Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аманжол мен Бекболат айтысы (2-бөлім)

Аманжол Әлжанов, Бекболат Меркемелиденов · 2 мин оқу

Кербез ғой кермаңғаздай Күншалғаным,
Ақдінді қатарыңа қоса алғаның.
Сыртың егін болғанда, ығың пана,
Мал кіндігі аталған бауырларың.

Бүркітті, Тұрымтайлы егіз болған,
Бетегелі, жусанды адырларым.
Жырлаған талай ақын сені мақтап,
Бұл емес жаңа ауызға алынғаның.
Өзен, бұлақ, көлдерім және есепсіз,
Су сұрап сізге барып жалынбадым!
Жыр құйды көкейіме осы өнерім,
Шабытпен міне де мен ағындадым.

Тауларым Алатаудың шатқалындай,
Бұлағым асау терек аққанындай.
Тұзым бар сырқаттарды емдейтұғын,
Бір түссең дертке дауа тапқанындай.

Атақты аты шыққан жерлерім бар,
Алтынды Бестөбедей кендерім бар.
Оңтүстігін Өлеңті алып жатыр,
Аңқиды шөптерінің иісі жұпар.
Тоқтатқан неше жерде бөгетім бар,
Дариядай көзді тартып тасып шалқар.
Шыққанда балаусасы бұйраланып,
Жеріңе Вишневка жеке татыр.

Солтүстігін Сілеті орап аққан,
Бал деп айтар суының дәмін татқан.
Орныққан колхоз, совхоз өңіріне,
Ырыс боп дәулетіме майдай жаққан.

Көлім бар, тауым бар деп қоқақтайсың,
Мен желсем ілесе алмай шоқақтайсың.
Ақыным ауданыңды мақтасаң да,
Жанында Еркіншілік ноқаттайсың.

Аманжол:

Уа, Беке, қададыңыз тың тұяқты,
Өмірді өрлемесек бізге ұят-ты.
Кемсітіп қанша бізді айтсаңыз да,
Күтпейміз ешқашанда ұтылмақты.

Байлықты мен де өзіңдей еркін қаздым,
Жүрген соң саясында өмір жаздың.
Халыққа басқармадай есеп берген,
Жайынан мен сөйлейін мал мен баздың.

Тоқтайын малдарыма көзің көрген,
Мыңғыртып кең жайлауы өріске өрген.
Қол басса сүбесіне қозғалмайды,
Жері жоқ бақташымнан кеміс көрген.
Болған да жерім де бай, елім де бай,
Көденің әр түбінен қозы терген.
Бұл Бекең, қалай-қалай шайқаңдайды,
Қапы қап отырғам жоқ мен де төлден.
Аппақ май тұла-бойы кере қарыс,
Белгілі шошқамыздан өнім өнген.

Көрдің бе, мамық жүнді құстың санын,
Сары үрпек, қызғалдақтай балапанын.
Шұбырып Мәрияға еріп жүрер,
Дегендей, мен де сенің балақаның.

Елімді еркін жүріп араладым,
Мен көрдім малға толған аралдарын.
Түлігім түгелімен семіз шықты,
Ал, Беке, сіздің қалай қадамдарың?

Жақсыға ақыл айтса аңғарады,
Бұл Бекең табысыма таң қалады.
Марқайса жетістікке көңіліміз,
Кемдікке ақын жаны шамданады.

Сыйлаймын еркелетіп ақын шалым,
Болса да ақындығың жұртқа мәлім.
Кемістігін басшының бір айтпасаң,
Соларға болып па едің жақын, шалым?

Атқарды міндеттерін мамандарым,
Мен айтсам сізге соның сан алуанын.
Қойлардан қозы әперді артығымен,
Сейіт, Әкім, Боранбайдай шопандарым.

Әбу, Рахым, Нұрғали, Қабылдарым,
Малдан бір қозғамады табандарын.
Артықбай, Сатыбалды, Мәжиттердің,
Артып тұр ел алдында дабылдары.
Және бар Зәкәрия, Даниярлар,
Е, аға, соларды сіз көре алмадың.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз