Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аманжол мен Бекболат айтысы (3-бөлім)

Аманжол Әлжанов, Бекболат Меркемелиденов · 2 мин оқу

Қоянды-Қойтасым тұр жердің құты,
Дерсің бір мың құлпырған сұлу тоты.
Қарақоқты, Қарасу, Жарсорынан,
Арылмас еш мезгілде жердің оты.

Ысмағұл аман сақтап, қорғай білді,
Шығармау сыртқа шашау жылқы малын.
Неше күн тас боранда белін шешпей,
Жүреді жігерленіп Баймұқаным.
Қозы мен қой өрісін көргің келсе,
«Изобильный» совхозына келгін, шалым.

Бәрі шын дей алмаймын айтқаныңыз,
Кемдікте бүркемелеп жасырмаңыз.
Өзіңіз түсінерсіз мән-жайына,
Болмаса мойынға алып тоқталыңыз ...

Бекболат:

Ауданым көп орталық ағасындай,
Құндызды пұшпақ ішік жағасындай.
Көрікті мектептер мен мекеме бар,
Атақты Ақмоланың қаласындай.

Па, шіркін, орталықта клуб қандай,
Халқы бір облыстың тыныққандай.
Жаңа үйлер қысы-жазы салынуда,
Өскенім осы емес пе толыққанды-ай.
Неше қабат зәулім үй сәулеттенер,
Электр жарқыраса күн шыққандай.
Аудан түгіл ферманың көбі осындай,
Үлгіні бір-ақ жерден қорытқандай.
Көргенде сәулетімді Вишневка,
Шайлығар жүрегің де қорыққандай.
Он жылдық он бір жерде мектебім бар,
Білімнің ордасына молыққандай...

Жаным-ау, мен де көрдім ауданыңды,
Көргеннен білдім артта қалғаныңды.
Үйің бар көз тартатын төрт-бес қана,
Құр бекер айтпасаңшы жалғаныңды.

Бар екен ауданыңда ескі клуб,
Қойыпсың әйнегіңді тағып-тағып.
Есігі ашық жатыр шалқасынан,
Жүр екен ешкі-лақтар кіріп-шығып.
Ауданның игілігін бір ойламай,
Кей басшы отыр екен қалай бұғып.
Жалғыз-ақ көзге түсер бір ісің бар,
Салыпсың аурухана оғып-бұғып.

Ал маған шындығыңда айтсаң етті,
Көп сумма тексерісте қайда кетті?
Басында ауданыңның суың да жоқ,
Тасисың алыс жерден шаршап тіпті.

Кей балаң тартылмапты мектебіңе,
Шегініп артқа қарай кеткенің бе?
Онжылдық үш-ақ жерде мектебің бар,
Аманжол, осы маған жеткенің бе?

Аманжол:

Болмайды мұндай жайды елемеске,
Кемшілік, Беке, Сізге ар емес пе?
Арақтың желігінен желдей ескен,
Мұғалім Бейсенбайың бар емес пе?

Көрдің бе «Өрнек» тәртіп бұзғандығын?
Ұйымын төбелестің құрғандығын.
Қалың жұрт еңбектеніп жүрген шақта,
Жол беріп баптистерге тұрғандығын.

Бұл сынау бірін-бірін соққан жоқ па,
Таяқпен бірін-бірі соққан жоқ па?
«Ленин» атындағы совхозыңда,
Үш жігіт жараланып жатқан жоқ па?

Ауданның заң адамы көрмеген бе,
Болмаса бұған көңіл бөлмеген бе?
Маскүнем адамдарға тыйым салу,
Олардың қолдарынан келмеген бе?

Кісінің жақсыларын асырарсың,
Қу, сұмды қалай бірақ жасырарсың.
Серпухов, Саттар менен Саркездерді,
Мен айтсам «айтпашы» деп бас ұрарсың.

Жыр айтсам жұмыссыз жан жатпасын деп,
Айтқам жоқ көшені бос таптасын деп.
Колхоздың бастығының әйелдері,
Кім айтты еңбеккүнді таппасын деп?

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз