Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мүтәй мен Сансызбай айтысы

Мүтәй, Сансызбай · 2 мин оқу

Мүтәй:

Ән салып тайпалайын осындайда,
Шабытым шалқушы еді жиын тойда.
Тұрамын Шарынголда, ал өзіңіз,
Кім еді ат-жөніңіз, ауылың қайда?

Сансызбай:

Сансызбай менің атым, әнге салған,
Дауысымды естіген жан қайран қалған.
Мекенім Баян-Өлгей, Тұлба сұмын,
Аямас дәм-тұздарын келген жаннан.

Мүтәйдің сынға түсер бесті күні,
Жоғалар жаман әдет ескілігі.
Ел-жұртым ол жақтағы есен-аман,
Тең өскен жыл-жыл сайын бес түлігі.
Таныстық арасанда Жанчивлан,
Теңдікте еркін өскен сен бір құлан.
Жоспарын бес жылдықтың орындауға,
Биыл да сенім беріп, салдық ұран.
Тілеуі қабыл болсын осы жолдың.
Барлығын біліп қапсың оң мен солдың,
Біржан сал іздеп келген Сара ма едің,
Айта бер жаңалығын Шарынголдың.

Мүтәй:

Алса да үлкен жұмыс міндетіне,
Жетеді жігерлі адам шын сертіне.
Еңбекшіл әрі жомарт халқымыз бар,
Бөлейді жақсылықтың құрметіне.

Адамзат жасарады өмірменен,
Пендені отқа салар көңіл деген.
Табыс бар Шарынголда екпіндеген,
Дарханды қанымдаймыз көмірменен.

Осылай жерімізде бақ тасуда,
Батыр бар Цэрэндорж шахтасында.
Танылған «Гавъяат» боп Базарлар бар,
Қабиден жүлде алады аптасында.

Сансызбай:

Бар екен Шарынголда үлкен табыс,
Асықпай танысуға ауыл алыс.
Дауысың сылдыраған жан екенсің,
Секілді бұрқыраған бұла ағыс.

Туған жер қыран ұшар тұрғысындай,
Жас шақта жан болар ма құрбысындай.
Өлгейдің қай жерінен түлеп ұштың,
Айналып барып тұрар жыл құсындай?

Әнің әсем, дауысың сызылады,
Көркіңе көрген адам кызығады.
Сөзіңе мінезің сай жан екенсің,
Көңілім сен дегенде бұзылады.

Мүтәй:

Азғанты туған жерім ала таулы,
Баса алмас семіздіктен мал атаулы.
Біржандай іздеп келсең сол өлкеге,
Тіккізіп айтысар ем ақ отауды.

Есен жүр қайда жүрсең асыл кұрбы,
Кезікпес іздегенге сіздей тұрғы.
Жүректе арман кетті мазалаған,
Кең толғап айтыса алмай Сара сынды.

Сансызбай:

Әніме сала жүрші есіңе алып,
Ұрпағың ақын болсын өлең дарып.
Дес бермес өлең сөздің дүлдүлісің,
Өзіңді бағаласын тәмам халық.

Өмірге көз жіберіп қара мына,
Еш бөгет болмаса да талабыңа.
Аман бол көріскенше қайта айналып,
Тірлікте жас келмесін жанарыңа.

1987 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз