Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлмамбет пен Майкөт айтысы (5-бөлім)

Құлмамбет, Майкөт Сандыбайұлы · 3 мин оқу

Қызыңның жайын айтайын:
Қатынша шашын бұрғаны
Төбе шашын сырытып.
Өгізінің к...е
Үңіліп кеп тұрғаны.
Сол емес пе, Майкөт-ау,
Сендерді Құдай атқаны?
Қоңыздан боғын қызғанып,
Ауната салып сабанға,
Ағашқа жабар жапаны.
Қалғанын тезек қылады,
Сығып-сығып кеп,
Қатыны көже жылытар,

Кейіп келер көп ерге:
«Тезек, қане, толтыр», – деп.
Қатын-балаң қуанар,
«Қыстық отын болар», – деп.
Киелі үйрек атып жеп,
Борбайын жесе, мас болып,
Сыймалы боп тұрмын деп.
Көк құс салса, қуанып,
Аңның бәрін қырдым деп.
Он буда тапса, қуанар,
Қыстық соғым тындырдым деп.
Лақ сойса, үлесіп,
Қырық жілік қылғын деп,
Нан мен етін көбейткен.
Шұлғауы шығып жылтырап,
Етіктің артын шөмейткен,
Бай болса, елің неге өйткен?

Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр бір сәт деміңді.
Суалып қалған көліңді,

Халқыңның жайын айтайын:
Көкектен басқа құсы жоқ,
Көкпектен басқа шөбі жоқ.
Көрік басқан кісідей,
Көкпеңбек қара, түсі жоқ.
Қозы қарын, қурай бұт,
Қатыннан көп күші жоқ.
Әйелден көкпар тартасың,
Жұлқыр қара тісі жоқ.
Бозаға тойып алған соң,
Құдаймен де ісі жоқ.
Адамыңның келбеті
Жауыр аттай құрысқан.
Жын ұрып кеткен немедей,
Әуедегі Құдайдың
Торғайымен ұрысқан.
Торғай ұшса жеріңнен,
Топырағы бұрқ еткен.
Ішкенің бидай, қам көже,
Ақырсаң, артың тарқ еткен.
Әтегі сынған қатыннан,
Көкпар алып шабады.
Делбеңдеген етегі
Аттың артын жабады.
Екеуі екі керісіп
Жеті атасын терісіп,
Кемітеді ағаны.
Ертесіне келгенде,
Үлкеніне шағады.
Мас едім, Жәке, – деген соң,
Орыс заңды бір іспен
Ердің құны болса да,
Бұл істерің қалады.

Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр бір сәт деміңді.
Әулиеата, Әзірет,
Түркістан, Шымкент, Сайрамнан,
Әрі жағы Шыршық, Тәшкеннен.

Халқыңның жайын айтайын:
Боза ішкенді тәуір көреді,
Қымыз бенен айраннан.
Қабақтан болған бозасы,
Қашан қабыл болады,
Сол шіркіннің тобасы.
Үлкен, кіші жиылып,
Бозаға күнде барады.
Бозагердің қатыны
Таса жерге шақырар,
Байыммен бірге келгін деп.
Қайтып келіп ол адам,
Жолдасына мақтанар.
Жай отырып ішсе бір,
Есігін тауып келем деп.
Кеткен соң қатын даттайды.
Барлығы боза ішкен бе?
Бүйтіп боза ішкенше,
Сідігіңді ішсеңші.

Көргенмін, Майкөт, еліңді,
Ала тұр бір сәт деміңді.
Келген кісің жиылып,
Самаурынға жатқаны.
Күндіз-түні бір шылым,
Қор-қор етіп тартқаны,
Неше теңге қарыз боп.
Тағы айыбың тағы бар,
Есекпен тамыр болады,
Сіздің жақтың сарттары.
Өлеңің болса, жұптай бер,
Осы болды, Майкөт-ау,
Құлмамбет Жәкең тапқаны.

Ала тұр бір сәт деміңді,
Табайын мен де жайыңды.

Халқымның жайын айтайын:
Бектер мінген тобышақ,
Сәлделері бір құшақ,
Сахабаларға жүр ұқсап.
Қауындар, боз баулар,
Ашырап еді еккені,
Танапқа дақыл сепкені.
Құтырғаның, қу Албан,
Менің сатқан өнімім мен сөгімді,
Жамандар ма едің, қу маңдай,
Жақсы болсаң теңіңді?
Сырдария – өзенім,
Қаратау – менің мекенім.
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Ат бауырынан саз болған.
Бүлдіргенін жегенде,
Балалардың көңілі жай болған.
Бетеге мен жусаны,
Көк мауыты бояқтай.
Қашқын Албан, сенің елің,
Жылқыдан шыққан саяқтай.
Қаратауда нұр жауған,
Жамандайсың елімді.
Көбік жеген, қу Албан,
Мақтаулы жерің қай жақта-ай?
Жаужұмыры жүректей,
Балдырғаны білектей.
Бұғысы мен маралы
Сауып тұрған үлектей.
Мың Албан барса, бағады,
Дулатым менің жүдетпей.
Халқымның жайын айтайын,
Адыры мен сайы тең,
Кедейі мен байы тең.
Сен ап келген қымыздан,
Сапырып ішкен шайы тең.
Қос өгізі тең болса,
Көн ішігі кең болса,
Патшаға көңіл бере ме,
Баршадан мұның несі кем?
Жамандайсың қызымды,

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз