Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қонысбай мен Серік айтысы (1-бөлім)

Қонысбай Әбілов, Серік Құсанбаев · 2 мин оқу

Қонысбай:

Алматым, айналайын, арман қала,
Білім ап, бес жыл сайран салған қала.
Айналып ұлтымыздың ұясына,
Алашқа алтын діңгек болған қала.

Қазақтың атын әлем танымаққа,
Ас беріп жатырсыңдар аруаққа.
Отау ғып шығардыңдар Ақмоланы,
Айналып өзің қара шаңыраққа.

Жерұйық іздеп Асан сабылғанда,
Өзіңдей жер жәннәті табылған ба?
Алыстан ат арытып келеміз ғой,
Киелі Алатауды сағынғанда.

Мәз болып биіктен сөз тигеніңе,
Жұптасып шыға алмайсың сүйгеніңе.
Бұл айтыс қайта өрлеп тірілгелі,
Кімдердің су құймады диірменіне.

Жүйрік те жүдейді екен қарамаса,
Кез келген бапкерлікке жарамаса.
Айтыс қып облыстан той өткізсе,
Айтыстық газет-журнал тарамаса.

Әр сөзді қыз жүгіндей қаластырып,
Әзілді отырушы ек жарастырып,
Дүрдараз болып кетті әкім біткен,
Әр жерде әтеш құсап таластырып.

Айтыстың қадірін ел білсін деймін,
Беделі түссе неге күрсінбеймін.
Айтыстың маңайында қай кезде де,
Жүрсіндей жанашырлар жүрсін деймін.

Ақындар елмен бірге қиналыппыз,
Баладай айтқан сөзге иланыппыз.
Аман ба, Серік інім, Мұхтар ағам,
Тойының сарқытына жиналыппыз.

Кереку артыңдағы аман ба елің?
Береді қай кезде де бағаңды елің.
Бүгінде жолың болсын, айналайын,
Білесің көңілімді саған менің.

Кетігін көңілдердің толтыратын,
Аталы сөз айтатын болсын ақын.
Солақай тартқаныңмен домбыраны,
Сөздерің қай кезде де оң шығатын.

Серік:

Армысың, ардақты елім, алқалаған,
Базары, той думанды тарқамаған.
Көргенде көзі қарақты көрерменді,
Қызынып мен додада арқаланам.

Жолбарыс жолсыз жерден жортады екен,
Жарақты батыр жаудан қорқа ма екен?
Адамның заманына сай болмағы,
Тәрбие тәлім алмақ ортада екен.
Қармағым қап дегізіп қалмас енді,
Балығың балық емес шортан екен.

Армысың ақын аға, «әй-әй-лаған»,
Жүрегің жырға тұнған сарай маған.
Бәйгенің алдын бермес саңылағым,
Айтыста асқақтаған талай бағаң.
Ағаны асқар таудай ардақ тұтып,
Іні едім қабағыңа қарайлаған.
Кез-келдік «келсең-келдің» кеңесінде,
Қапыда қалмас дейді абайлаған.

Айтыстың мына отырған ел төресі,
Алматы жер жәннәті, жер төбесі.
Аңқылдап аузыңды ашып інім дедің,
Дегендей құшағымда еркелеші.
Сарқыты дей көрмеші бұл Мұхтардың,
Жоқ дейді игіліктің ерте-кеші.

Жаралы жүректердің дәрігері,
Қызыл тіл жорғаласын әрі-бері.
Қырықтың қырқасына шықпасам да,
Отызда орда бұзар шағым еді.
Ат байлап, аясында атан мінген,
Аман ба Торғайыңның қалың елі?

Қонысбай:

Ай мен күн сосын жақсы ортақ екен,
Көріңдер бұл ініміз арқалы екен.
Серікжан, үлкендерден қалса табақ,
Ауыз үйге жастарға кеп тартады екен.
Сол кезде үлкен жеген тамағыңның,
Беделі сарқытыңмен артады екен.
Бұл інім ағасына қарап қойып,
Жобалап деп те айтады шортан екен.
Ешқашан басыңнан шаш түсіргем жоқ,
Ендеше менен неге қорқады екен?

Торғайым ақ патшаға жақпап еді,
Кезінде арқасынан қақпап еді.
Алайда бір он жылдық арасында,
Екі рет ашып қайта жапқан еді.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз