Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бала Ораз бен Алма қыз айтысы

Бала Ораз, Алма қыз · 2 мин оқу

Бала Ораз:
Жүрмісің аман-есен, Алма шырақ,
Мысалы бақшада өскен бала құрақ.
Ен дала – сақарада болдың душар,
Болады қай ауылда сіздің тұрақ?

Алма:
Япырау, біле кеттің, атым – Алма,
Ұқсаған ажарым бар жазғы талға.
Сұрадың ауылым мен тұрағымды,
Ізденіп, таппай жүрген жоғың бар ма?

Бала Ораз:
Жоғым бар іздеп жүрген, адам таппас,
Ондай зат отқа күйіп, суға батпас.
Мысалы, бақшада өскен қызыл гүлдер,
Кімдердің жүрегінің отын жақпас?!

Алма:
Бітімі мына сөздің болды қиын,
Талайды көріп едім, талай жиын.
Жоғыңды жұмбақ етіп жасырдың-ау,
Адам ба, қымбат па екен болар бұйым?

Бала Ораз:
Айтсайшы өзің ойлап керегімді,
Бұл сөзге білмедің-ау не деріңді?
Адам ба, бұйым ба деп күлімдейсің,
Тұр ма екен ішің біліп жеңерімді?

Алма:
Қорықпа, жеңілмеспін сенен, жолдас,
Кім бар деп, аспайламай, маған қолдас.
Қыз еді іздегенің, айтпас едім,
Қыз іздеп, таппай жүрген жігіт оңбас.

Бала Ораз:
Сен едің көздің құрты – қызыл алма,
Үзіліп, жерге түссең, пұлың бар ма?
Осы күн сүйгеніңе өте кеттің,
Ертеде азар алғамын қызыл нарға.

Алма:
Қыз тегін болса жүрсің неге іздеп,
Аулыңда жата бермей, елді кезіп?
Келдің де ен далаға айттың өлең,
Айтуға тура келді «Көргенсіз» деп.

Бала Ораз:
Мен едім ауылымда ақын бала,
Көп жүрдім қызарғанға көзім сала.
Бұл сөзді көргендіктен айтып па едің?
Ойлашы өзің енді есіңе ала.

Алма:
«Едім, – деп, – мен өлеңші» мақтанарсың,
Көзіңе көрінгенге бас саласың.
Меніңше, қыз іздеуің дұрыс емес,
Қарасам, ажарыңа жас баласың.

Бала Ораз:
Япырым-ау, үлкен бе едің, Алма апа-ау,
Сөзіме менің айтқан бар ма татау?!
Өнебойы сақа жігіт іздей бермей,
Болар-ау жастардың да керек заты-ау.
Мінеки, менің жасым он жетіде,
Қиялап шыға алмадым ел шетіне.
Неғылған сөзге жетік адам едің,
Тигіздің шаң тимеген, жел бетіңе.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз