Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бұдабай мен Айсұлу айтысы

Бұдабай Қабылұлы, Айсұлу · 1 мин оқу

Айсұлудың көп ақындарды жеңіп, ақындығы елге тарап жүрген кезінде өз елінде дәулеті халықтан асқан бір бай кісі той жасайды. Тойға үш жүздің балаларын ат жіберіп шақыртады. Әсіресе, ақын, жырауларын айрықша шақырады. Айсұлу: «Мені жекелеп шақыратын шығар», – деп, кешке дейін тойға бармайды. Кешкісін арнайы шақыртушы келмеген соң, күймесін жектіріп, тойға барады. Назданып, күймеден түспей, домбырасын шертіп, өлең айтады. Сондағы айтқаны:

Байеке, түйе сойдың, бие сойдың,
Жиналып, халқыңменен түгел тойдың.
Айтулы Айсұлудай ақыныңа
Кәнекей, бұл тойыңның несін қойдың? ―

дегенде, байдың кісілері: «Арнайы шақырамыз деп жатыр едік», ― деп, сасып қалады да: «Айсұлу, сыбағаң дайын, үйге кір», ― деп жалыныпты. Айсұлу тәкәппарланып, түспепті. Оған ешкім пәлен дей алмапты. Сонда он төрт жасар ойнап жүрген Бұдабай әлгі сөзді естігенмен, ешкім жауап қайтармағанын сезіп, көсеуді домбыра ғып ұстап тұрып, былай депті:
Байекең түйе сойды, бие сойды,
Жиналып, халқыменен түгел тойды.
Айтулы Айсұлудай ақынына
Сылынған екі өгіздің тасын қойды, – депті.

Айсұлу:
Айсұлу ақын болса, асар еді,
Шалықтап, кемерінен тасар еді.
Құдайым маған дәулет берген болса,
Балшықтан сендейлерді жасар еді.

Бұдабай оған жауап ретінде:
Айсұлу, ақын болсаң, асар едің,
Шарықтап, кемеріңнен тасар едің.
Балшықтан басқа жерді жасағанмен,
Келгенде шүкентайға сасар едің.

Айсұлу қыз күймесіне мініп, жеңілгенін мойындап кеткен екен. Ал, Бұдабай он төрт жасында осылай ақын атанған екен.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз