Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қуаныш пен Айтбай айтысы (2-бөлім)

Қуаныш, Айтбай Дүйсенбаев · 2 мин оқу

Атақты шопанымыз Абылайды,
Қай кісі облыста танымайды?!
Жүз қойдан жүз отыз бес қозы өсірді,
Сіздерден мұндай шопан табылмайды.

Жас шопан және айтамын Жетібайды!
Жетібай баққан қойдың еті майлы.
Тамаша табысының арқасында,
Бір емес, Москваға екі барды.

Бақша бар бір қазғанда, бақша десең,
Жүз мыңдап түсіп жатыр ақша десең.
Қуеке, қанттан тәтті қарбызым бар,
Біреуін тауса алмайсың апта жесең.

Свердлов қаласының тұрғындары,
Қансын деп таңсық астан бір құмары.
Жөнелттік бес вагонға қауын тиеп,
Сары ала, торы ала мен күләбіні.

Бақшадан аз ба біздің бергеніміз?
Кеткен жоқ босқа зая еңбегіміз.
Көшеге тал орнына тамаша боп,
Япырай, қалай өскен шеңгеліңіз?

Етектен тартады кеп танығандай,
Қашады қарай қалсаң жаны қалмай.
Мен емес, мен емес деп шайқайды бас,
Қуеке, мұнысының мәні қалай?

Қуаныш:
Сынайсың көшемдегі шеңгелімді,
Айтқаның әбден дұрыс кем жерімді.
Тартқылап етегіңнен басын иіп,
Қарсы алса айтыпты ма келгеніңді?
Дірілдеп тұрса біраз басын шайқап,
Шошиды жағдайыңды көрген байқап.
Сенің де көшең толған топыраққа,
Кетеді сәл жел тұрса ұйпап-тұйпап.

Тоқтап тұр қыш зауытың көптен бері,
Міндет қып істегенін көктемдегі.
Қораға бастап қойған жетпей қалып,
Айқаймен арып-аршып біткен еді.

Төбесі төңкерілген бұзау қораң,
Құлап тұр жайшылықта соғып боран.
Шиферы салып қойған аспанға ұшып,
Шығын боп біраз ақша кетіпті оған.

Босқа тұр агрегатың, кесек құйғыш,
Шығарған әр құйғанда сегіз мың қыш.
Осының тұрып қалған себебінен,
Ақсатты көп жұмысын бар құрылыс.

Соларды айтпай неге мақтанасың?
Мініңді ашып салмай жасқанасың.
Мақтайсың аз табысты қайта-қайта,
Анадай қолға ұстаған жас баласың.

Досының кім жек көрер жақсы жайын,
Барыңды жоқ деп айтып неғылайын,
Баяғы ескі тамда отыр әлі,
Шопаның – ең атақты Абылайың.

Біз мынау көріп тұрмыз клуб ішін,
Сырттағы жатыр қызып жүріп ісің,
Барлығы жүріп жатса, қызып жатса,
Бітпей тұр неғып анау құрылысың?

Айтбай:
Құреке, жақсы айттыңыз құрылысымды,
Істелген баяндайын жұмысымды,
Жылма-жыл орталығым гүлденуде,
Сіз қалай көрмегенсіз бұл ісімді?

Құрылыстың түп қазығы - қыш зауыты,
Қуеке-ау, неңіз бар ед қыстап оны?
Сіздерде атыменен зауыт жоқ қой,
Бәлкім салмақ шығарсыз қыста оны?

Жұмсалған баяндайсыз қаржыларды,
Сізде де бұзаулардың арызы бар-ды.
Жатқанда, біздің бұзау жылы орында,
Құшады сіздің бұзау қар, ызғарды?

Біздегі айттың құм мен топырақты,
Көңіліңізге топырақтар тоқырапты.
Көрерсіз әлі-ақ ертең көшемізде,
Жайқалған жасыл ағаш жапырақты.

Қараңыз мына тұрған клубыма,
Риза боп отырсыз-ау, сұлуына,
Қонаққа анда-санда келіп тұрсаң,
Іш нәрсе сұрамас ек жылуына.

Кино бар өзіміздің ортамызда,
(Анығын ашып айтпай қорқамыз ба).
Тотыққан денемізді тазартатын,
Таяуда дайын болмақ моншамыз да.

Тамаша істеп жатыр тақтай тілгіш,
Өнімді пайдасы зор екен бір күш.
Сіздерде мұндай құрал болмаған соң,
Тосырқап тұрсыңдар-ау етпей үрдіс.

Мақтаймын аурухана, мектеп үйім,
Салынды түнікелеп көптен үйім.
Енгенде есігінен кеңсеңіздің,
Еңсені көтеруге тіпті қиын.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз