Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожабай мен Есенбай айтысы (2-бөлім)

Қожабай Тоқсанбайұлы, Есенбай Сасанұлы · 2 мин оқу

Қожабай:
Айт, Есеке, көзіңменен көргеніңді,
Халықты сөгіп, көңіліңді бөлгеніңді.
Қарауылдың мен де білем барлық мінін,
Жүрмеңіз білмей қалып өлгеніңді.
Мені сен өлгеніңше жеңе алмайсың.
Айтшы деп өзің қайдан келгеніңді.

Сөйлесең лайықты сөзді тауып,
Басыңда толып жатыр қатер-қауіп.
Атамыз ер Сағындық елі үшін
Күнбітас қалмақ ханын келген шауып.

Солардан жетім-жесір алып келген,
Біреуін қалмақ қыздың соған берген.
Атаңа алып келіп, буаз қосып,
Көп ата Қарауыл боп содан өрген.
Сүйіткен атамыздың арқасында,
Бірталай халық болып содан өрген.
Ішінде қарт, қария жақсылар бар,
Шындығын айтар сөзін көзі көрген.
Тамсанып тұра берді жұрттың бәрі,
Адам жоқ сөзің теріс былай деген.

Қожабай, қай жеріңнен мақтанасың,
Сонымды айтады деп сақтанасың.
Өлтірген Ерденіңді егескенде,
Қалайша өлгем жоқ деп ақталасың.
Біреудің пышақ жонбас мінін айтып,
Өзіңе балта шапқан дақ саласың.
Аққошқар Сайдалы еді соны өлтірген,
Бұл сөздің шындығына жоқ таласың.
Сөзімнің құлағың сал дұрысына,
Біз де ортақ Орта жүздің ырысына.
Қалдырмай мен де бәрін ақтарармын,
Әр істі сала берме тынысыма.
Бәріміз бір кісінің баласымыз,
Барайық көпке тимей дұрысына.

Қожабай:
Есеке, не сөйлесең өзіңде ерік,
Жиналған қалың халық отыр көріп.
Аққошқар Сайдалыдан Ерденнің құнын сұрап,
Мұсаның құтылып еді жанын беріп.
Ажалы сары орыстан болып еді,
Мойныңа алып тұрсың өзің келіп.
Басында «Өлтіргем жоқ», – деп, жан беріп ең,
Махшарда отырарсың жауап беріп.
Есеке, осы жерден, дүзің қара,
Мұсаның он бес жаста жанын беріп.
Ұстаған Орта жүз еді малмен бағын,
Әркімнен өте шығар дүние сағым.

Абай:
Қожабай, сен, шырағым, жас баласың,
Бата алсаң, әр жұмысты басқарасың.
Шырағым, жас та болсаң, жол – сенікі,
Сөзіңе әділ айтқан жоқ таласым.
Есенбай, көлденеңнен қарап тұрсам,
Үш жерден бұл баладан тоқталасың.

Бұдабай Қабылұлы
«Өткен XIX ғасырдың 1880 жылы сол тұстағы Шиелі болысының волостной управителі, ел ішінде абыройбеделі артық Әйекені болыс сайлауы кезінде Тұрсынбай датқаның бел баласы Әлмембет атып өлтіреді екен. Осы қанды оқиғадан соң Арқа жайлаған Арғын жағы әйгілі Ағыбай батырдың соңына ерген қалың қолмен Сырды жайлаған Қыпшақ жағын шабуға аттанбай ма?! Сонда
Ағыбай батырдың алдынан шығып, қасқайып тұрып,
Әйекенің жоқтауын айтқан Бұдабай ақынның жырын тыңдаған әйгілі дала батыры:
− Менің інімді бір Қыпшақ өлтірсе, бір Қыпшақ
қайта тірілткен екен. Әйекенің құны осымен бітсін! – деп, кесімді шешімін айтады.
Бұрынғы замандарда ақындардың уәжді сөзін аузы уәлі батырлары осылай сыйлайды екен».*//Қабылұлы Б. Көңіл,
7-б.//.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз