Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Болман мен Нұртаза айтысы (1-бөлім)

Болман Қожабайұлы, Нұртаза Айранбайұлы · 3 мин оқу

Болман:
Нұртаза, шешен болсаң сөзге тақпақ,
Есіңіз жел қайықша екі жақтап.
Қимылда барың болса осы жолда,
Жүйрігі Марганецтің жүрген баптап.
Бәйге алған Жезқазғанның жүйрігімін,
Тарылтам тынысыңды бір-ақ аттап.
Таны, сен, топтан озған ардагермін,
Сан топқа салып жүрген халқым баптап.
Өзіңдей өзен сайды кетем басып,
Толқынды дариямын шыққан қаптап.

Жезқазған Қазақстан тұңғыш ұлы,
Ешқашан қарсыласып келмес тілі.
Тойына Қазақстан 25 жыл,
Жарыспен социалды күні-түні.
Кірісті өндіріске елдің жасы,
Ешкімнің меніменен жоқ таласы.
Өсірдім мың-мың жасты маман етіп,
Атымды түгел білед жер шарасы.
Теңі жоқ СССР-да мыс кенінен,
Таусылмас ұлы қорым асыл тасы.
Жауына ажал, халқына бақыт болып,
Артылған қатарынан дәрежесі.

Мерекең құтты болсын, ақын інім,
Қалдырмай барың болса сөйле бүгін.
Ақыны Марганецтің кезек бердім,
Өткіздің қай табыспен жарыс жылын?

Нұртаза:
Мерекең құтты болсын басты қосқан,
Табысқа күңіренген жер мен аспан.
Халықтың қуанышы жүрегінде,
Осы еді ұлы тойды көптен тосқан.
Жасасын елдің ері еңбек еткен,
Өмірлік келешекке үлгі шашқан.
Маған сіз енші берген үлкен үйсіз,
Табыстың тамашалай көзін ашқан.
Мен-дағы сүтін емген кенжесімін,
Тұңғышы сіз болсаңыз Қазақстан.
Қан майдан қатты соғыс уағында,
Күшімді көрді халық алға басқан.
Мен сенің артыңдағы жеткіншегің,
Қосылып қол ұстасып қадам басқан.
Мен-дағы дамыл алып жатқаным жоқ,
Қырандай шалқып ұшып таудан асқан.
Тұрғанда дауыл соғып тозаңдатып,
Жездінің қақ төріне орналасқан.
Көк майса жатқан жалпақ үлкен Жезді,
Шатырдай жаңа салған сәнді қалам.
Буланып, сәулеленіп нұрланды аспан,
Күші бар бір мың аттың дизель құрдық,
Ерлерім екпінімен тау құлатқан.
Асыл тасы Марганецтің жауға оқ болып,
Бірінші СССР-да күші батпан.
Бұл соғыс басталғанда мен де тудым,
Ішінде атағы зор Қазақстан.
Снаряд, бомба, танк, брон болып,
Күшімен Марганецтің жау қиратқан.
Тылдағы менің берген күшімменен,
Ерлерім қан құстырып жауды атқан.
Өзінің ортасында талқандадық,
Құрыттық сұр жыланды ел жылатқан.
Жарасып жерге лайық салған қала,
Мал мен бас бірдей өсіп таңырқатқан.
Мектепте білім алып оқып жатыр,
Жайнаған жауқазындай жас ұрпақтан.
Ақыным алып келген табысыңды айт,
Мен-дағы кісі емеспін бекер жатқан.
Орындап жоспарымды артығымен,
Өкімет құр қалдырмайд наградтан.
Досетов, Ұмытшақов, Қыстаубаев –
Осындай ерлерім бар топтан асқан.
Үйреніп техниканың неше түрін,
Бірнеше ерлерім көп ізін басқан,
Қатпаған бұғанамыз жас болса да,
Жерім жоқ кейін қалып сізден сасқан.
Дыбысың көптен бері шықпай жатыр,
Әуелде екпіндеп ең судай тасқан.
Бұл күнде ісім де артық, күшім де артық,
Сөйлеп көр ақын аға ен табыстан.
Көлденең сөздің түрін байқадың ба?
Қайтпайтын мен жас ұлан тау мен тастан.

Болман:
Екпінім бұлтты жарған самолеттей,
Көк жүзін жұлдыз сүйген қанат қақпай.
Аралап жердің жүзін сағат сайын,
Ұшады желдей заулап дамыл таппай.
Аралап жердің бәрін көріп келдім,
Теңдесін Жезқазғанның жүрмін таппай.
Қойнымда үш жүз жылдық қазынам бар,
Тұтасып арқаны алып жатыр таптай.
Одақта кен байлықтың ордасымын,
Секілді темір қазық тұрмын саспай.
Орнаған ортамызда алтын қазан,
Құйылып жатыр мысым бал қаймақтай.
Атасы осы мыстың асыл тасым,
Дайындап темір жол тұр піскен астай.
Балқаш пен Қарсақбайды қамсыз етіп,
Артылып миллион тонна тұр запаста-ай.
Шашама шаң жұқпайтын жүйрігіңмін,
Топтардан озып жүрген тұлпар аттай.
Сен түгіл біздің табыс көпке жеткен,
Бәйгені сан жарыста алдым шаппай.
Жезқазған орнағалы дәл жиырма жыл,
Келеді ешкім маған кінә тақпай.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз