Құлмамбет пен Майкөт айтысы (4-бөлім)
Құлмамбет, Майкөт Сандыбайұлы · 2 мин оқу
Майкөт:
Құлмамбет, Албан бай ма, Дулат бай ма,
Байлығы Албаныңның Дулаттай ма?
Байлығын аз Албанның айтшы маған,
Бір үй [ін] де жүз бота ұшқындай ма?
Құлмамбет:
Майкөт-ау, үнің қандай, күлкің қандай,
Ойнағы жарастықты қыз-келіншек, мүлкің қандай?! Қыр малына ауылың жоқ екен-ау,
Көңілді қош қып мінуге жылқың қандай?
Майкөт:
Құлмамбет, бір сөзің бір сөзіңе дейсің жүйе,
Кесір сөзің өзіңе болар күйе.
Қой мен жылқыда есеп бар ма,
Көк жоны көксегенің толған жылқы,
Өреді сорлы ауылдан бес жүз түйе.
Құлмамбет:
Майкөт-ау, сен барасың адамды адам демей,
Ергенің Рысқұлбекке жүзің мерей.
Әуелі аз Ысты тұрмақ,
Қаратаудың елінің бәрі – кедей.
Майкөт:
Сен, Құлмамбет, өлеңді күнде айтасың,
Болдың елді сорлы деп, қысқартарсың.
Дулатты да қостың ба кедейлікке,
Көбік жеген, қу Албан, кімді айтасың?
Құлмамбет:
Майкөт-ау, осал інің, үлкенің – Дулат – кәріп, Күн көрер қысы-жазы жерді жарып.
Көрмеген өмірінде елің жарып,
Жаз шыққанда шабады атыз, арық.
Боза ашытып, жұртың жиды келданы алып.
Болған соң кешке жақын қайта салар,
Шолағын жалғыз-жарым жемдеп алып.
Байғұс, Майкөт, бетіңді бір оңлашы,
Жоғарғы Албан, Суан елге барып.
Алдымдағы Майкөт-ау,
Дулатыңды айтайын:
Ерте көктем болғанда
Егіске салар өгізін.
Төрт қап тезек теңдеп ап,
Алып барып базарға,
Бір теңгеге сатқаны.
Жарымына боза ішіп,
Ауыздарын ит жалап,
Көже даулап жатқаны.
Солай емес пе, Майкөт-ау,
Сендерді Құдай атқаны.
Қымыз ішіп, мас болып,
Ұйықтап жатқан кісің жоқ.
Қу мойын атқа кіш-кіш деп,
Қамшыларын бір тістеп,
Қатын мен ұлың айтысып,
Көкнәршідей тырысып.
Шөптің басын егін деп,
Орып алсақ тегін деп,
Балалардың ауқатын,
Жерден Құдай бердің деп,
Өмірің өткен жер жарып.
Қатыны семіз, ер иық,
Аспандағы қарғаны,
«Қырылғыр», – деп, қарғайды.
Осы жалған дүниеден
Бір жақсылық көрмейді.
Бір көмбе қиды ойып ап,
Алты ай қысқа жетер деп,
Артылса қыстан қалғанын,
Базарға сатсақ не етер деп.
Жарым теңге болса да,
Ауқатымызды өтер деп.
Еркегі үйде жатқаны,
Қатыны базар қылғаны.
Жарым теңгеге ет алып,
Оны Құдай атқаны.
Жазған Майкөт, не дейсің?
Сорлы Майкөт, не дейсің?
Сары қымыз сапырып,
Сырбаздың етін жемейсің.
Онан-дағы, Майкөт-ау,
Біздің елге барсаңшы,
Сары қымыз ішсеңші,
Сары қазы жесеңші.
Өлетұғын жаныңа
Бір тойынып келсеңші,
Ел мұнда екен десеңші.
Күнге күйген бетіңнің
Жібір ме екен қатқаны?
Сол емес пе, Майкөт-ау,
Сендерді Құдай атқаны?
Көргенім жоқ еліңнен,
Тай сойып берген мырзаны.
Жазда мехнат қылғаны,
Қыста мехнат қылғаны,
Көрмейді тыныштық қу жаны.
Дулатыңды көргенмін,
Тасына қына байлаған.
«Мына жерде тынба болар», – деп,
Бастауды көрсе, айналған.
Үсті-басын кір басып,
Маңдайларын тер басып,
Шыққандай қара шайладан.
Күн өтті, – деп, әуре боп,
Сүргі жеп, дәрі шайнаған.
Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр біраз деміңді.
Арпа, бидай пісті деп,
Алшаңдаған сорлы елің.
Тары, қонақ пісті деп,
Талтаңдаған сорлы елің.
Жиын теріп алған соң,
Жеткізе алмай қарызға,
Қалтаңдаған сорлы елің.
Ұялаған күшіктей