Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлмамбет, Түбек, Тезек айтысы (2-бөлім)

Құлмамбет, Түбек Байқошқарұлы, Тезек Нұралин · 3 мин оқу

Абылай аққу еді өрге жүзген,
Секілді ақ балапан көлге жүзген.
Дәулеті Абылай хан қонғаннан соң,
Ағыздың сүттен бұлақ іргеңізден.
Сайтанның кесірленіп тілін алсаң,
Бақ, дәулет айрыларсың дүниеңізден.

Ішінде көп ағаштың екпе алмадай,
Дабыспаз жігіт едің көк қарғадай.
Дәулеті Абылайдың қонғаннан соң,
Кетіпсіз Құдайды да ойға алмай.
Дабысың тау көріктей гуілдеп тұр,
Сартылдар қылған ісің төс балғадай.
Тартасың аяғыңды, хан Тезегім,
Тұрғанда бақытың борап жауған қардай.
Түбекті кеп отырған көремісің,
Алдыңа Түбек келді шөккен нардай.
Бала емес Түбек саған анау-мынау,
Аруақтың ескі құры, аты дардай.

Түбекті кеп отырған көремісің,
Жігіттің ұшқындаған желеңісің.
Құтылып оқталғаның кетпейтұғын,
Адамның қара сырттан берені сен.
Сөзіңді жақтырмаған естімейтін,
Құлақсыз заманның кереңі сен.
Жұтса да, дүниені тоймайтұғын,
Жалмауыз, бұл дүниенің тереңі сен.

Үш жүзден асқан Түбек келіп отыр,
Бір нәрсе бұл Түбекке беремісің?

Қисыққа барып келдім, тоғыз алып,
Қарғап па сені Құдай одан қалып?
Төре емес, құл да берді алты тоғыз,
Бересің он тоғыз қып, ашуланып.
Есерден осы келген қауіп етсең,
Сүйекке бір тамғаны басуы анық.
Хан Тезек, қимадым-ай атыңды, атағыңды,
Ез болсаң, тастап көрші басымды алып.

Енді Құлмамбет айтады:
Құлмамбет – менің атым, Құланаян,
Дегенім менің Құлан Құдайға аян.
Құлмамбет – менің атым, Құлан еді,
Бәйдібек – атамыздың ұраны еді.
Арғы атам Төбе бидің төрт баласы,
Ұрандап, төрт биікке шығар еді.
Майқы би Абылайды меншіктеніп,
Ханымнан құндыз қияқ сұрап еді.
Ешкімнің сұлтанымда таласы жоқ,
Осының меншіктеген мұрагері.
Қаламды бытыраңқы, тарап жүрген,
Әулеті Абылайдың сұрап еді.
Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы,
Ие боп мынау қайдан шыға келді?

Бай болсам, бұл ордаға келемін бе,
Таң қалған алаш ұлы өлеңіме.
Керейдің қаңғып жүрген шемен шалы,
Бұл жаққа тамашамын келгеніңе.
Мал іздеп, әлі күнге қаңғып жүрсің,
Өзіңнің жақын қапты өлеріңе.
Қаңғыру қартайғанда жөн бе саған,
Ішіңнің қарамастан шеменіне.
Жасың да жүзден асып кетіп қапты,
Шыдамай жүр дейтұғын өтеріне.
Керейдің қаңғып жүрген кәрі айғыры,
Үйсіннің шайнатарсың дөненіне.
Алтайдан алжып ұшқан, кәрі бүркіт,
Мәз болып тышқан алып жегеніңе.

Қисық құл барғаныңда тоғыз берсе,
Шіркін-ай, келтіріпті кемеліңе.
Төрені құл құсатып ала алмайсың,
Дәндеген кете бергін сол еліңе.
Төремді айтыстағы жеңсең алғын,
Төремді жеңілмесем, беремін бе?

Түбек сонда былай дейді:
Құлмамбет, осы сөзің жөн бе деймін,
Құдайға бәріміз де пенде деймін.
Менімен айтысуға, таз Құлмамбет,
Басыңа қайдан бітті кеуде деймін?
Жігіттің селтеңдеген серкесі өлер,
Шырағым, шыға қапсың дөңге деймін.
Әуелі сен менімен айтыспай-ақ,
Кемдігін өз басыңның жөнде деймін.
Тапқансың сұмырайлық мінезіңнен,
Басыңда бір қылшық жоқ емге деймін.
Күшіңді маған қылар, жұртқа қылып,
Басыңды тұзды сумен емде деймін.
Түбі осы, жота жердің қаңбағысың,
Кетерсің қазір ұшып, желге деймін.
Қызғыш құс қаражағал, к...і күйген,
Ие бола қалыпсың көлге деймін.
Қарашы, көзді ашып, таз Құлмамбет,
Адамың қалжыңдайтын мен бе деймін?
Әліңді байқамастан айға шауып,
Мүсәпір боп қалыпсың демде деймін.
Халықтың несібесін ала берген,
Ешкімнен қала алмайды кенде деймін.
Сен өзің байқап көрші, байғұс бала,
Біздің бақ сіздің бақтан кем бе деймін?
Адамды көп жасаған жақтырмасаң,
Жасыма менің келген, келме деймін.
Егер мен шыныменен назалансам,
Шықпассың мұнан былай дөңге деймін.
Қаптатсам қара боран – кәрі жынды,
Кетерсің қазір кіріп жерге деймін.
Құлмамбет деген ақын сен бе деймін,
Болғансың қашан ие көлге деймін?
Басыңның қыршаңқысы жұғып кетер,
Қасыма менің жақын келме деймін.
Құрысын хан орданың сахабасы,
Тимесін кесапатың елге деймін.
Қорыған байдың малын сорлы екен,
Шын қолыңнан келе қойса, берме деймін.
Қолыңнан, байғұс, сенің не келмекші?
Мұрныңды соза берме өрге деймін.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз