Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлманбет пен Бала Ораз айтысы (2-бөлім)

Құлманбет Жамансарыұлы, Бала Ораз · 3 мин оқу

Жиенбет кез келген соң:
– Жүйрігім, сөйле! – деген соң,
– Айт! – деп, рұқсат берген соң,
Астана жұртты көрген соң,
Көп ішінде көтеріп,
Біразырақ сөйледім.
Ашулансаң, нарыңды ал,
Назарыңды аулақ сал.
«Қолыма тиген олжамды,
Ұсынбай кетпен» деп едім.

Құлманбет:
Мен жиырмаға жасым жеткен соң,
Талай да жерде сөйледім.
Берендей безеп тілімді.
Сөйтіп, шалқып жүргенде,
Қазаққа даңқым білінді.
Мен кешегі күнімде,
Бір қазақтан кем бе едім?!
Бір қазақтан кем болсам,
Таз баласы, сынарсың,
Өшіріп таста үнімді.
Енді айтайын шынымды,
Жасырмайын мінімді.
Мен желігіп кеткен соң,
Ораз түгіл, Қаратаз,
Бәріңе бермен тынымды.
Тынымды неғып берейін,
Жас алпысқа келгенде,
«Жолымды берді» деген соң,
Кәрілігім білінді.
«Енді айрылман» деп тұрмын,
Шамам келмей қалмаса,
Жез қармағым ілінді.

Мен жиырмаға жасым жеткен соң,
Талайға айқай салғанмын.
Ел сыйлығын көп көрдім,
Аллаға жоқ-ты арманым.
Айриып атқа мінген соң,
Арқадағы алты Әлім,
Желкедегі Жетіру,
Он екі ата Байұлы,
Аспанның астын шарладым.
Шарлап жүрген жерімнің,
Өңгесін айтып нетейін,
Осы Таздың ішінен,
Көргенімді-ақ айтып өтейін.
Біздің Таздың ішінде,
Ағасы еді Жастабан,
Жастабанның ішінде,
Артық еді Байсары.
Байсарының ішінде,
Алашқа аты жайылған,
Төремұрат, Өтендей
Ерлер еді-ау қайсары.
Олар кетіп қалған соң,
«Ендігі мынау заманға,
Дәулет біткен малдысы,
Қабылдың ұлы Игібай,
Қуанышұлы Тайжан» деп,
Айтушы еді жайсаңы.
Екеуі бірдей той қылды.
Екеуінің тойынан,
Көрген істі айтайын.
Екеуі бірдей той қылды,
Отырған жерін ой қылды.
Жастабан мен Шарғаның
Барғанын етке тойғызды.
Екеуінің тойына
Қабатыменен барғанмын.
Түніменен жыр айтып,
Жалғыз шапан алғанмын,
Ұяттан шаршап қалғанмын.
Екеуінің тойына,
Қабатыменен барған соң,
Жалғыз шапан алған соң,
Мен Жастабанның несін мақтайын,
Ретін мұнан барладым.

Енді Шарғаның жайын айтайын:
Сегіз арыс Шарға да
Біздің Жиенбеттің құдасы,
Шотаннан басқа байың жоқ,
Мен білмейтін жайың жоқ.

Мына жақта той қылды,
Сағыз деген бір судың,
Тоғайына тығылып,
Елден бөлек шығынып.
Той қылатын ойы жоқ,
Тойға сойған қойы жоқ.
Жиенбеттен барған бір бие,
Отау жабар қылғанда,
Асқан етке таласты,
Бұлар да жолдан адасты.
Қылыштарын суырып,
Заманасын қуырып,
Көшбайдың ұлы Құлнияз,
Көбентайұлы Жанияз,
«Өлтірем» деп дүбініп,
Етке тоймай, ырылдап,
Ездігі тұрды білініп.

Кешегі бір уақта
Біздің алты Абдалдың баласы,
Бұландай бұттап күн көрген,
Бір-бір тарлан атпенен,
Тәңір берген бақпенен.

Сонда мына «Шарға» деген ауылдың,
Бірқатары жарлы еді,
Сонау Үйшікті бағып отырған,
Қараша үйді толтырған.

Замана тыныштық болған соң,
Пірказшік болып бай болды.
Бай болғаны бар болсын,
Бағанағы жарлылығы,
Есіне түсіп, осы күні кез болсаң,
Бірдеңе айтып, мақтасаң,
Мына отырған Шотандар,
Бетімізден шармай алады,
Иттен бетер қабаған.
Әкесіне дәулет біткен соң,
Көзі де болса, қорыққан жоқ,
Көңілі де болса, торыққан жоқ.
Осы күнгі Шарғалардың жас жігіті,
Бәрі де көңілді туыпты шабаған.

Шабағандығын айтайын,
Кешегі енші бергенде,
Сағыз судың бойында,
Бір тоқтыға таласып,
Мына тұрған Боранбай,
Сексенге келген Шотанды,
Жусанға сүйреп, сабаған.

Тілеп алған баланың,
Құрметі сол болса,
Шарғалардың қатыны,
Ұл таппай-ақ тастапсың,
Қасқырдайын күшіктеп,
Әр шұқырдың ішінен,
Өздері-ақ өрсін даладан.
Шарғадан есті туған жоқ,
Нысанбекке неге айтпасқа,
Қалыңдығын әркімнің,
Күйеуге бермей, үйіне
Қартайғанша қамаған.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз