Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қалихан мен Сара айтысы (4-бөлім)

Қалихан Алтынбаев, Сара Тоқтарбаева · 2 мин оқу

Қалихан:

Сара ақын, айта бердің байлығыңды,
Семейден асырам деп айбыныңды.
Табысың байлығыңа сәйкес емес,
Әйгілеп түгесейін қай мініңді?

Көл-көсір таусылмайды ескі қорым,
Семейде отыз шақты оқу орын.
Жыл сайын босағасын босатпайды,
Талапкер талай-талай қараторың.

Еліңді қой жағынан төрт ораймыз,
Егіннен арқамызға арқалаймыз.
Адымым бесжылдықта артып жатыр,
Сол үшін креслода шалқалаймыз.

Мен айтсам Шұбартаудың бастамасын,
Сареке, кібіртіктеп жасқанасың.
Өзі жоқ бригаданың протокол көп,
Басыңа жинап-жинап жастанасың.

Бардық біз «Айнабұлақ» совхозына,
Жастардың күші мұнда көп қазына.
Алмапты қамқорлыққа басшыларың,
Жастарға тағар кінә, жоқ базына.

Үш жылда төрт бригада кеткен тарап,
Біреуі тұрақтамай іске жарап.
Сауыншы қыздар тобын «құрастырған»,
Әйтеуір, қалмау үшін жерге қарап.

Қайда жүр дипломды мал маманы,
Жүр ме екен мемлекетті алдағалы?
Ай сайын судыратып жалақыны,
Жақсы еді-ау салынбаса мұнан-дағы.

Жатады әкелген сүт іріп-шіріп,
Жұтсаң-ақ ішің ойран, бүліншілік.
Бақшада сүт сұраған балалардың,
Қоярсың қалайынша аузын бүріп?

Пайда көп қойды қыста қыстатудан,
Емес пе қозы бағлан қыста туған?
«Марқакөл» былтыр ғана кірісіпті,
Ұзақ жыл кім олардың қолын буған?

Көк айдын мақтанатын көлің Зайсан,
Барады жылдан-жылға тартып лайсаң.
Жағасын қысы-жазы босатпайды,
Өңкей бір машиналы «қасқа, жайсаң».

Келгенді басқа жақтан жазбай танып,
Ұстап ап айып салар «жолдан тайсаң».
Табиғатты қорғауды таза ұмытар,
Алдына көлкілдетіп арақ қойсаң.

Құлағыңа алтын сырға ақын Сара,
Балықтың сорпасына жақын Сара.
Отырған шығарсың-ау зорға шыдап,
Кәнеки, тағы да бір толғап қара.

Сара:

Дарыған жастай өлең көмейіңе,
«Сын айтпа біздің жаққа» демейін де.
Азырақ кезек беріп аялдашы,
Айтылар көптеген сын Семейіңе.

Сіз тұрған Көкпектідей ауылыңыз,
Өмірге талай жасты баулыдыңыз.
Бас сұғып кірдіңіз бе емханаға,
Зарығар судан шөлдеп ауруыңыз.

Бастығы емхананың Төребаев,
Өкпелеп айтқан сынға етпес айып.
Жөндемей ала жаздай су жүйесін,
Зар болды қара суға қолын жайып.

Қалеке, емхананың жайы нашар,
Жетпесе жұмыс қолы, жаса асар.
Тұрады жарығы да жанып, сөніп,
Аулыңда таза жер жоқ аяқ басар.

Жақсы екен кей ауданда жоспарларың,
Кейбірі ұмытыпты жоспар барын.
«Ақсуат» совхозында болдыңыз ба?
Ұмытып кеткен мұнда малдың қамын.

Тасылмай кей базаға шөп қалыпты,
Көп отар шөп жетіспей топталыпты.
Кептіріп келер жылға қойдыңыз ба,
Далада үйген маяң көп алыпты.
«Большевик» фермаңызбен «Ұзын бұлақ»,
Мал қора қыс айында жатыр құлап.
Барасың еріккенде санақ үшін,
Көрдің бе шопандардың жайын сұрап?

Сіздерге бұл ферманың жері шалғай,
Мәдени жұмыстардың жайы қандай?
Көзден таса, көңілден ұмыт қалған,
Өтеді автодүкен көзін салмай.

Жүнісбек, Жолтан, Әкрам шопандарың,
Ойлаған қысы-жазы малдың қамын.
Қаратар дәрігер жоқ, бала ауырса,
Ең қажетті ұн тапшы – жейтін наның.
Гүлғайша, Тыныштықтай еңбеккерлер,
Бізге айтты кино, концерт ұмытқанын.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз