Қасымхан мен Жамалхан айтысы (4-бөлім)
Қасымхан, Жамалхан Қарабатырқызы · 2 мин оқу
Тарихта талай-талай ел тұрады,
Болмаса егер тарихым нем тұрады.
Ұлы отан болмаса ойлашы өзің,
Қазақ қайтып басқамен тең тұрады.
Қасымхан:
Тарихым ұзақ, мен талай азық алғам,
Қағатын босағама қазық алғам.
Білімді алдымдағы ағаларым,
Көп мұра бұл тарихтан қазып алған.
Аз емес менің-дағы деректерім,
Солардан сұрастырып жазып алған.
Бұл қазақ отанымның шуағында,
Дәл басып өз бақытын танып алған.
Басқамен терезем тең қысылмаймын,
Еркімше пайдаланам қазынадан.
Отаным бас қалқа боп алды тосып,
Бір кезгі қара желді азынаған.
Жамалхан:
Ел барма қазағымның елдігіндей?
Қаламыз ба елдегі ерді білмей.
Қиындықтар болса да тарылмайтын,
Пейіліміз әлемнің кеңдігіндей.
Бір кезде жаудың тарап індеттері,
Басынан ұлтымыздың мұң кетпеді.
Отаным болмаса егер келер ме еді,
Социалистік дәуірдің – гүл көктемі.
Төртте осы замандану сапарында,
Үстімізде тұр дәуір міндеттері.
Қасымхан:
Ел болып құрылғалы ірге көмген,
Көңілімді сыршыл сұлу күйге бөлем.
Заманды бір ғана тек қазақ емес,
Ол кезде алпыс ұлт бірге көрген.
Қанқұйлы халық жауы жоғалғанда,
Мен-дағы елмен бірге тілге келгем.
Гүңшандаң азат етіп ақыл-ойды,
Ардақтап саған талай жүлде берген.
Жамалхан:
Шын шабыттан туады елпек өлек,
Өзімде ондай кезде елтем ерен.
Естен сірә сонау кез кетер емес,
Оқушысы ұстазын желкелеген.
Дарыныңнан қалқатай қалдым жарып,
Дәкеңнен таусылмайтын алған азық.
Салттарын қазағымның айтшы бірден,
Дәм тартып бір дастарқан жайған анық.
Қасымхан:
Бір кезде лай келіп тұнықты алған,
Туралап өмір жолы тұйықталған.
Жендеттер мектеп түгіл әр адамның,
Аузына ашылмастай құлып салған.
Жауыздар жабылып кеп малша матап,
Ақ еділ адамдарға құрық салған.
Ал бүгін туып көктен нұр шуағым,
Бақыттың қолға қайта кілтін алдым.
Дастарқан күллі отанға түгел жетер,
Болса егер алпыс ұлт ынтымағым.
Жамалхан:
Лебізіңді тыңдасам бағып ыңғай,
Тасқындайсың Шапқының ағынындай.
Еміл, Ертіс, Ілені көремін мен,
Елімнің қан жүйткіген тамырындай.
Өлең айтсаң дауысың елден ерек,
Туа берсін өзіңдей елден зерек.
Төрінде отыр Шыңжаным отанымның,
Жаз жәннат қасиетінен беріп дерек.
Қасымхан:
Құрбының ақыл барма ақылындай,
Әркімге-ақ, сезіледі жақынындай.
Елі үшін жұмақ өмір құрып жатқан,
Ер болмас отанымның батырындай.
Жамалхан көңілің шалқар ашық екен,
Көк күмбез әлемнің көк шатырындай.
Отанның құдіретін күнде көрем,
Орады елді үлде-бүлдеменен.
Бұл Іле сол отанның бір бөлшегі,
Қашанда қуат алған іргелі елден.
Жамалхан:
Елдік барма бұл елдің елдігіндей?
Көрсек кеше жапаны кемді көрмей.
Бүгін қазақ ауылына ырыс қонды,
Дастарқаны жоңғардың кеңдігіндей.
Көзге түсіп малды ауыл табындары,
Шабыты жүректердің арындады.
Ғылым мен техника түгел дамып,
Аршындағы елімнің ғалымдары.
Қасымхан: