Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кемпірбай мен Жәмшібай айтысы

Кемпірбай Бөгембайұлы, Жәмшібай · 3 мин оқу

Кемпірбай:
Сіз кепсіз Сүйіндіктен жеке-дара,
Тілдеспей, жиен, сірә, кете ала ма?
Нағашы, олжаңызды бөліскейсіз,
Жүргізіп ауыс-түйіс екі арада?!

Жәмшібай:
Әрине, бұл тіліңді неге алмаймын?
Тақтайға қызуланбай, ән салмаймын,
Сен айтсаң, Сүйіндіктің байлары көп,
Қолымнан Өтебайды бере алмаймын.

Кемпірбай:
Бермеймін, топтан топай жаңылсам да,
Бармаймын Сүйіндікке сағынсам да,
Сөзіңді байқап сөйле, қаңғырған құл,
Алармын Өтебайды не қылсам да!

Жәмшібай:
Омырауын қарашы Кемпірбайдың!
Бұйрығын ойламайды бір Құдайдың.
Ұйықтатып тастамасаң Жәмшібайды,
Қолымнан Өтебайды бере алмаймын.

Кемпірбай:
Алдына Жиреншенің Көсе барған,
Жұмбағын Жиреншенің шеше барған.
Жылында төрт келесің, антұрған құл,
Еліңе бұл Кемпірбай неше барған?

Жәмшібай:
Әрине, осыны айтады сасқан кісі,
Еліме қорғалайды қашқан кісі.
Бұл түгіл, Карсон-Керней тағы барам,
Өнері қайтушы еді асқан кісі?

Кемпірбай:
Еліміздің ұраны – Шаншар, Абыз,
Өткенде қырық күн шілде түсер тамыз.
Сөзіңді байқап сөйле, қаңғырған құл,
Ауызға қойып қалып, қан қылармыз.

Жәмшібай:
Еліңіз ұраны, рас, Шаншар, Абыз,
Өткенде қырық күн шілде түсер тамыз.
Ежелгі күңнен туған Қаракесек,
Қонышындай көн етіктің қайқаймаңыз!

Кемпірбай:
Қандай кеңес табылмас Кемпірбайдан,
Таза тілек тілеймін бір Құдайдан.
Сүйіндік алда қашан бұзылған елің
Ең әуел Оспан, Табан ішке айдалған.

Жәмшібай:
Төрт ерің мынау барып Семей жатқан,
Азырақ арам еттің дәмін татқан.
Қасқырды Қақабайдай қайда көрдің,
Төрт ерін бірдей матап, жерге сатқан?

Кемпірбай:
Сөзіңді байқап сөйле, Жәмшібайым,
Екі ақын маңайласса, айтар қайым.
Екі кісі бас қосса қылады ұрыс,
Іштен жынды туыпты Бақтыбайың.

Жәмшібай:
Басында бәйтеректің балалы құр,
Әй, Шаншар, мен сөйлейін, мойыныңды бұр.
Аузыма айтар сөзім келіп отыр,
Қайтейін, қарсы алдымда Қақабай тұр.

Қарсы алдында Қаракесек Қақабай атқа мініп тұрған соң, тентек адам ұрып жібере ме деп, Жәмшібай сескенгенде, Бақтыбай ақырып тұра келіп, «Аянба, Қақабайды мен көрейін!», – депті.

Сонда Жәмшібай өлеңін қайта жалғай жөнеледі:
Мінгенім дайын менің алқаракөк,
Мен жалғыз бұл ортада, ел Шаншар көп.
Асында атасының ұрыс қылған,
Ұл туса, атын қойма Қақабай деп.
Қақабай Кемпірбайдың жеңілуге айналғанын сезіп, Жәмшібайды басқа қамшымен салып жіберіпті. Бақтыбай тұра сала, Қақабайды басқа тартып, аяғы үлкен төбелес болып тарқапты.

* * *
ҚожабайТоқсанбайұлы
«Қожекеңнің дауысы тың жерден жарып шыққан
бұлақтай тыңдаушысын таң қалдырады екен. Біраз айқайлап, күш жинап алған ақынды тоқтату қиын
көрінеді. Ол өлең сөзден маржан терген ақын ғана емес, аузымен құс ілген әнші болғанға да ұқсайды. Бұған таң қалуға болмайды. Өйткені, өз басым шын ақынның бойында барлық өнердің бүршігі болады деп ойлаймын.
Кезінде Болекең күй тартатын. Мұны «Әкемнің
күйлері» деп отыратын. Ал, Қожабай асқан күйші, сыбызғышы, үлкен атасының тәрбиесінде болған.
Кез келген айтысында Болман ақынның мақамы
басқалардан басым тұратын. «Мен әкемнің әуенімен айтамын», − дейтін Болекең. Аздап толғап-толғап, үн шақырып алып, таудан аққан бұлақтың екпініндей термелете айту көрерменін елітіп әкететін. «Барлық айтысты неліктен бір әуенмен айтасыз? Құбылтып, өзгертуге болмай ма?» − деп сұрасам, «Нүкеш-ау, әкемнің әуенін тастасам, бойымдағы бар құдіретімнен айырылып
қалатындаймын. Осы әуенге салған сәтте көкейге жыр толып, тілім де өзінен-өзі сайрай жөнеледі», − деуші еді қайран Болекем.* //«Бізге де сөйлер кез келді...», 5-б./

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз