрің де,
Ғасырдың ұлы көші деп.
Ата жұртқа келгесін,
Көңілім де өсіп ед.
Тағы да қарпып айтайын,
Азаматтық ала алмай,
Тойлауға да қатыспас,

Сайлауға да қатыспас,
Елге келген қазақтың
Еркіндігі осы ма ед?!

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз