Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұқаш пен Молдабай айтысы (2-бөлім)

Мұқаш Байбатыров, Молдабай Жолдыбаев · 2 мин оқу

Мұқаш:

Ал Молдеке, шақырдың,
Мені бүгін ортаға.
Білген жанға сыйласу,
Біреуден біреу қорқа ма?
Дәм-ризық болмаса
Мезгілсіз адам жорта ма?
Асқар ақын алдында,
Мына отырған Қалқа ағай,
Әнеу күні бір сөзін,
Сипап өтті-ау байқамай.
Ұядан құс ұшпайды,
Бала болып шайқалмай.
Іші тар екен Игібай,
Отыр екен айта алмай.
Жасынан бірге өскен соң
Алатауда аршадай
Қоңды, биік наршадай.
Есітіп білген он жырын
Игібай барсын Арқаға-ай.
Баласымен кездесіп,
Құмары кетті тарқамай.
Ал, домбырам, зарылда
Ор қояндай бұлтылдап,
Тіл-көмейім, сөйлей көр,
Май жаққандай жылпылдап.
Оң саусағым, ойнап бақ
Шақпақ тастай жылтылдап.
Ән мен жырға кейбіреу
Шебер келер қутыңдап.
Қартайған соң буының
Келмейді екен сыртылдап.
Қыз, бозбала мазақтар

Азар болса сыңқылдап,
Ақын келсе аузымнан
Сөз төгілсе сусылдап,
Анда-санда тозаңым,
Бір көрінсін бұрқылдап.
Төрт күн жазып газетке
Мазамды алды-ау қыңқылдап.
Біреудің сөзін жаттап ап,
Ақынмын дейсің сұңқылдап.

Молдабай:

Мұқаш:

Ақындар домбырасын қолға алмаса,
Қырандай екі иығын қомданбаса.
Өрге өрлеп, өрге сүйреп, қияға ұшып,
Атқан оқ, жанған өртпен қорғанбаса.
А десе аузынан маржан төгіп,
Сөзінде айтылмаған сөз қалмаса.
Тыңдаушыны балқытып қорғасындай,
Отырған жан орнынан қозғалмаса.
Уа, шіркін пәлен ақын дегендей-ақ,
Кәрі, жас бола ма екен таңданбаса.
Батыр менен ақынның тілегі бір,
Оза шауып бола ма олжа алмаса.
Қалың халық қарайды басшысына,
Басшы ма қара суды қақ жармаса?
Басшы да батыр еді-ау ақын да сол,
Адасар енді ақылдан аңғармаса.

Алматы облысын аңғарыңыз,
Жамбыл баба атында ауданыңыз.
Талдықорған еліне жолаушылап,
Молдеке, бар ма өмірде барғаныңыз?
Ауылыңнан айналып шықпай жүрсің,
Көңіліңде кетеді-ау, арманыңыз.
Өткен жылы, хал-жайың қалай болды?

Қырылды деп естідім бар малыңыз.
Абыройды алғанның біреуі едің,
Жерден ауыр бұл күнде салмағыңыз.
Шопандарды қыдырып жүруші едің,
Сіздің де қайырлы екен барғаныңыз.
Қанша шопан қалыпты таяқ ұстап,
Қазір қалай болып тұр хал-жайыңыз?

Малыңның биыл қалай жемге құлқы,
Керекті ауыз судың бар ма сиқы?
«Отыз жылдық», «Қарасу» колхозынан
Базарға айдатыпты төрт жүз жылқы.
Барар жерге жете алмай ақ қар басып,
Болғаның есіңде ме елге күлкі?!

Молдабай:

Айтыссаңыз, келіңіз
Алдымен кезек беріңіз,
Сонан кейін, Мұқашым,
Біздің өнерді көріңіз.
Күлме, Мұқа, ақыным,
Алыс емес жақыным.
Осынау қыстың бораны.
Талай елді орады.
Қаптай жауып қалың қар,
Жапты тегіс даланы.
Ақбөкен, марал маңырап,
Ауылға келді дала аңы.
Ақ бораны Арқаның
Ақырып алты ай борады.
Жабылды жолдар торабы.
Самолетпен жем тасып,
Вертолетпен шөп шашып
Бұзып бердім қораны.
Болмаған соң оған да,
Бөліп алдым үй сайын
Аналық малды балалы.
Мал басын сөйтіп сақтадым,
Жаппа, ақыным, жаланы!
Қайдан білсін қалалық,

Тұз шашатын көшеге,
Тайса қардан табаны.
«Таяқ ұстап қалды деп»
Табалама малшыны.
Асың үшін алғыс айт,
Ақын болсаң саналы.

1970 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз