Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Серік пен Гіміңгүл айтысы (1-бөлім)

Серік, Гіміңгүл · 2 мин оқу

Серік:

Осы кез тамашаға бұйырған сәт,
Дүбірге ел сай-саладан құйылған сәт.
Ардақты ел аман-есен келдіңдер ме,
Сағынған әніңді аңсап, күйіңді аңсап.
Айтыстың майданына келіп тұрмын,
Қырандай жанарымды қиырдан сап.

Лаулайды жалын орып кеудемде арман,
Керемет жырын іздеп кең жалғаннан.
Мейірге жайдым толы құшағымды,
Жаны жаз сендей құрбым келгенде алдан.
Айтыстың қос қанатын қақтырайық,
Серілер мекенінде серуен қалған.

Қайтейін ақынмын деп дауырығып,
Жатпаса лебімді дәуір ұғып.
Өрісін өнегенің қалдырыпты,
Аналар алтын етек, бауыры құт.
Кемедей Гіміңгүлді теңселтейін,
Желкенін талқан қылған дауыл ұрып.

Гіміңгүл:

Кемедей алға тарттым толқын жарып,
Ержеттің туған жерде сом шыңдалып.
Армысың ақ Қабаның нілін жұтқан,
Қиыннан қайыспаған өршіл халық.

Кетпесін елден үміт, ерден сенім,
Сенімсіз осы араға келмеуші едім.
Қайсы бір айтысамын дегендерді,
Қамыстай жел ырғаған тербеуші едім.
Дәл бүгін Серікпенен айтыспасам,
Кетпеуші ед көңілімнен өлгенше мұң.
Ортаға шоқтай жайнап шыққаныңмен,
Мен үшін қауқарың жоқ шеңгел толым.

Серік:

Құйғытып жүгіргенмен құстан ары,
Аттың да алыс шаппас ұшқалағы.
Олжаны оңай тұрған көздеймін деп,
Қыран да торға түсіп ұсталады.
Зат нарқын танымаған қайдан білсін,
Алтыннан ондайларға мыс бағалы.

Ойы жоқ оңай өлең қуа берсең,
Мезгілсіз жыр ғұмыры қысқарады.
Мынауың жалаңаяқ жастығың ғой,
Тұрғаның шоқты қолмен ұстағалы.

Гіміңгүл:

Басыма талай қызық оралса күн,
Айтысар әлі талай болар шағым.
Секе, сен жайнап жатқан қызыл шоқсың,
Ішінде қор боп жатқан қоламтаның.
Бүгін менің қолымда білесің бе,
Дәл сені жандырарым, жоғалтарым.

Сан жерде талай өлең айтып едім,
Әйтпесе ақын дейді қайтып елім.
Басыңнан қаһарлансам түсірермін,
Өлеңнің оттан күшті жай түнегін.

Серік:

Жүрсің бе ізгілікке қол арта алмай,
Биігің онда сенің болар шалғай.
Басына жақсы достың жай түсіріп,
Жүр едің не себептен жоғалта алмай?
Асылды алапатпен өртегендер,
Жүрмей ме енді қайтып оралта алмай.

Салса да ирегіне өмір керуен,
Табиғат мұқалмайтын төзім берген.
Жыр соқса туған халқым тұлғасы алтын,
Жемісі ол тәліміңнің өзің берген.
Жинаған қымбатыңды керегіңе,
Асыл салған абдыра менің кеудем.
Туған халқым асылын табады өзі,
Менің кеудем егіліп көмілгенмен.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз