Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұрат пен Жылқышы айтысы (1-бөлім)

Мұрат Мөңкеұлы, Жылқышы · 2 мин оқу

Мұрат:
Жылқышы, сөз сөйледің бала жастан,
Өнерің он жасыңнан судай тасқан.
Жиылып, үш күн сені іздеп жүрдік
Басыңа сын емес пе мұнша қашқан?
Күнінде бел қаңтардың жұртты иіріп,
Құл, сенің жаныңды алып, қаның шашпан.
Ойласам, дүниенің бәрі жалған,
Жалғанда пенде бар ма өлмей қалған?
Көрмеген атаң базар, қазан ұстап
Анаңыз жүрекжарды бәйгіге алған.
Сөйлесе, сөз өнеді көкіректен,
Бай – шешен, балуан – албырт, батыр – өктем.
Мініңді бетке айтты деп өкпелеме
Дәулеттің айыбы жоқ басқа біткен.
Алқаға қорғалақтап, кіре алмайсың
Анаңыз жүрекжарды топқа тіккен.

Жылқышы:
Шырағым, рас болар, айтқаның шын,
Тағы да тауып айтсақ, табылар мін.
Мен неге айтар сөзге қорғалайын
Ойықтың тізгін үзген бұлбұлымын.
Атасын түгел жұрттың болсаң білгіш
О, бала, некелі кім, некесіз кім?

Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл – су саласы,
Саланың ел жайлаған маң даласы.
Атасын түгел жұрттың болсаң білгіш,
Некесіз Байұлының қай баласы?

Мұрат:
Жылқышы, ақын болсаң, сен де мендей,
Басыңнан дүния өтер соққан желдей.
Атасын түгел жұрттың менен сұрап
Жүр ме едің әлі күнге алқа көрмей?

Садаққа жарасады сырлаған оқ,
Қаулаған екі жағым қып-қызыл шоқ.
Атасын түгел жұрттың менен сұрап
Сен менен соң тудың ба, Тәңір ұрған, боқ.
Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл – су саласы,
Саланың ел жайлаған маң даласы.
Ағасы Алтын-Жаппас енші берген
Белгісіз Байұлының жоқ баласы.

Жылқышы:
Шырағым, сөз сөйледің таласып-ай,
Кетпедің нысанадан адасып-ай.
Ерегіс екіталай жер болғанда
Беріштің неге жеңбейін баласын-ай?
Алқада сөз сөйледім шешіліп-ай,
Өкпеңнің таң қаламын тесігіне-ай.
Бір ауыз ақын болсаң, сөз сұрайын
Алшынның кім қаңғырған есігінде-ай?

Мұрат:
Жылқышы, сөз сөйледім таласып-ай,
Кетпедім нысанадан адасып-ай.
Кісіге өп-өтірік жала жауып
Тумыштың жалақорын қарашың-ай.

Ағатай ― біздің арғы ұранымыз,
Беріште Қаратоқай тұрағымыз.
Бәйгіге дәмеленіп тосып тұрған
Бір елдің біз де өзіңдей шұбарымыз.
Ойыңда барың болса, қалдырмай айт,
Жеңіспей, енді бітпес құмарымыз.
Бұл сөзді мен айтамын жоқтан бардай,
Жігіттің сұлу сүйген көңілі дардай.
Өтіпті Атақозы, Өмір, Темір
Бірінен-бірі өтеді ақ сұңқардай.
Алыпты айыбына алпыс қызды
Сібірге барып келіп батыр Мыңбай.
Сол күнде отыз екі қыз беріпті
Жылқышы, атаң сенің мал таба алмай.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз