Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қалқа мен Қуат айтысы (5-бөлім)

Қалқа Жапсарбаев, Қуат Терібаев · 2 мин оқу

Айтар сөзге данасың,
Қисынсызға қалай нанасың.
«Қызыларық» колхозың,
Бір күнде арам өлтірді,
Шөп бермей тоғыз танасын.
«Суықтан ұшып өлді» деп,
Аязға жапты жаласын.
Аяздан тана өле ме,
Жылылап қойса қорасын.

Басы жерге жеткенше,
Дауылға шыбық сынбайды.
Түріңді мен де таныдым,
Енді, Қуат жырлайды.
Аузынан өлең атқылап,
Тоқтатса да тұрмайды.
Ауданыңның бастығы,
Жан екен деп барғанда,
Ешкімге мойнын бұрмайды.
Орден алған кісіге,
Тәкаппарлығы үшін беріп пе,
Естігем жоқ мұндайды.

Аты шулы ақынсың,
Аңғарып аз парықта.
Кемшілікті жасырсақ,
Пайдасы қанша халыққа.
Ленин атты колхозың,
Он сегіз қотыр танасын,
Көрсетпей бізден жасырып,
Клетке қамап қойыпты,
Осының сірә анық па?
Үйір болу дұрыс па,
Мұндай нашар қалыпқа?

Шабақ түгіл шортанға –
Бел бермейтін жайынмын.
Бес жүзден артық соқам бар,
Жүретұғын көлікпен.
Ақсудың жайын білем деп,
Сен де келдің Кировтан.
Шың басына шығам деп,
Көңіл шіркін желіккен.
Байлығың асып мақтандың,
Ақсуға жәрдем беріп пе ең?

Өлеңді өрге айдадым,
Сөзіме іс айғағым.
Бес жүзден артық соқамен
Дайын құрал-сайманым.
Дайындаған тұқымым,
Бес мың үш жүз центнер,
Шынтуайтқа келгенде,
Сөзіме бүкіл ел сенер.

Өткір болсаң қиярсың,
Мықты болсаң жығарсың,
Белдеселік келсең кел!
Жазғы егіске сақадай,
Екі мың үш жүз жетпіс бір,
Өгізбенен атым бар,
Неге айтпайсың төрелік,
Мақтанға тілің тақылдар.

Қалқа:
Баяндама бергендей,
Сөз айтайын жаңадан.
Қырық төртінші жылында,
Талдықорған, Қаратал,
Жоспар сызып санаған.
Қызылшадан өнімді,
Кем алды олар шамадан.
Кировтың қант заводы,
Үш ауданға қараған.
Сиырына «Құрақты»
Биыл келді ала өкпе.
Хабарладық кезінде,
Әуелі райсоветке.
Дәрігер келіп көрген-ді,
Кемдік деп оны дәметпе.
Анықталған соң кеселің,
Айырбастап жылқыға,
Оның да таптық есебін.
Сиыр жақтан кемдік жоқ,
Орынсыз, Қуат өсегің,
Кеше тәуір сес едің.
Онан-дағы айталық –
Кемшіліктің кеселін.
Колхозды айтсақ болмай ма?
Малды жақсы бақпаған,
Шөпті толық шаппаған,
Қар жауғанша дыр-думан,
Қораны тегіс жаппаған.
Ауданды айтсақ болмай ма?
Жоспарынан құтылып,
Себуге тұқым таппаған.
Мамандарың қайда жүр,
Өгізбен тұқым сепкенде.
Комбайнмен тоқпақтап
Шудабаев төккенде.
Қайдан келсін береке –
Бұлайша еңбек еткенге?

Сіздің Ақсу ауданы,
Қырық төртінші жылы көктемде,
Тұқымын түгел сеппеген.
Екі пұт бидай апарса –
Бір пұтын сеппей ептеген.
Он бидайдың орнына –
Жалғыз-ақ бидай көктеген.
Ақырында жоспарға,
Шыққан бидай жетпеген.
Ауыстың, Қуат мақтанға,
Комбайндарың қайда еді?
Селдіреп шыққан егінді,
Сексен үш күн шапқанда.
Қырманның түбі тақылдап,
Далада бидай жатқанда.
Тоғандарың қайда еді?
Алты ай жаздай су ішпей,
Шақылдап аңыз қатқанда.
Айдасаң жерді суарып,
Шықпай ма егін ырғалып.
Жақсы шықса егінің,
Қалар ма ең бүйтіп шырмалып?

Қуат:
Ауданымда үш МТС,
Тракторы жөнделді.
Жүз он бес саны трактор,
Жолбарыстай күрілдеп,
Жазғы егіске белсенді.
Айдайтын жерге қар үйіп,
Төкті талай көңдерді,
Мұқырыңның МТС-ы,
Бізбен қашан тең келді,
Тракторы біткен жоқ,
Айтайын көзбен көргенді.
Май айында біте ме?
Биыл егін салудан,
Босатып па еді сендерді?
Бастықтарың білмейді,
Бітсін деп көңіл бөлгенді.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз