Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Майкөт пен Бөлтірік айтысы

Майкөт Сандыбайұлы, Бөлтірік Атыханұлы · 3 мин оқу

Ескі бір өткен заманда,
Қалың Алаш аманда,
Амандығы халықтың
Жақсы менен жаманда,
Жүйрік пенен қабанға,
Болып тұрған заманда.
Майкөт пенен Бөлтірік,
Қасқарау байдың асында,
Бәсеке болған тең тұрып,
«Айтыссын» деп екеуін,
Кеп қалған соң кеңшілік,
Бөлтірік ақын жас екен,
Елуге келген Майкөтке
Қарамаған менсініп.
Дулатты қолға ол алып,
«Бермеймін» деп құн айып,
Іс қылған бектер ерсілік,
Мырзабек пен Қақыке,
Құдай берген қолға алып.
Шығарды сонда Майкөтті
Ақ үйден сұрап келтіріп,
Басатұғын боп еді,
Сөзбен буып, өлтіріп.
Алпысбайға аз сөйлеп,
Жүз сом алдым еншілік.
Майкөт ақын дәуірлеп,
Кәрі бурадай күркілдеп,
Қоя берді тепсініп.

Майкөт:
Атамыз бірге туған Майқы, Қоғам,
Маңдайың Албан-Суан тайқы болған.
Албан арық болғанда, Суан – құлақ,
Ортасы ойқы менен шойқы болған.
Көп Дулат судай тасып аққан таудан,
Қызыл тіл неге үйренсе, болар соған.
Албан, байғұс, қара аттың төбеліндей,
Ешкінің құйрығындай, байғұс, Суан.

Сөйлейсің асып-тасып, жазған бала,
Көзіңе көрінбейді аспан, бала.
Дулатта кісің құны бар ма тегі,
Өліп пе еді әке-шешең астан, бала?
Сен түгіл Сүйінбай мен Бақтыбайдың
Бәпігін Майкөт ағаң басқан, бала!
Ташкенттен бергі жердің бәрі дала,
Бір Дулат – он бір үйез, ұлты –дана.
Алдыңнан Майкөт ағаң тура келді,
Көзіңді ақшаңдатпай, ашып қара.
Аңқау елге молда боп, сен, арамза
Боп жүрген бір қу екенсің бітеу жара.
Байқасаң, Албан бай ма, Дулат бай ма?
Балапан, байғұс, Албан Дулаттай ма?
Ақ қойды Құдай берген мейірімен,
Көгенін қырық күнде шумақтай ма?
Жансерке, Әтеке, Сыпатай – қажыларың,
Дулат айдап, қалаға шулатпай ма?
Асыңа алты көшіп жетейін бе,
Бір қонып, Үкқорақтан өтейін бе?
Жағалбайдың алты мың ақ тайлағын
Ауылыңның үстінен айдап өтіп,
Түйеменен таптатып кетейін бе?

Бұл Дулаттың байлығы,
Үлкен-ақ екен сайлығы.
Кешке шейін базардан,
Алып-сатар қып жүріп.
Бес-он тиын табылса,
Айрылады шайлығы.
Жұртыңның құрысын ырымы,
Күнге қурап, үзіліп,
Сеттік пенен жырымы.
Дулатқа жайлау бітпеген,
Алысқаны шыбын-ды,
Жусан менен топырақ
Құйрығына тақылдап,
Ағаштан қылған тұғыры.
Өлтірейін өлеңмен,
Ағытылды тығыны.
Қор-қор тартып, қорылдар,
Дулат иттей ырылдап.
Бозторғайы шырылдап,
Таңертеңмен тырысып,
Егіндерін қорысып,
Аспандағы Құдайдың
Торғайымен ұрысып.
Көн шалбары тырысып.
Ауызда шыққан шөп болса,
Сабындап алған ескісін.
Азарда сойып, жұлысып,
Белді бекем буысып,
Түс мезгілі болғанда,
Қара сораның түбінде
Солықтаған сиырдай
Жатады екен суысып.
Жаурынан желдіктеп,
Құр айылмен белдіктеп
«Зекет ала келдік», – деп,
«Бұл бермесең, өлдік», – деп
Алматыдағы ақ шатырдың базасы,
Ақпен басын орап ап,
Маза бермейді Албанға,
Дулаттың кезбе қожасы.
Етін қанмен көбейткен,
Үйін таммен көбейткен,
Тамның артын тағы да,
Тазаламай б... шөмейткен.
Құдай атқан қу Майкөт,
Бай болса, жұртың неге өйткен?

Майкөт:
Әулиенің үлкені –
Астананың азаны.
Бекер қайнап, піседі
Көгеріп барып, сарғайып,
Қырман шауып, нұр жауып,
Түркістан дейтін қалада
Пірлердің асқан қазаны,
Адамзаттың базары
Бабаң салған диқанды
Салық қылып оттайсың.
Құдайға болдың жазалы.
Жөнді болса, бұл өзі,
Әнбиенің ғазалы,
Кәпір болдың, бәтшағар,
Калиматин келме айтып,
Кел, тіліңді тазала!

Жиылған көп адам ары қарай айттырмапты.

* * *

Қашаған Күржіманұлы:
«...мал соңында азап шегіп, арып-ашқан Қашаған бала таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп, жата қалса, көзі ілініп кетеді. Түс көреді. Түсінде бір қара кісі келіп, баланы қолынан тартып, тұрғызып: «Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба?» − деп сұрайды. «Бергеніңді алам», − дейді Қашаған. Қара кісі қолын жайып, бата береді: «Өнер бердім, елге шаш», − дейді. Қашаған бұдан былай суырыпсалма ақын болады».*/ Күржіманұлы Қ. Топан, 5-б./.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз