Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Болман мен Нұртаза айтысы (5-бөлім)

Болман Қожабайұлы, Нұртаза Айранбайұлы · 3 мин оқу

Ал енді кезек бердім отағасы,
Қайнаған асыл тастың босағасы.
Көрдіңіз көп алдында шабысымды,
Қытықтар көңіліңді осы арасы.

Болман:
Ақыным, жармаспаңыз көрінгенге,
Сынастық көп алдында сен де, мен де.
Оқия оқшау тұрған мініңді айтса,
Аласың кәдімгідей көңіліңе.
Өзіңнің шапса түспес мінің тұрып,
Жығылған күлед деген сүрінгенге.
Майданда ерім орнын басып қызым,
Ерліктің нұсқаулары тегіс менде.
Екі етпейт тапсырмасын үкіметтің,
Тегеуріні темір үзген шіренгенде.
Маман ғып жергілікті кадрларды,
Шашубай, Кеншінбаймен айтысқанда.
Қоңырат, Балқаш пар келмеген біздің кенге.
Қанша ма қайраттанып салысқанмен.
Кім жетет Сарыарқаның кіндігіне?
Әр шахтам әр зауытты қамсыз етед,
Тұтасқан қымбат тастан алып дене.
Тойына Қазақстан шашу етіп,
Асыл тас үюлі тұр төбе-төбе.
Бесжылдық запасымды қойдым жиып,
Сен түгіл асып тұрмын әркімнен де.
Сен болсаң бір қанатым менің ұшар,
Қалдырмай кемісіңнің бәрін жөнде.
Адамға есептесем еңбек күшін,
Жетеді процентім екі жүзге.
Туғызып күшті қарқын жарыспенен,
Планым екі есе асты осы кезде.

Мен саған осы кезде жеткізбеймін,
Көлденең алдымнан бір өткізбеймін.
Дайындал барың болса ақын інім,
Көрерміз күшің болса жылға дейін.
Бес жүзден Стаханов асып түсед,
Ерлік күш еңбегіне туған бейім.
Санасаң ударнигім мың жарым бар,
Асады үш мыңнан да жеткіншегім.
Беремін уәдемді көп алдында,
Ілгері асып түсем қалмай кейін.
Сен-дағы жетем десең уәдеңді бер,
Анықтап ел алдында мен көрейін.

Жүрмеңіз осы шартты серттен тайып,
Өнімді көбейтейік қанат жайып.
Марганец Жезқазғанның кіндігі бір,
Табыспен өркендейік тағы ұлғайып.
Тоқтамай толқынына өте шыққан,
Моторлы жеткізбейтін мен бір қайық.
Жезқазған атағы зор әлемді алған,
Арқадан шыққан алып құлаш жайып.
Сен маған жетем десең туғыз қарқын,
Сөзіңді баян етші жұртқа лайық.

Нұртаза:
Қарсы алам бұл сөзіңді, ақын аға,
Артық-кем істеріңе бердім баға.
Ертеден көпті көрген көнем едің,
Мен сенің бір өңірің алтын жаға.
Қатардан екеуміз де артылайық,
Досқа күлкі, дұшпанға болмай таба.
Мен-дағы кішілікпен құрмет еттім,
Істерлік айтқаныңды келсе шама.
Бұл күнде процентім бір жүз болса,
Серт осы бұдан былай көпке бала.
Еңбек қолы көрініп әр қырынан,
Халқыңның мейірі қансын тамашаға.
Табыспен тамашадай басты қоссақ,
Алдында еліміздің жарасады.
Келмесем келешекте мол табыспен,
Ініңе сол уақта талас, аға.
Өзіңе осы күнде жетіп қалдым,
Ініңіз әлде болса аласа ма?
Сұраймын сіздің тағы асуыңды,
Елдерің жарысуға жараса, аға.
Бұл намыс екеумізге бірдей нәрсе,
Азамат ұяты бар білсе сана.
Шашубай, Кеншімбаймен тағы айтысса,
Болармыз аса алмасақ шын масқара.
Планды сол себептен көтерейік,
Жырласын ақын шығып мұнараға.
Алдына шығамыз деп өндірістің,
Халықты сендіреміз ұғадаға.
Алдында кеншілердің оттай жайнап,
Қонады сол уақта тұғырына.
Арқаның бұлбұлындай ақын сайрап,
Кейінгі жас ұрпақтар қолын соғып
Елімнің табысына алақайлап.
Арттырып Жезқазғанның абыройын,
Ерлерім тауға шығар күліп-ойнап.
Табысты жаңа жылда бір көрсетсек
Жеткенше сайлауымыз ойын тойлап.
Жемісті алма біткен ағашындай,
Басына Алатаудың шықсақ бойлап.
Мен жеңілдім, айтыста сіз жеңдіңіз
Ал, аға, бердім сөзді басты байлап.

Бетіне Жезқазғанның жан келмеген.
Егессе ел намысын жібермеген.
Балқашты Қоңыратпен бірдей жерге,
Түбінде тең шығармын сеніменен.

Ал, аға, қолыңды бер үлкен жасың,
Екі алып мұнан былай қарқындасын.
Арттырып күннен-күнге табысымды,
Еңбекті екі есе етем байлап басым.
1945 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз