Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақтан мен Ақбала айтысы (4-бөлім)

Ақтан Бәбиұлы, Ақбала Өмірбекқызы · 2 мин оқу

Ақбала:

Қалбадан қашып келген қашқын Керей,
Бұл тойда, сірә, сені қойман жеңбей.
Аз емес Жайырдағы Керей ұрқы,
Сен неге шайқақтайсың көзіңе ілмей?

Қазақсың онан қашқан, мұнан қашқан,
Ежелден жамандықпен көзін ашқан.
Қашқан да қанды балақ қарақшысын,
Мал қуып көрінгенмен жағаласқан.

Ақтан:

Төре қыз, мына сөзің мүлде қате,
Мен талай ақындардан алғам бата.
Ойласаң мен қашқын ба, сен қашқын ба,
Аталы Керейіңнің атын ата?

Болады арғы атамыз Керей Абақ,
Бөлініп Орта жүзден келген тарап.
Он екі Керей деген руымның,
Берейін, төре қызым, атын санап.

Керейім отағасы Ителі екен,
Ежелден Алтай тауым мекен еткен.
Керейдің күнін жоқтап батыр Зуқа,
Қарсы болып Қытаймен өткен екен.

Атаймын Молқы менен Қарақасты,
Көнсадақ Меркітіммен тұрғыласты.
Жастабан Сарбасыммен бір туысып,
Ұранын «Сар тоқай» деп жұртқа шашты.

Керейдің Шыбарайғыр енді бірі,
Марқалап ерте туып өскен ірі.
Батырым аты шыққан Қожаберген,
Біледі мен айтпай-ақ халық мұны.

Жәнтекей, Шеруші, Жәдік немерелес,
Тарихты сұрамаса ешкім білмес.
Байтайлақ, Жантаймыз деп бірігеді,
Бір жерден ұрыс-жанжал шықса егес.

Кімің бар Жәнтекей мен Жәдігімдей,
Ішінде сегіз Жанат, Мәлігімдей.
Жайырда елміз деп жүр, біраз қашқын,
Екі елі шағи шапан әдібіндей.

Баласы Жиреншора Құлтай, Болат,
Талассаң шежіреден бар да сұрат.
Аржағын Жәнтекей деп айтқанымен,
Біріне он екінің бұл қосылад.

Жәкемнен Сүйіндік, Орыс, Шүйіншәлі,
Басымен бірдей болып өскен малы.
Баласы Сүйіндіктің төртеу екен,
Құрмамбет, Кешеу, Жайлау және Сары.

Баласы Сүйіншәлінің Ботақара,
Барақ пен Секел, Көбек төртеу ғана.
Мәмидің уысынан шығьш кетіп,
Мардамым болып еді жеке дара.

Сәмембет, Самұрат, Бөкі Орысұлы,
Төлеке, Ұтыберді айтсам мұны.
Симаған ұлы Алтайға руымды,
Ұқсын деп төре қызым айтам мұны.

Баласы Сәмембеттің он бір екен,
Лық толып Алтай тауын еткен мекен.
Атантай, Есентей мен Есенбай деп,
Ұрқынан бәйбішенің үшеу екен.

Бәденнен Есағасы Қазыбекті,
Симаған жер үстіне малы көпті.
........................................................
Айтамын Есдәулет пен Есіргепті.

Ақша мен Бөрте, Қаржау, Ақсары атам.
Он бір деп мадақтаймын Сәмембетті.
Алтайға малы симай көптігінен,
Бір талай ауылдарым Қобда кетті.

Осы еді Алтайымда жүрген Керей,
Ел өсіп өркендесе ол бір мерей.
Мақтайсың Жайырдағы аз қашқынды,
Төре қыз, өскен елді жүрсің көрмей.
Айтып бер Жайырдағы руыңды,
Дәуріктің осығұрша есе бермей.

Ақбала:

Бәйгеден аяқ тастап төске өрледім,
Жәдікке көпке дейін дес бермедім.
Жайырға жалғыз ауыл келмесе атам,
Осындай қорлық сөзді есітер ме едім?

Төре ата-ау, «қашқын» дейді, мына Керей,
Шыдаймын бұл қорлыққа қайтып өлмей.
Кім еді Жайырдағы руымыз,
Мен бұдан құтылам ба, санап бермей?

Ақтан:

Мекенім туып-өскен Алтай тауы,
Қыз бенен аяқталды жігіт дауы.
Алтайдың айнала ұшқан аспанымен,
Ақиық мұзбалақпын жібек баулы.

Ұрқымын алғыр тұяқ алып құстың,
Сарқамыр биігінен түлеп ұштым.
Жайырдың сылаңдаған ақ түлкісін,
Қарамай кергеніне іліп түстім.

Отырмын қыл бабымда, міне, бүгін,
Саңқылдап самұрықтай шығады үнім.
Тура би болыспайды туғанына,
Төре ағаң, өзі білер төрелігін.

1921 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз