Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Нұрым мен Қашаған айтысы (1-бөлім)

Нұрым Шыршығұлұлы, Қашаған Күржіманұлы · 2 мин оқу

Нұрым:
Саламатпысың, шырағым,
Алдыңа келді қарт аға.
Мүйіз шықса басыңа,
Сен талай түстің алқаға.
Тілің шешен, ернің еп,
Айтқыш деп жүр ғой сені көп.
Білмегенді білгеннен
Сұрағанның несі шет?!
Мәжіліске басы бірігіп,
Көп жиналған екен аламан.
Естуім бұрын көп еді,
Көргенім бірақ жоқ еді.
Бір-екі сөз сұрайын
Ақылға кәміл данадан.
Бала, білсең, хабар бер
Үдіргелі Хауа Анадан,
Қанша заман өтті арадан?
Дүниенің басы неден жаралған?
Жер мен аспан – бұ не зат?
Мақұлық қалай тараған?
Адам, Лаухы, Ғалам – баршасы
Неден жаралған?
Өлгенге мансұқ неше аят
Анау отыз парадан?
Мыңсуалмас, Есеттей
Көл едің айдын жаппалы,
Сен қазақтың тақтағы.
Талайға айтып жібердім,
Құр адасып қайтарды
Дым бермейтін ақымағы.
Білгіш болсаң, Қашаған,
Осыны ойлап тап-тағы.

Қашаған:
Көрген жоқ едім бұрын да,
Білмейтін едім сырыңды.
Құдай қайдан тап қылды
Сүйіндіктегі Нұрымды?
Батаңды берсең, жылдам бер,
Басқа бір жаққа бұрылмай.
Құс қарайтын еді Қырымға,
Ит қарайтын еді жырымға.
Айтқыш деп еді бұл аға,
Алады екен ғой бүгін тынымды.

Иманнан жарық болмайды
Таспихқа айтып санаған.
Жұмаққа барад дейді тергеусіз
Алласы анық қалаған.
Дүниенің басы әуелі
Меруерт тастан жаралған.
Меруерт тас еріп, су болған,
Судан түтін бу болған,
Аспан, жер содан жаралған.
Адам, лаухы, ғалам – абзал баршасы
Сол заттан дейді жаралған.
Он сегіз мың ғалам болғанда,
Үш бөлім болып тараған.
Алтауы болар жәмәдәт,
Алтауы болар нәбәдәт,
Алтауы болар айуанат.
Үш алтыны қоса ғой,
Он сегіз мың жан болад,
Білмеген адам таң болад.
Шариғат жолы бойынша,
Өлгенге – намаз, ысқат – шарт.
Нұреке, енді тілің тарт,
Көп ішінде көлденең
Туысына ұрынған
Дүниеде жаман зат.

Нұрым:
Шамданба, шайыр данамыз,
Білмеген соң бұ сөзді,
Сұрамай неғып қаламыз?!
Сен – бір қойма, дүкенсің,
Ұрулы тұрған құлыбың.
Ашарман келіп ашпасақ,
Ішіндегі тауардан
Бүгін қалай аламыз?!
Алдыңда сенің сөз айтқан
Жасы үлкен ағаңыз.
Дұшпаның емен, Қашаған,
Аяғыңнан алатын,
Қапталдан ауыз салатын.

Қашаған, саған бір сұрақ:
Екеуі жансыз, екі арам
Бейішке кім ед баратын?
Дүлдүлді мініп парлатқан,
Көпірдің шәрін қандатқан
Шәһимардан Ғалиға
Жәбірейіл келгенде,
Келіп хабар бергенде,
Неше қылыш келген екен жәннаттан?
Ніл – дарияның көпірі
Болған екен не заттан?
Көлде жүрген күмпілдек,
Судан даусы шыққан әупілдек,
Бұл болған екен қай жақтан?
Суда жүрген итбалық
Неден азған екен бұ халық?

Қашаған:
Әлеумет келсе, жиылып,
Айтқан сайын сөздерім
Келе берер құйылып.
Отырмаймын сарғайып,
Кісіден көмек сұраман,
Тілемсектей қол жайып.
Менің айтқан сөзімді
Нұреке, көрме сен айып.

Нұреке, сенің қаңқуың –
Қапталымнан жабысқан
Жақтырмайтын шаншуым.
Ұраным Қосай болғасын,
Бүйірімнің тартуын.

Бүйірім, әттең, бұрып тұр.
Амалы түскір құрып тұр.
Басқа біреу болғанда,
Маған қиын емес еді
Табаныммен тарпуым,
Ауызыммен қарпуым.
Өзім әзер жүргенде,
Қай-қайдағы пәлелерді артуын!

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз