Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақтан мен Ақбала айтысы (3-бөлім)

Ақтан Бәбиұлы, Ақбала Өмірбекқызы · 2 мин оқу

Секілді Абақ керей елің бар ма?
Алтайдай алтыны мол жерің бар ма?
Жауынан «қызыл аяқ» елді айырған,
Сыдықтай батыр туған ерің бар ма?

Ақбала:

Жайырдың суы тұнық, шөбі раң,
Жер жетпес, айта берсем, тіпті бұған.
Қара шәр Жайырыммен іргелес жер,
Тайпалып кұлындары жорға туған.
Бойлары Қара шәрдің солқылдақ саз.
Айырылмас күні жылы қыс пенен жаз.
Тыраулап тырналары қырындағы,
Қаңқылдап көлдерінен жүзеді қаз.
Мақтама қар басатын Алтайыңды,
Сәйкеспес саяхатқа сәулеті аз.
Болады Алтайыңның қыстары ауыр,
Соғады Сауырыңнан күнде дауыл.
Жұт келіп, біткен малын айдап кетіп,
Көше алмай жұртта қалған талай ауыл.

Ақтан:

Бойынан он екі өзен ел тараған,
Алтайды көшіп ауылым жоталаған.
Шүйгіні Алтайымның сол емес пе,
Тайы туып, тайлағы боталаған.

Бай Алтай ата мекен, алтын бесік,
Алтын мен гауһар шыққан кесек-кесек.
Ішінде барлық жердің Алтайым бай,
Жамылтқы жапырағы, шөбі төсек.

Шығады сарымсағы білектей боп,
Сарана, бектерімен жүректей боп.
Жалбызы, матрошка иісі аңқып,
Тұрады бадан шайым күректей боп.

Жер қайда, атап айтсам, Алтайға тең,
Шөбінің бәрі дәрі, ауруға ем.
Он екі керей ұрқы түгел сиған,
Осындай ұлан байтақ өлкеміз кең.

Алтайдың маужыраған тау мен тасы,
Майысқан қалың орман сай-саласы.
Тұрады мезгілімен иісі аңқып,
Қарақат, қызылқат пен тошаласы.

Тамаша, міне, осындай, Алтай жерім,
Сайрандап самалында өскен елім.
Бір татсаң таңдайыңнан дәмі кетпес,
Бояған ат тұяғын бүлдіргенім.

Алтайдың қыры киік, суы балық,
Талай жыл мекендеген біздің халық.
Метіре, қызыл менен шортандарын,
Асаудай мөңкітеміз судан алып.

Ақбала:

Жайырдың бейбіт өстік алабында,
Отырмыз Шың-Уаңның қарауында.
Сан тозған керей аттың табанында,
Ақ орыс, әрбіреудің заманында.

Ел болып сен де есіңді жаңа жидың,
Қытайға дәулетіңді суша құйдың.
«Он екі кереймін» деп мақтанасың,
Алтайға алақандай қайтіп сыйдың?

Сиыспай Алтайға елің, Қобда кетті,
Төрт биің елін солай еңіретті.
Өш болып, өз ішіңнен Базарқұлың,
Өлтіртті басын кесіп Асылбекті.

Өлеңім айтатұғын, міне, дайын,
Дәурігіп бір болмайсың барған сайын.
Қытайың өлтірмесе қайда кетті,
Ызғұтты, Қылаң менен Жарқынбайың?

Ақтан:

Төре қыз дауға лайық аузың епті,
Өлеңмен күңіренттің аспан-көкті.
Шағыммен өлтіртпесең, ойлашы өзің,
Кешегі ер Дәмежен қайда кетті?

Өлеңге өршеленіп аттай желдің,
Жеріңе сүрінетін жаңа келдің.
Атқызып Торғауыттың уаңына,
Атанбай, Байжұманы матап бердің.
Қазанғап, Көжекбайды шауып алып,
Қызығын көп дәулеттің өзің көрдің.

Ақбала-ау, бола алмайсың Алтайға тең,
Аралас Алтай, Қобда – өрісім кең.
Адасқан үйіріңнен жалғыз қазсың,
Топтанған қарғалар да етеді жем.

Алтайда Сауырменен өстің алғаш,
Айырылып мекеніңнен кеттің адас.
Жайырға жалғыз ауыл қашып келіп,
Болыпсың Торғауытпен жерге талас.
Дау-дамай, өсек-аяң өшпенді боп,
Мал қуған араларың барымталас.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз