Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Нияз бен Болман айтысы (2-бөлім)

Нияз Ожанов, Болман Қожабайұлы · 3 мин оқу

Жүлде алған бір ауылым Аралтөбе,
Өсірген мал кіндігін ұрық себе.
Жезқазған озып шықты Ұлытаудан,
Секілді күші басым алып дене.

Орындап жыл-жыл сайын мал жоспарын,
Көтерді армияның көкке белін.
Өткен қыс шығындатпай малдың басын,
Жаз бойы аман сақтап малдың төлін.
Жыл сайын елден бұрын орындады,
Отанға ет пен майдан берешегін.

Беретін қолқаласаң сөзден сыйым,
Лебім жел, дауысым дауыл, үнім құйын.
Шапқанда қырық бүктеліп, ширатылам,
Тау мен қыр шабысыма болмас бұйым.
Алты ай қыс қақырап, мұз түкірген,
Ұлытауда малға сыйлы бар ма жайылым.
Қыс бойы тау күңіренткен ақ бораннан,
Ақыным, көресің бе бір күн тыным?
Паналап әр бұтаны бүкшеңдейсің,
Тілейсің құдайы айтып, жаздың күнін.
Уыстап шөбін беріп желге айдасам,
Малыңда қалай болмас көптен шығын.
Жыл бойы қыс көрмейтін құмның жерін,
Ол түгіл түсіңде де көру қиын.

Нияз:
Ежелден мал анасы құт дарыған,
Құнарлы жерің болса оты қалың.
Шөп сұрап Ұлытауға неге бардың?
Сол жерін айтып берші, болсаң балуан.
Өткен қыс Жезқазғанның комбинатын,
Асырап шыққан жоқ па біздің аудан.
Қарсақбай жазы-қысы дамылдай ма,
Шөп тартып ертелі-кеш Кішітаудан,
Айтқандай жер байлығың болған болса,
Осылар ойнап жүр ме, неге барған?

Мен саған баяндайын аудан жайын,
Сөзіңе кезегімен сөзім дайын.
Екі жыл ауданыма азық болар,
Тапсырған мемлекетке ет пен майым.
Асырып мал жоспарын орындаған,
Бір ғана биыл емес, жыл-жыл сайын.
Мен құсап алдағы жыл есебіне,
Бар болса, айт ақыным, берген малың...
Сарыкеңгір самғай ағад оңтүстікке,
Су беріп Ақбасбұлақ екі жікке.
Жүз гектар аяғында егісі бар,
Мың пұттан астық берген көпшілікке.
Мұрабым тоқсандағы Жапсарбаев,
Бастаған бір колхозды игілікке.
Алтындай «Алғабастың» ақ бидайын,
Қайтушы ед кісілерің алып текке.
Қыс болса, біздің елден бидай іздеп,
Келуі колхозыңның өтірік пе?
Беретін керегімді күшің бар ма,
Беріп кет уәдеңді мына көпке?

Болман:
Төгілсін көмекейден алтын жырым,
Бұлбұлдай сайра шешен қызыл тілім.
Жұмысы үлгі болған басқаларға,
Арналсын батырларға сөзім-жырым.

Ту тіккен Аманкелді Қызыл байрақ,
Жусатқан елдің жауын салып ойнақ.
Қопалы тоқсан көлдің төсіне еніп,
Қаптаған колхоз малы жатыр жайнап.
Батырдың атындағы колхозымда,
Жыл сайын қарға түсед, бір мың бойдақ.
Көгені үш түйеге жүк болады,
Көктемде үш мың саулық бірдей қоздап.
Құтындай осы малдың Жүніс қария,
Өсіред әр қозысын жастай баулап.
Батыры зор еңбектің ер Мейірман,
Екпіні жер шарпиды өрттей лаулап!
Суарып жалғыз өзі жүз гектарды,
Көк бидай өрім талдай өсті қаулап.

Құрман қарт қошақанның анасындай,
Көреді іштен шыққан баласындай.
Колхозға сегіз жылдай құт шопан боп,
Көзінің сақтайд төлді қарасындай.
Жүз қойдан жүз қырық алты қозы өсірді,
Ұлытауда батыр бар ма дәл осындай?
Фермамен бірге жасап келе жатқан,
Таңдаулы сауыншым бар Аққамалдай.
Өсіріп жүз он екі бұзау қосты,
Бәрі де асыл тұқым, қасқа маңдай.
Колхоздың аты шыққан ауданыма,
Қосшығұл бастап келеді неше жылдай.
Іскерлік, басшылықтың арқасында,
Елімнің келе жатыр сағы сынбай.

Үш колхоз – егінші ауыл, жері Сарысу,
Жеріне суық түспей ұшады бу.
Көктемде қозы жамырап, сиыр мөңіреп,
Неше алуан ауыл үстін басады шу.
Үш колхоз он үш мың мал өргізгенде,
Болғандай ел үстінде ұлы бір ду.
Бәйге алған алтын сағат Тұңғышбаев,
«Бірлестік» колхозына байлатқан ту.
Бір құтым «Бірлестікте», Сарке шалым,
Бір өзі табыстырад төлдің бәрін.
Қоздатып, сол колхозда үш жүз тоқты,
Мақтау алды ел алдында Әби қартым.
Елгезек, кең кеуделі, бура санды,
Шеніне пар келтірмес ешбір жанды.
Бар жұрты «Жетіқоңыр» ардақтайды,
Теңгеріп бір өзіне үш адамды.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз