Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Насыр мен Қалмахан айтысы (2-бөлім)

Насыр Жарымбетов, Қалмахан · 2 мин оқу

Насыр:
Жығылған күле ме екен сүрінгенге,
Бұрын сізден бұл мінез білінген бе?
Адамды арақ ішкен қалдырмастан,
Жазып алып келіпсің тізіміңе.
Күлуге бұған сенің орының жоқ,
Мұндай іс болған жоқ па сіздің жерде?
Ішуден Шаяндық та кем түспеуші ед,
Келгенде салыстырып бірме-бірге...

Қалмахан:
Жауапқа жауап берем, Насыр ақын,
Жөнің жоқ артық сөйлеп тасынатын.
Кемшілік ауданыңда толып жатыр,
Әдетің бар кемдікті жасыратын.
Сын айтсам мойындамай жалтарасың,
Байқаймын Созақта жоқ өзара сын.
Келтірген конференция фактілерін,
Қалайша өтірік деп айта аласың.
Сұрасаң Қоспанбетов өзі де айтар,
Әділін айтылған сын байқағансын.
Терлерсің, қызарарсың, мойындарсың,
Ақыры уәж таппай шаршағасын.

Насыр:
Сегіз мың жылқымыз бар өрістегі,
Өлеңім оны айтпасам келіспеді.
Майда жал, күміс құйрық кілең тұлпар,
Жел ескен сағым қуып желістері.
Шілдеде сазына бір бие байлап,
Сапырып сары қымызын ел ішкен-ді.
Баладай екі өркеші – шөл кемесі –
Түйем де басқа малдан кем түспеді.
Шошқаны біздің аудан мол өсіріп,
Жағдайын жануардың тегіс білді...

Қалмахан:
Насыр-ау, ер тумайтын ел бола ма,
Байлықсыз, қазынасыз жер бола ма?
Ер де бар, ер еңбегі табыс та бар,
Созағың бірақ бізге тең бола ма?
Ал сана, жетпіс мектеп, жиырма клуб,
Созақта мектеп, клуб кем бола ма?

Совхозың Энгельстің атындағы,
Кемшілігі түзелмей артта қалды.
Малшылар уақтылы айлық алмай,
Басшыларға ренжіп жатыр әлі.
Көрсе де көрмегендей бүркемелеп,
Созақтың неге айтпайды ақындары?

Жұмыс көп ауданыңда нашарлаған,
Сын емес кемшілікті аша алмаған.
Факті – сол Шолаққорған селосында,
Асханада тазалық жасалмаған.

Сондай-ақ мәз емес қой клубтарың,
Кетпейді есігінен құлыптарың.
Ауданның басшылары көрмей жүрсе,
Мұны да айта барғын – ұмытпағын.

Насыр:
Қалмахан, қуанамын, келгеніңе,
Тағы да сөз кезегін бергеніңе.
Байқап ем малдарыңның жағдайларын,
Аралап анау күні келгенімде.
Қалмахан, енді сырды ақтарасың,
Тексеріп кемшіліктің ақ, қарасын.
Колхозда Ленин атты төлің нашар,
Өсе ме өздігінен бақпаған соң.
Ақындар шындық сөзді безбендеді,
Айтады нақты-нақты көз көргенді.
Бар кеңсе орналасқан бір мешітке
Ол неге осыншама өзгермеді?
Шаянның бір әдеті нашар екен,
Тұрады кеңсе етіп кез келгенді.
Кірпіші бір жағының құлап жатыр,
Отырмын ескерткелі сіздерге енді.

Қалмахан:
Айнасы ауданыңның газетің бар,
Дейсің ғой онда қанша қажетің бар.
Қатеден аяқ алып жүре алмайсың,
Немене, сауатсыз ба жазатындар?
Тұрғанда солай болып баспа орының,
Мәз ғой деп мақтамағын басқа орным.
Одан да әділ сынды мойныңа алғын,
Келмесе жеке мүдде – бас қорығың.

Ойлама артық сөйлеп жалынды деп,
Отырмын кемшілікке жамылғы боп.
Осымен айтысты енді тоқтатамын,
Созаққа сәлем айтқын жалынды көп.
1957 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз