Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Болман мен Нұртаза айтысы (2-бөлім)

Болман Қожабайұлы, Нұртаза Айранбайұлы · 3 мин оқу

Өсірдім маман етіп мың-мың жасты,
Шығардық мыс пенен жаз – асыл тасты.
Миллион жыл жер астында жатқан кеннің,
Сәтбаев – ер Қанышым көзін ашты.
Кенімнің байлығымен жауды құртып,
Жеңіске ұлы табыс араласты.
Мен алдым жер жүзінде екінші орын,
Кені деп Қазақстан атақ шықты.
Тыныштықта он төрт жылғы өнімінен,
Кезінде қан майданның бес есе асты.
Барлатып сол күшімді айтсам шолып,
Қай шахта болар екен менен толық?
Соғыста асыл тастан аққан мысты,
Оқ қылып атты жауға жүздеп полк.
Он алты ай жеңіс туын мен ұстадым,
Сайма-сай табысыма бақыт қонып.
Мен болам майлы қоныс алтын орда,
Сияды қалай айтсам ауызым толып.

Мен-дағы екпіндетіп келдім жетіп,
Шығардым он үш шахта дайын етіп.
Құрылған Жезқазғанда отыз шахтам,
Кеңейтіп алып өріс барад кетіп.
Үйретіп техниканың жаңа әдісін,
Шығардым жүздеп маман, дайын етіп.
Мысалы, алғы шахтер Ғизатова,
Үлгісін көп әйелге жүр үйретіп.

Шахтасы комсомолдың қызыл тулы,
Тамаша төрт жыл ұдай қарқын туды.
Жер астын сексен метр ойып түсіп,
Шаңдатып шығарған ер көкке буды.
Тоқаев осыларды жүрген бастап,
Жас жігер қайраты асып туған ері.
Қоңқаев, Рахметов, Рахима
Ерліктің еркін ашып жолын қуды.
Ысқақов, Шакинов пен Тоқтаевта,
Құздардың жігін ашып шыңды бұзды.
Құсайын, Әлімбаев, Боровпенен
Уақта алға шықты қызды-қызды.

Хасимов, Омаровпен қайраты асқан,
Шахтаның он бесінші көзін ашқан.
Қоқанов, Есенгелді, Есетовтер,
Жүздеген ерлерім көп етсем дастан.

Сіздің ер біздің ерге болмас қатық,
Тәшке айдап биік өрге тозаңдатып.
Жер астын ел көшкендей күңірентіп,
Нормасын екі есе істеп шыққан артық.
Тағы айтсам Жезқазғанның батырларын,
Іріктеп ішіндегі батылдарын,
Жарыста социалды жарып шыққан,
Түскенде қалың топқа артылғанын.

Жарыстан социалды қарқын туды,
Қопарып қат-қат тасты қалың нулы.
Айында жылдық жоспар өнім берген,
Айтайын алып күшті туған ұлды.
Балмұқан елу жігіт ісін істер,
Қопарып жүз-жүз тонна терең құзды.
Көтеріп жиырма пұт тас тәшкеге ұрды,
Ер бар ма Марганецте осы сынды.
Денесі алып, маңдайы жарты қарыс,
Зор кеуде, жауырыны жатыр алыс.
Саласы саусағының сом темірдей,
Жайнаған екі көзі бір жолбарыс.
Ер жүрек, балуан білек, қайтпас беті,
Кезінде аты шыққан ұлы жарыс.
Үзбестен он бес жылдай шахтада істеп,
Күні жоқ қатарына берген намыс.
Мысалы Шаталюкті алған болсақ,
Атақты бұл да ерім тапқан табыс.
Қазақта Балуан Шолақ секілденген,
Көтерер елу пұтты етпей шалыс.

Ақшалов, Анарқұлов келер тағы,
Баптаулы бұл да елінің арғымағы.
Ағыбай, Бұхарбайдың болар еді,
Кездессе жауға шабар намыс шағы.
Елім де майданға дем берген соң,
Өмірлік сынған жоқ па жаудың сағы.
Соғыстан наград алып келген ерлер,
Айтып келді рахмет олар-дағы.
Қосылған қуанышпен жауды құртып,
Ерлерді наград алған айттым тағы.

Танкисті Ұншынбаев Жақсынбегім,
Толтырған наградқа көкірегін.
«Слава» орденнің екеуі бар,
Босатқан Будапешті қайсар ерім.
«Қызыл Жұлдыз» ордені мен медаль алған,
Жас батыр – Мусин ұлы Қасымбегім.

Тылдағы менің берген күшімменен,
Қиратып шықты ерлер жаудың шебін.
Күн батыс, күн шығыстан жауды құртып,
Шаттандым ерлерімді көріп көзім.
Тойладық тыныштықта екі тойды,
Осындай қуанышты барлық елім.
Халқына еңбек еткен батырларды,
Айтып бер көп алдында інішегім.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз