Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бала Ораз бен Жібек қыз айтысы (2-бөлім)

Бала Ораз, Жібек қыз · 2 мин оқу

Бала Ораз:
Сәлеміңді, апа, айтайын,
Байұлы деген еліме.
Байұлының ішінде,
Асық болып жүр ме едің,
Төремұрат, Нарынбай,
Өтен сынды еріме?
Ынтық болып жүр ме едің,
Қонысымды көруге,
Адай деген еліме?
Сол Адайдың мекені,
Тауы – күміс, тасы – алтын
Маңғыстаудай жеріме?
Абайлап, сөйле, апеке-ай,
Жетісіп қалдың қай жерден,
Байұлының баласын,
Айтысып, бүгін жеңуге?
Сізбенен, апа, барайын,
Сіздің ауыл қай ауыл,
Сонау көрінген ағаштан бері ме?
Келе ме шамаң, апеке,
Ініңді сөзбен жеңуге?
Апа, саған мол жатыр,
Байұлының мәнісін,
Бастан түгел білуге.
Мен «Бақай!» да, «Бақай!» дегенде,
Қазаққа олжа салғанмын,
«Қаратаз!» деп шапқанда,
Дұшпаннан теңдік алғанмын.
«Бекет!», «Бекет!» дегенде,
Белгілі болып жүргенмін,
Түрікпен туын жарғанмын,
Талай байрақ алғанмын.
«Ағатайлап» шапқанда,
Ханнан теңдік алғанмын.
«Бәйтерек!» деп шапқанда,
Бәйгіден гулеп келгенмін.
«Шағырай!» деп шапқанда,
Жеті атаңыз – Жетіру,
Жетеуін де басып, жеңгенмін.
Мен сөйтіп жүргенде,
Естіп пе едің, апеке,
(Құдай да оны қош көрмес)
«Қаратаздың баласын,
Жетірудың қартайған,
Кәрі қызы жеңді» дегенін?!

Жібек:
Талабың таудай жас бала,
Қылайын сені масқара!
Көрінген сонау қос қара,
Онан бері бір қара!
Сол мұнартып көрінген,
Әбітім мен Рабай,
Екеуінің ағашы-ай.
Сол ауылға тойға кел,
Қылайын сені тамаша-ай!
Айдалада керісіп,
Босқа, шырақ, тұрмалық,
Ес білмейтін балаша-ай!
Ешқашан келіп көрген жоқ,
Байұлының маған шамасы-ай!

Бала Ораз:
Жаңағы сөзің ішінде,
«Анау – менің ауылым» деп,
Тойға мені шақырдың,
Шақырған тойға барармын.
Тойға тіккен жүлдені –
Ту көтерген байрақты,
Апа, жығып алармын!
Ерегесіп келгенде,
Қалайша сенен қалармын?!
Өзіңе қолды салармын!
Жаңағы бір сөзің ішінде,
«Бедеумін» дедің, апеке-ай,
Бедеу болсаң – байталсың,
Әрі-бері шабарсың,
Көрінім жерге барасың,
Көрінімнен асқан соң,
Біразырақ шапқан соң,
Төн-әу бір жерге барған соң,
Байтал болсаң, апеке-ай,
Бота салған түйедей,
Сорқылдап, апа-ау, қаларсың.
Құлын салған биедей,
Төмендеп, апа, қайтарсың.
Байұлы бала сөйлесе,
Тәубеңді сонда айтарсың.
«Айтысқан екем бекер» деп,
Басыңды, апа, шайқарсың.
Сен бедеу болсаң, апеке,
Жазғытұрым болғанда,
Үйірге анау барарсың.
Дәл тоғыз ай дегенде,
Жирен қасқа құлын табарсың.
Анау ұлы тойыңа,
Байұлының барса баласы,
Байрақты қайтіп аларсың?
Абайлап сөйле, апеке-ай,
Тазша балаң барып сөйлесе,
Әшкере болып сол тойда,
Сен жүзіқара әбден боларсың!

Қыздар кеткен соң Бала Ораз әлгі ауылға барады. Сол өңірден Жетіруға келін болып түскен Байұлы елінің бір қызын тауып, Жібек ақын туралы хабарға қанығады. Байұлының қызы оған былай дейді: «Сен бұл кәпірді жай сөзбен жеңе алмайсың, талайлардың тауын шаққан ол. Жеңетін бір жолы ғана бар: Жібек – татардың бір саудагерін оңаша қонақ қылып, одан қама бөрік пен қызыл тон алған ұятты іске шатылғаны бар қыз. Соны айтқанда ғана жеңесің. Бірақ оны айту үшін әуелі ауылдың ақсақалы әрі әкімі Әбіттен рұқсат сұрап алмасаң, тағы болмайды».
Келесі күні Бала Ораз той болып жатқан Рабай – Әбіт ауылына қасындағы жолдасын ертіп барады. Жібек қыз оны көрген бойда алдарынан шығып, сөз бастайды:

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз