Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Асылхан мен Тәни айтысы (2-бөлім)

Асылхан Мыңжасарұлы, Тәни Тоңғатбайқызы · 2 мин оқу

Абырой берген шақта патша құдай,
Талайдың төбесінен ұрып едім.
Ұлпаңнан шымы тұтас тіс жүргізіп,
Тоғанды доңғыл жерден бұрып едім.
Тұсыңа шыдай алмай келдім жетіп,
Басында сәбіз қылып тұрып едім.

Тәни:

Мен дағы талай адам көріп жүрмін,
Жақсыға қорғасындай еріп жүрмін.
Білмеген сөз мәнісін жамандарға,
Қарамай әкел десе желіп жүрмін.
Өзіңдей сөзі қисық жас құданың,
Жазасын әрбір жерден беріп жүрмін.
Күн-түні сан жүйрікпен жарыссам да,
Сонда да қызғаным жоқ желіп жүрмін.
Арғымақ ат шалмаған адымымды,
Бәйгеден жұма сайын келіп жүрмін.
Аузыңды тарта сөйле, құда бала,
Ақынды сенен зорғы жеңіп жүрмін.

Асылхан:

Көрсетші ақын болсаң арыныңды,
Басайын су сепкендей жалыныңды.
Жүйрік тұрмақ , тұлпар боп кетсеңдағы,
Басамын бір-ақ аттап адымыңды.
Құмарды тарқата алмай жүрген болсаң,
Басады Нұрәділім сарығыңды.
Қапыда белің шығып кеткен болса,
Жамалық желім құйып жарығыңды.
Мұз киген ніл дәриясы болсадағы,
Үстіңнен жүргіземін қайығымды.
Болады жақсы адамның дұшпаны көп,
Қайтейін бетіңе айтып айыбыңды.
Аузыңды тарта сөйле ақыным-ай,
Шын қызсам шығарамын шәйіріңді.

Тәни:

Жан білген Тәни ақын аруағымды,
Енді ойла жаның қалар бар жағыңды.
Сағыңды сый құда деп сыйлап едім,
Бойыңнан шығарамын зардабыңды.
Шынымен, жарықтығым жеңем десең,
Ертіп кел Құттымбеттен қалғаныңды.
Ішіңнен қоя тастап түсірейін,
Кір шалып қалған болса аржағыңды.
Он жігіт қасыңа ертіп келсең дағы,
Көрмеймін шөп құрлы да салмағыңды.
Алдайтын Тәни емес сенің кісің,
Асылхан тартып сөйле қалжыңыңды.
Бетіне әке десе қарамадым,
Өзіңдей жас бозбала сан жалынды.
Шырағым бір басыңа аз болмайды,
Басқаға қылсаңдағы жарбағыңды.
Шыныңмен айтысуға құмар болсаң,
Ойыңнан тастамай айт арманыңды.

Асылхан:

Бүркітке қоян еті жем болмайды,
Адамға құдай ұрған ем қонбайды.
Бұралған тал шыбықтай қыз болмаса,
Жігітке сендей қатын тең болмайды.
Асусыз қия беттен жол шығарған,
Өзімдей ешбір адам ер болмайды.
Күн-түні сан жүйрікпен жарыссам да,
Ентігіп ешбір жерім тер болмайды.

Өлеңде қатын тұрмақ қыз жетпейді,
Қыз түгіл адам ұлы бір жетпейді.
Өлеңге жатық болған қызыл тілім,
Қара тер шыққан сайын әуектейді.

Жаныма батқан сайын аспандаймын,
Келсе де қандай адам жасқанбаймын.
Қасыңа он Тәниді алсаңдағы,
Құмарын жеке өзім басқандаймын.
Мен саған расымды айтып тұрмын,
Әрқашан бекер босқа мақтанбаймын.
Деп тұрмын дос-дұшпаның таба қылар,
Жәйіңді осы арада тапқандаймын.

Астынан жеті қырдың тартатұғын,
Асылға болат қосқан қақпандаймын.
Оғы бар он екі атар маузыпанмын,
Жерімнен көзім түскен атқандаймын.

Алты Андас, бес Бегімбет, жеті Қатпа,
Жеңемін жел сөзбенен бір-бір тақта.
Жеңілсең дұшпандарың таба қылар,
Ей, Тәни, ұят болар енді тоқта.

Тәни:

Айтысты өткен жылы бес Құттымбет,
Қалайша туа берген жаманы көп.
Айтысып Медеубек те жеңе алмаған,
Ақырда кетті қайтып амалы жоқ.
Шеніме сенен зорғы бара алмаған,
Тәнидің жеңілуден хабары жоқ.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз