Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлжабай мен Айнабек айтысы (2-бөлім)

Құлжабай Төлеуов, Айнабек Нысанов · 2 мин оқу

Жүрсең де көп аралап совхоз ішін,
Алға басып жүрген жоқ ешбір ісің.
Сіздерде мал шығыны тым көбейді.
Етіне қуанасың тисе тісің.
Кемшілікті жоюға көмектеспей,
Жүрмісің өзіңнің бас пайдаң үшін.
Төрт түлік өскен малдың жыл ішінде,
Өлтірдің төрт жүз сегіз мүйіздісін.
Малдан өлім беруге бағытталған,
«Үгіттің» тауып апсың тиімдісін.
Дәм татқан ауылының жайын білем,
Қалайша совхозға сен сыйып жүрсің?

Тағы да бір сын айтсам шошынбағын,
Көбейді ауданыңда қотыр малың.
Үгітшілік ісіңмен сиыса ма?
Қотырды емдеп алмай отырғаның.
«Тым сезгіш» ақын болсаң енді бүгін,
Білмейсің таудан үлкен бойда-ай мінің.
«Калинин» совхозыңыз екі мың қой,
Аз уақыт ішінде берді шығын.
Мал саны ауданыңда көп болған соң,
Бұл шығын, тұр ма әлде болмай жұғын.
Жылқыдан алты жүз бас кеміп кетті,
Мұны айтуға келгенде шықпайды үнің.
Соңғы екі айда екі мың қойың өліп,
Күн санап малдың басы жатыр кеміп.
Осындай кемшілікті неге айтпайсың,
Жүрсең де үгіт айтып көзбен көріп?
Жапсырмай шындықты айт, бұрмалама,
Отырмын сөз кезегін саған беріп.

Құлжабай:
Бес түлік малым қаптады,
Ен даланы ендеген.
Қой, жылқы, түйе, сиырлар,
Бағылад бөлек фермамен.
Жер қайысқан қойым бар,
Зор байлық бұрын көрмеген!
Облысқа айқын ауданым,
Жерім жоқ мұны өңдеген.
Қаракөл, мәліш, меринос,
Егізден бұлар төлдеген.
Семіз егіз туады,
Өседі малым төлменен.
Сегіз мыңдай жылқым бар,
Асылсыз тұқым кемде-кем.
Шапса жерді қусырған,
Ұшқандай мысал желменен.
Сары қымыз тасып сабадан,
Аурулы жанды емдеген.
Сегіз мың бас сиыр бар,
Желінін сүті кернеген.
Сиырдың сүті тілінде,
Тұрамыз сауып дембе-дем.
Екі мың бас түйем бар,
Астаудай қомын теңдеген.
Аяқты күшті жануар,
Түйені қазақ піл деген.
Сегіз жүз бас шошқа бар,
Бұрында Созақ білмеген.
Осындай байлық тұрғанда,
Қаламын тоқтап мен неден?!
Сөйлесін біраз Шаян да,
Жарамас кезек бермеген.

Айнабек:
Құлжабай, сенен міне, кезек алдым,
Тағы да жерді мақтап әнге салдың.
Құм мен Шу менікі деп мақтанасың,
Бұларды меншіктеніп қайдан алдың?
Ал, інім, түсіндіріп айтшы маған,
Құмның сен қай байлығын пайдаландың?

Орылмай құрақтарың қурап кетті,
Ақын болсаң бұл кезде қайда қалдың?
Табиғат әсемдігін жырлағанша,
Алдымен ойлау керек қамын малдың.

Сіздерде орылмайды неге қамыс,
Емес пе қамыс жайы сізге таныс?
Қамыстан берік қора жасалатын,
Шыққанын білмедің бе жаңа әдіс?

Құлжабай:
Созақтың табысы мол таңырқарлық,
Жеткізген бұл табысқа батыр халық.
Екі мың үш жүз жетпіс шопаным бар,
Қоғамдық бес түлікті жатқан бағып.
Ерлерім еңбек сүйгіш, ерінбейді,
Съездің қаулысымен қаруланып...
Сондықтан өткен жылы төл алуды,
Біз бір жүз үш процент орындадық.
Екі жүз процентке шошқа жетті,
Бұл жағдай халқымыздың бәріне анық.
Мал қыстау жөнінде де біздің аудан,
Қазір тұр облыстың алдын алып.
Артезьян жиырма екі құдығым бар,
Атылып аспанға суы жатыр ағып.
Қай түрлі шаруашылық болса-дағы,
Алдыма көргенім жоқ аудан салып.
Белгілі қатар жатқан Шаянсың ғой,
Айтыста тоқтатасың мені нағып?
Жай беріп жайлауымнан әр жыл сайын,
Беремін қырық мың қой өзім бағып.
Берейін сөз кезегін Шаяндыққа,
Айнеке, сен де сөйле қанат қағып.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз