Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сара мен Төребай айтысы

Сара Тастанбекқызы, Төребай Есқожаұлы · 1 мин оқу

Сара:
Біледі, Үйсін, Найман Сара екенім,
Жасымнан өлең қуған жан екенім.
Еліне Төребай да болыс бопты-ау,
Ығында жүруші еді Қаракеңнің.
Құда деп жігі-жапар құрметтепті,
Ауылы Тұрысбек пен Тәнекеңнің.
Жалайырлар білместен келген шығар,
Сараның бұл ауылда бар екенін.

Төребай:
Жиналыпсың шілдеге маңайыңмен,
Сараны естіп келдім, барайын мен.
Қаракеңнің ығында жүрсем-дағы
Айтысқамын қыздардың талайымен!
Арғын, Найман елімен сөзің бітсе,
Бір айқасып көрсеңші Жалайырмен.
Сен де туған анадан мен де туғам,
Бір сөйлесіп сенімен қалайын мен.
Төребаймен әуелі байқасып көр,
Шапанымды жеңілсем жабайын мен!

Сара:
Жалайыр теріс қарап ұйықтайды,
Жылылап текеметін тұйықтайды.
Жылқысын бергі шеттен қуа қашып,
Сексенбайдай батырлар иықтайды.
Күз болса, алып келіп жей береді,
Алдыңғы барған ізін суытпайды.
Жалайыр да бірталай ел емес пе,
Өзгелерді қоқаңдап жуытпайды.
Сексенбай алған болса, алаңсыз боп,
«Қалғаны сау болсын» деп ұйықтайды.

Төребай:
Ақын емен жүретін қаздай қалқып,
Сексенбайды мақтадың Сара шалқып.
Батыр деген атақтан адыра қалсын,
Момын елді жылатып жеген тартып!
Ел қорғайтын батырды мақтасаң ед,
Жөн білетін Сара едің, кеттің тантып!
Бұрынғы ата-баба мақалы бар,
Елді қортық бүлдірер, қойды – шартық!
Шетте жатқан теріні ит сүйрейді,
Сексенбайдың сол иттен қай жері артық? –
дегенде өзінің сүрінгенін түсінген Сара күліп жіберіпті де, Төребайдың үстіне ішігін жауыпты. Сонда ауыл ақсақалдарының бірі: – Жоқ, шырағым, Сара, бұл жеңіліске кінәлі сен емессің, Сексенбайдай тентекке тыю салмай отырған біз кінәліміз, – деп, Сараның шапанын жапқан екен.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз