Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қайып пен Ілияс айтысы (2-бөлім)

Қайып Айнабеков, Ілияс Манкин · 2 мин оқу

Ілияс, жан екенсің мақтан жақтар,
Бірақта жүлде алмайтын мақтаншақтар.
Білген адам мақтанды былай қойып,
Әуелі мойныңдағы борышты ақтар!
Сен мені тілмен жеңбей көмірмен жең,
Егерде абыройыңды болсаң сақтар!

Ілияс:
Ақыным, арындаған сөзің жақсы,
Шахтаңыз жақсы адамға емес тапшы.
Қалдырмай қайдағыңды сарнайсың кеп,
Секілді құрыстаған кәрі бақсы.
Аяулы азаматтар бізде де көп,
Ісімен көпшілікке болған басшы.
Ғазиз бен Серафиннен асып түскен,
Айта ғой, адамың бар қандай жақсы,
Қорғауға ұлы Отанды зұлымдардан,
Ашынып совет халқы күрес ашты.
Жорыққа жалпы жұртым лап қойғанда,
Әрине біреу қалып, біреу асты.
Жүрексінген кісідей жөпелдемде,
Жарыста кейіндедің, сен алғашқы.
Бір кезде шабан шахта аталдың ғой,
Оныңды болып жүрсің жасырмақшы.
Бәйгіні ұлы дүрсін көрдік талай,
Жүйрік бол жүлде алатын тимей қамшы.
Ағыншыл, алғашқышыл, тыз етпенің
Болатын тілерсегі талдырмашы.
Нысана әлі де алда жауды жеңу,
Бәйгені сонда ғана жеңіп алшы!
Халықтың қасиетін сақтайтұғын,
Жұртыма атышулы менмін жаршы.
Сен мені омыраумен соғам дейсің,
Сөзіңді сонау шәлкес қайтып алшы.
Көп ерлер елден туған бір жерде емес,
Тыл менен майданда жүр іркес-тіркес.
Жел сөзбен ауызыңды толтырасың,
Бір қолға жинағандай бәрін тегіс.
Түбінде мақтан – зиян, дандайсыма,
Ақылым саған айтқан етпе ерегіс.
Жұмысты қайта құрып бел буындым,
Бізде де басталады енді жеңіс!
Ақыным, абайлап бас аяғыңды,
Күн алда сынайтұғын байқап өріс!

Шахтаңды мақтан еткен мен де білем,
Білген соң бар шындықты айтып берем.
Қайыржан Серафиннен сабақ алып,
Атанды шебер басшы анық өрен.
Тасқыны тасқын судай асты дейсің,
Лотогтан Жүзбаевтың әлі төмен.
Қайып досым, сөзіңді салмақтап айт,
Мақтан, жалған қашанда зиян деген.
Жеке қара болдым деп желікпеңіз,
Шыққанша жауды жеңіп, сынасам мен.
Ешкім қумай дыр етіп зырлайтұғын,
Ұшқырсың артық емес бөденеден.

Қайып:
Ілияс, сөзің жаман, қорқам сенен,
Деген сөзің жел буаз, түбі жеңем.
Асығыс жоқ артымнан мықтаймын деп,
Шахта оңар ма, сен болсаң сабақ берген?
Бұл бетің, Ілиясым, адасқан бет,
Құр бетіңмен лақпай, орал бермен.
Терісіңді дұрыс деп далбастасаң,
Кенеуің кеткен сайын кетер төмен.
Нақтылы басшылық бар менің шахтам.
Көмірі күннен-күнге үдеп өнген.
Арың болса айтпас ең ағыншыл деп,
Көре-тұра үш туды желбіреген.
«Ұшқырсың артық емес бөденеден»
Деп, шахтамды теңейсің бөденемен.
Тексеріп, тегін танып, теңін тауып,
Кісінің теңеуі емес теңеу білген.
Ойыңның бар көлемі осы болса,
Ілияс күдерімді үздім сенен.
Несиемен жеңетін жауың бар ма,
Көмірің қайда, көрсет артық берген?
Он бесінде бітіргем май жоспарын,
Көзің сенің, Ілияс нені көрген?
Естімепсің, көрмепсің Жүзбаевты,
Ақыным, өзің айтшы ұйықтап жүр ме ең?
Бітеу соқыр болмасаң келіп көрші,
Шилкеевич көп артық еркегіңнен.
Шахтаң көмір бермесе бізбен бірдей,
Сөйлеспеймін мен енді сеніменен!

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз