Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сәт пен Нұрхан айтысы (3-бөлім)

Сәт Есенбаев, Нұрхан Ахметбеков · 2 мин оқу

Сәт:
Көп сурет беріп өзің ауданыңа,
Биік шың, теңеп құздың аңғарына.
Байлықты, берекені, көркемдікті,
Алыпсың бәрін жиып албарыңа.
Қала ма барлық аудан артта сонда,
Кеткенде бәрі саған аударыла.
Кетіпсің шығыңқырап шеңберінен,
Көлеңке келем беріп аумағыңа.
Жалғыз-ақ өзің ғана араласып,
Қырық жыл табыспенен толғанына.
Тілде сөз, қаламда із көп деген рас,
Сенің бұл айтқаныңнан аңғарыла.

Мәдениет баспалдағын басып көшіп,
Көрсеткіш артық үлес табыс қосып.
Ғылымның салмақты көп саласына,
Мәдениет баспалдағын басып көшіп.

Ақыным, құлағың сал, қара маған,
Түрлерін жұмысымның салалаған.
Келісті көңілі зерек, қолы шебер,
Меңгерді техниканы үш жүз адам.
Ешкім жоқ сырттан келген осыларда,
Өзімізден оқып шыққан кадр – маман
Ойы алымды, өнерпаз жетік ұста,
Тудырған осыларды жаңа заман.

Қостамдағы Молдаштың қойыменен,
Кіріп шық, жатқан шұқыр қазбасына.
Сауысқандар тұғыр ғып күлісіп жүр,
Қотыр қойдың мініп ап таз басына.
Сұлулап салдым дейсің сәнді сарай,
Сөз бен шаруаң арасы алшақ қандай?

Нұрхан:
Ақын сөйлер халыққа пайдалыны,
Таппаса талғап-талғап ойдағыны.
Сөйлессе әдеппенен бір ғанибет,
Соқпаса қайдағы мен жайдағыны.
Көріп пе ең «Аққұм», «Тосын», «Қарақұмды»,
Сыртында қоңыр бұйрат «Балақұмды».
Жерінің жемісінен шық тамшылап,
Май қылған кебісім мен балағымды.

Көріп пе ең Сары тосын дүлейімді,
Жаз көшіп, қыс қыстайтын тың ойымды.
Ішіне тал, көк теректі, көк ырғайы,
Бұтадан аттың басы бұрылмайды.
Салбырап мәуелері тәжім етіп,
Сыбдырлап жас арудай сыбырлайды.

Гүл майса шырмауықты талға бөлеп,
Қайтады қарашада қаз бен үйрек.
Білгендей ел келерін ертең-бүгін,
Батысқа аң жосиды тау жебелеп.
Түскенше боқыраудың бозқырауы,
Тұрады мұнарланып алқара көк.

Жаз жайлап Қарасайды, Майқараны,
Ерте өргізіп, кеш қойын қайтарады.
Болғанша күзгі мезгіл күзем айы,
Теңелді ақауызға марқалары.
Шел басып тұла бойын туырлықтай,
Мамықтай ырғалады арқалары.
Ерқаттың етке берген бағландары,
Гір тартып алты пұттан шалқалады.

Ғажайып сиырымның сүті артты,
Бұзауым құлан-өгіз гірін тартты.
Түйедей ту сыртына қом арқалап,
Шыға алмай өрге басып жүре жатты.

Жылқым бар сәйгүлікті қазанаттан,
Жығылмас шабуылда қазақ аттан.
Тай қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз,
Тең-теңдеп қара нарға сабаны артқан.
Қарттарым жиналысып ертеменен,
Шаттықта жүрегінде жел кернеген.
Тегештен тай жүзгендей қымыз құйып,
Алыңыз, алыңыздар, кел-кел деген.
Әңгіме-думан қызып қызғылықты,
Жатқаны ажуаласып тең-теңімен.
.........................................................
Түндігі ақбоз үйдің желпілдеген,
Осындай салтанатың бар ма сірә?
Озбасаң бүгін қалып, ертең менен.

Сәт:
Аралап барып қайттым Сіздің елге,
Екеулеп зер салайық осы жерге.
Үйінде Алпысбайдың алты бұзау,
Бірге отыр адамымен бұда да жөн бе?
Тұтасқан қотыр барлық денелері,
Әлі жоқ алдындағы шөбін жеуге.
Сыпыртып отыр сөзді Қайырбегің,
Жұмсамай мал дәрігерін емде деуге.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз