Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Молдахмет пен Нұрхан айтысы (2-бөлім)

Молдахмет Тырбиев, Нұрхан Ахметбеков · 3 мин оқу

Ер талып, күн туғанда ел басына,
Шықты ерім шамырқанып дөң басына.
Кескілеп керегесін ойран салды,
Қас дұшпан хан мен бектің ордасына.

Аманкелді батырым,
Желігіп жауға тиерде,
Шалқасқа атқа мінер ет,
Ықшамдап киім киер ет.
Ер қаруы бес қару,
Еңсесіне ілер ет,
Жауды көрсе күлер ет.
Қырымнан көргіш қыраным,
Қиядан шауып ілер ет.
Шабытты туған безбелдім,
Асқар шыңға түнер ет,
Арыстандай жүректі ет,
Жолбарыстай білекті ет.
Халқының алтын қазығы ет,
Жалғыз малта азығы ет.
Тұлпардай сұлу тұлғалы ет,
Қатардан басым туған ет.
Атасы жаудың қайтпаған,
Атақты батыр Иман ет.
Ақсарбас қудай арда ет,
Атағы шулы дардай ет.
Бұлшығын кессең былқ етпес,
Бекпатша қызыл нардай ет.
Әділдікпен құрдас ет,
Ақиқатпен сырлас ет.
Жауыздықпен жаны қас,
Жәбірлімен мұңдас ет.
Өз айтқаны болмаса,
Өктем іске тынбас ет.
Өзеуленіп жау келсе,
Өлімнен қорқып қыңбас ет.
Аузынан шыққан бір сөзін,
Орындамай тынбас ет.
Қайтпайтын қайсар болатым,
Тасқа салса сынбас ет.
Ашуланса алмастай,
Қынабына сыймас ет.
Ел шетіне жау келсе,
Атының ерін алмас ет,
Аузына дым салмас ет.
Тоғыз сөтке түн қатса,
Сөткесіне бір татса,
Шалқасқа аты талмас ет.
Екі талай күндерде,
Еңкейіп жерден шалмас ет.
Жабыдайын жайылып,
Жау қолында қалмас ет.
Құланға құрық салдырған,
Киікке жетіп алдырған,
Батырдың серік жолдасы ет.

Ойланып, ерте оянып, ел намысын,
Етегін қанға малған ел қамы үшін.
Әсерлеп әнге қоссам Әлекеңді,
Бір кісі бекер демес қылған ісін.

Мынау бір қанды жорық құла майдан
Көпіріп қан жосыған қыр мен ойдан.
Кешегі батыр сұлтан халық ұлының,
Ерлігі елге мәлім кетпейді ойдан.

Қимылы батырымның болды күшті,
Алмадай жаудың басы жерге түсті.
Балта ұрған қу ағаштай жаңқаланып,
Немістің борбайлары аспанға ұшты.

Оғынан батыр Сұлтан жауған қардай,
Танкісі төңкерілді шөккен нардай.
Оқ тиген қарғадай боп қалбаң етіп,
Самолет жанып түсті жерге бармай.

Көтерсем қос айғаймен Қостанайды,
Қандай жан рас сөзді қостамайды.
Әдеті Қостанайдың сіздей емес,
Егінді қарға былғап тастамайды.

Ерте айдап егінімді алдым басып,
Қорама мал азығын болдым тасып.
Қысылмай қысқа мына ерте кіріп,
Отырмыз ұядай боп орналасып.
Қар түсіп қарашадан алты ай жатса,
Бір малым қылы сынбас түгі жатып.
Ақ мылтық, ала қаншық боран соқса,
Ала алмас жетім лағын есік ашып.
Тараған тоқсан өлке Тобыл тұрмай,
Күркіреп қар суымен жатар тасып.
Жалдама, Мұқыр, Сары, Жыланшық,
Алыстан Асанқайғы болған ғашық.
Өлке ек қабырғаны өрлей жатқан,
Қалың ел қонысы кең беткей ашық.

Күмістей сылдыраған суларым бар,
Сан түрлі ағаш біткен құмдарым бар.
Көрінбес қырық мың жылқы қамысынан,
Нар қамыс найза бойлы нуларым бар.

Басы аман, Қазанбасы, Қарағайлы,
Елге құт, егінге бай, малға жайлы.
Секілді сегіз жәннәт жерлерімді,
Колхоздар меншіктеген басыбайлы.

Жылқы шыңға, қара мал құмға жайлар,
Алқапта ақтылы қой мыңдап айдар.
Тоқтысы тоқсан кило етке шығып,
Шар саулық шығыр жеген майға шайлар.

Жері асыл Қошалақтың дымқылдаған,
Мамықтай жанға жайлы былқылдаған.
Боталап жүздеп інген май айында,
Колхозшым шұбат ішіп сусындаған.
Кешкілік құлағына сазы келіп,
Күй қаптап көлдің басы сыңқылдаған.
Күркіреп ақ бас бура көбік шашып,
Буыршын қыңыржақтап қырқылдаған.
Боталар боз торғайға әнін қосып,
Інгендер үйді айналып ыңқылдаған.
Кешкілік қыз-келіншек түйе байлап,
Бұралып буындары былқылдаған.
Азғындап ата-мекен мұраларың,
Жабусыз ашық, тесік қораларың.
Сары аяз зымыстаннан қорғанбайтын,
Бар ма еді кәрі қыста құдаларың.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз