Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Біржан мен Шөже айтысы

Біржан Қожағұлұлы, Шөже Қаржаубайұлы · 1 мин оқу

Шөже:
Ей, Біржан, маған берші бір азды дат,
Аяңы жоқ нәрсенің бәрі де қат.
Сасық күзен секілді шақылдама,
Сенен бұрын туғанмын, тіліңді тарт.

Біржан-ау, осы емес-ті көрген жерім,
Еншалла, жаңылмаса, көрген көзім.
«Ұлмұлқұра» деген Алладан аят келді,
Соны тапсаң, сен мені жеңген жерің.

Біржан:
Жақынды алыс қылар жүрмеген соң,
Мереке қызық болмайды күлмеген соң.
«Аталы сөзге арсыз таласады»,
Шөжеке, шорқақ едім білмеген соң.

Шөже:
Әкесі Қожағұл Ақсарыға үлгі берген,
Бұл неге теріс кетсін үлгі көрген?
Арсыз болса, жанжалға салар еді,
Бұ-дағы келіп қалды даңғыл жолмен.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз