Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақтан мен Көлмағамбет айтысы (2-бөлім)

Ақтан Нұрбаев, Көлмағамбет Нұрмағамбетов · 2 мин оқу

Таутеке, елік, ешкі, арқар, құлан,
Ойнақтап топ-тобымен тартар қырдан.
Орманда аю, барыс, борсық, түлкі –
Арқаның қай бейнесі артар бұдан?

Көргенде табиғаты тамсандырған,
Жер-ана өр Алтайды дарқан қылған.
Дәлелді тура сөзге тоқталасың,
Өзің де көріп қайттың шет жағасын.
Жетер ме Арқа Алтайға, ары барсаң,
Селеу мен сексеуілге мақтанасың.

Кенді Алтай Иса ақынның қалағаны,
Нақ сұлу көркіне көз қадағаны.
Көңілге жылы сезім ұялатар,
Арқаның айтысуға жарағаны.
Қолға алып домбырамды сабалайын,
Сөзіме құлағыңды сал ағайын.
Ақмарал, кербұғыны кербез тентек,
Үйреттік қолға ол да енді мал, ағайын.
Басында бір бұғының санап көрші,
Арқаға біткен бүкіл шала қайың!
Сол мүйіз дертке шипа, денге – саулық,
Жасарар сөлін ішкен баладайын.
Пантының тең жартысын одақ бойы,
Береді жалғыз Қатонқарағайым.
Тағы бір артық табыс, мақтанышым –
Теңі жоқ терісінің аң, ағайын.
Түлкі мен бұлғын, құндыз асыранды,
Тиын мен суыр алуан сан, ағайын
Келінге жанат жаға, құндыз бөрік,
Қалағаның бар болса, ал, ағайын.

Атақты сапасымен Алтай балы,
Алтай балы барша астың бал-қаймағы.
Балауызын балымен сорсаң бірге,
Денеңнен жел-құз қашар қай-қайдағы.
Мүйіз сөлін ішкендер, бал жегендер,
Жүз жаста қару қайтып қартаймайды.

Мен келдім шұғылалы Өскеменнен,
Бақыты, байлығы да өскен елден.
Кенді Алтай керегесі кенге толы,
Түгелдей Менделеев кестелеген.
Қойнауы – алтын, күміс, қола, мырыш,
Даласы ақ бидайға дестеленген.
Санына төрт түліктің жете алмайсың,
Асқанда алты қырдан, бес белеңнен.
Толықсып төрт бұрышым тең тұрғанда,
Қалайша Жезқазғанға дес берем мен?

Облыста он бес аудан, алты қала,
Сексен бес совхозымның салты дара.
Жиырма колхозбенен он комбинат,
Шығыстың тоғыз жүз мың халқы ғана.

Шығысқа қолы жеткен «жетем», – дейді,
Байлық пен дәулет нені көтермейді?
Алтайдың аясында қол ұстасып,
Бір отау, елу алты ұлт мекендейді.

Көлмағамбет:

Аңқау шал, ауа сөйлеп жайыласың,
Білмедім айтқаныңның қай расын.
Сен неге Өскемен мен Жезқазғанды,
Бір ана бауырынан айырасың.

Кемітсең, орындалмас ол есебің,
Мен бүгін өзіңмен де теңесемін.
Леонид Ильич пенен Димаш аға,
Болжады Жезді өлкенің келешегін.

Баласы елу ұлттың араласып,
Кеншілер кен қабатын алады ашып.
Техника прогресін қолданған соң,
Табысым күннен-күнге барады асып.

Аз емес, алты жылда өңгергенім,
Жарыста саған бәйге мен бермедім.
Жылқыбай, Смағзұмдай – балқытушым,
Бар және Қазымхан мен Дембергенім.

Біздерден сенде озат артады ма,
Балқымаң бізден ауыр тартады ма?
Сары мыс уыстаған Оразалым,
Нина мен Жолдасбайым бар тағы да.

Көрсең сен, кен тасқыны – мол ағынды,
Түзетіп алар едің олағыңды.
Одақ пен республика жарысының,
Осылар бастаушысы бола білді.

Табысым осылармен ағылады,
Шақырып ерліктердің дабыл әні.
Депутат, делегат та, Еңбек Ері
Солардың ортасынан табылады.

Ақыным, менен асып шалқымадың,
Мысты да менен артық қалқымадың.
Лениннің тойына біз смен сайын,
Береміз ең ауырын балқыманың.

Көзіме сені, ақыным, әлі ілмеймін,
Өрлесін енді менің әнім деймін.
Төрт жылдың өнеркәсіп жоспарларын,
Орындап шығамыз деп мәлімдеймін!

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз