Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қуаныш пен Айтбай айтысы (3-бөлім)

Қуаныш, Айтбай Дүйсенбаев · 3 мин оқу

Қуаныш:
Келісті боп тұрған жоқ өз кеңсең де,
Жүз құбылып күніне өзгерсең де.
Аласа үй ала шаңғыт астыңдағы,
Қалпынан өзгерген жоқ жүз көрсем де?!
Медпункт, гараж, кеңсе, астық қойма,

Биыл салып жатырмыз алып қолға.
Радиом сайрап тұр, электрлі,
Ерекше Әбдірасыл еккен күріш,
Әбекең адал еңбек еткен дұрыс.
Төрт тонна гектарынан өнім бермек –
Сонда бұл колхозыңа кеткен ырыс!

Демек, биыл, Қуеке, күріш бізде,
Палауым мол болады осы күзде!
Айтайын жомарттықпен күнілгері,
Кезінде кеусенімнен күдер үзбе!

Өсірген бітік егіс Дәндібайым,
Деп отыр қойны-қоншың дән қылайын.
Ал сіздің Мәдібайың жоңышқаны,
Сиырға жегізіп ап салды уайым.

Су жұқпас Теңгешің мен Батырбегің,
Жегені еңбегіне татыр ма еді?
Басшысы құрылысының Әбдімұрат,
Ұялмай жаздай ұйқтап жатыр дейді.

Бітпеген қораңды айтып мақтанасаң,
Оңдамай малшылардың баспанасын!
Оларға салып бермек он үй қайда?
Өтірік айтсам Тәкең ақтап алсын.

Қуаныш:
Айтбайжан, қымсынасың «сынадың» деп,
Мақтасам, күлімдейсің «ұнадың» деп.
Барынан зауытыңның жоғы жақсы,
Болса егер «бас ауру мен тұмауы» көп.

Қарағым, сұрай бердің неше айтсам да,
Түсінбей-ақ қойдың-ау бес айтсам да...
Көз салмай өз жолыңның ирегіне,
Шірендің «жетпейсің, – деп, – ширегіме».
«Жығылған сүрінгенге күлед» деген,

Ағаңды күлкім келді түйреуіңе.
Көп болды колхозыңның шықты даңқы,
Қонысы бірақ әлі бытыраңқы.
Малшыға жеті жылда жеті үй салған,
Ол да толық бітпеген жарым-жарты.
Колхозда жақсы да бар, жаман да бар.
Білімді мұғалім мен маман да бар.
Пак сияқты «тақ» десең тыңдамайтын,
Жатып ішер маскүнем арам да бар.

Айтбай:
Қуеке! Пакка сонша жабырқадың,
Таң қалып қылығына таңырқадың.
Қорқамын мастықпенен машинасын,
Сындырып ала ма деп Садырханың.

Тауықтың емес түгел бәрі қораз,
Мүмкін жемге таласып болады араз.
Үстірт алған ақпарға сене бермей,
Қуеке, әділ айтып, анығын қаз.

Қырықбайтақ кеше жапан дала болып,
Шөл еді су таппайтын ара қонып.
Қырық жас Октябрьдің мүшелінде,
Тұрғанын енді қара, қала болып!

Жарқырап Ильич шамы көгімде тұр,
Күй тыңдап халқым үйде көңілді отыр.
Еңбектің рахатынан ләззат алып,
Ел тегіс ерлігі мол өмірде тұр.

Сіздей мен жартыламай бүтін айтам,
Ферманың шалқып жатқан сүтін айтам.
Мақтаулы Күлпарадай сауыншыңа –
Сауыншы Бибігүлдей құтымды айтам.

Мақтаулы және айтам Күлжанымды,
Еселі еңбегімен нұр жамылды.
Келтірмек сиыр басы үш мың литр,
Күлжаным місе тұтпай мың жарымды!

Алты айда орындады сүт жоспарын,
Процент бір жүз елу алты жарым.
Атақты ең мақтаулы сауыншыңыз,
Сауар ед, мұндай сүтті бір жыл жарым.

Қуаныш:
Айтбайжан, әдейі арнап көңіл бөліп,
Ағалап қолымды алдың көңілденіп.
Шақырдың шын ықыласпен колхозыңа,
Төріңнен құшақ жайып орын беріп.

Сапырып сары қымыз, аппақ нанды,
Жайылып кең дастархан күтіп алды.
Рахмет ақын келіп ортамызға,
Отырдық сауық құрып салып әнді.

Ақындар ортасында Асқар да бар,
Бастарын қоса қалды басқармалар.
Ер, әйел, үлкен-кіші, ұл менен қыз,
Жайнаған жаз күніндей жастар да бар.

Колхоздың қалың қауым мүшелері,
Арылған еңбекте озат іс-өнері.
Қалмастан қалтарыста келді бәрі,
Толмайтын аз еңбекке міселері.

Мақсаты екі ақынның бүгін таңда,
Колхоздың көркейгенін қосып жырға.
Қырық жылдық мерекені қарсы алайық,
Көрмеген көп табыспен бұрын-соң да.
1957 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз