Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Манап пен Әсімхан айтысы (4-бөлім)

Манап Көкенов, Әсімхан Қосбасаров · 2 мин оқу

Ақ күріштің атасы,
Даланың академигі –
Жақаев деп аталар,
Кім бұған дау айта алар?!
Жүздеп, мыңдап саналар,
Жолын қуған шәкіртін,
Есептесем қанша бар!
Балықшы батыр Қапаштың,
Бесжылдықты бір жылда,
Істеген ерен ерлігін,
Үлгі етіп еліңе айта бар!
Таңырқасаң бұларға,
Кездестірейін өзіңе,
Көрсетейін көзіңе,
Қызылордама қайта бар.

Жақаевпен Мәскеуге
Көрмеге барып келгенмін.
Жиырма жыл бұрын осыдан,
Ленинградты көргенмін.
Алматы келіп сол жылдар,
Өлең айтып бергенмін.
Орта білімді ақынмын,
Білгендерге ергенмін.

Өз сөзіңнен, Әсімхан,
Тұрсың-ау өзің шатылып.
Көкек болып кеттің бе,
Өз атыңды шақырып?
Ептеп қана сынап ем,
Орныңнан тұрдың атылып.
Ағалығың бар, әйтпесе,
Кетер едім қатырып.

Ие болма жамбылдық –
Бауыржан мен Кененге.
Сендірмексің кімдерді
«Алматылық» дегенге?
«Астанада тұрды» деп,
Қоса берме өлеңге.
Ортақ адам байқасаң,

Батыр, ақын бар елге.

«Сөйлейсің неге?» демейін,
Кезегіңді берейін,
Қапыда қалма, Әсеке,
Барыңды бүгін қарышта,
Айтысып бір көрейін!

Әсімхан:

Атақты қарт Жамбылдың ауданында,
Ақмарал, арқар, құлжа тауларында.
Жамбылдың мавзолейі өрнектелген,
Ырғалған алма ағаштар жан-жағында.
Музейге шет елдерден келген адам,
Парасат бейнесіне таңғалуда.

Көлемі көп өнімді егіс бізде,
Егістен ел тойғызған жеміс бізде.
Қой қоздап, тай құлындап, тайлақ қайып,
Мыңғырып малға толған өріс бізде.

Алынған бау-бақшадан өнім бізде,
Гүлденген байтақ дала, өңір бізде.
Шертіліп алуан түрлі ән менен күй,
Бөленген қуанышқа көңіл бізде.
Бесжылдық артығымен орындалған,
Алтын дән ақтарылған егін бізде.
Жоғары Советімнің депутаты
Сауыншы Плахина келін бізде.

Бал тамған таңдайынан ақын бізде,
Ляпиндей ер механизатор бізде.
Сәмедин, Мусин, Дәнеш, Жандыбаев,
Омырауға жұлдыз таққан батыр бізде.

Баяндап байлығымды айтсам сізге,
Қорасы қойға толған отар бізде.
КПСС съезінің депутаты,
Қилыбаев депутат шопан бізде.
Қазылған шын асылдан кен де бізде,

Көк орай, шөбі шалғын жер де бізде.
«қастекте» асыл тұқым қой өсірген,
Амалбек басқаратын ферма бізде.

Жоялық кемшілікті сіз де, біз де,
Алмағын Манап ақын, көңіліңізге.
Аяқтап бесжылдықты табыспенен,
Атақпен кездеселік келер күзде.

Манап:

Шапырашты Сүйінбай,
Ақындықтың туындай.
Шәкірті оның Жамбыл ед,
Сөйлесе сөзі ұнамды,
Сары алтынның буындай.
Жәкеңнің жүйрік шәкірті
Үмбетәлі ол да өтті,
Егескеннен жығылмай.
Солардың сен ғой ұрпағы,
Жатыр ізі суынбай.
Алпыс жасқа келгенше,
Ақындықтың жүлдесі –
Келе жатыр бұйырмай.
«Отызда орда бұзбасаң,
Қырықта қамал алмайсың»
Ақындық бағаң тиындай.

Сырда Нартай дүр еді,
Сүлейлердің бірі еді.
Батасын берген шақырып,
Жамбыл оның пірі еді.
Мен Нартайдың шәкірті,
Сіздерге өлең түстенсе,
Бізге барып түнеді.
«Сырдың елі – жыр елі!»
Екенін қазақ біледі.
Көмекші болған Жамбылға
Қалмақан, Асқар, Әбділда,
Сыр перзенті емей кім еді?!
Сол атақты Жәкеңнің

Өзіңдей болса Әсеке,
Қайтеміз жан күйері.
Айтарыңды жөндеп айт,
Ініңнің осы тілегі.

Әсімхан:

Айырмасы болады,
Торы менен жиреннің,
Аттарын айттың кімдердің?
Домбыраны ұстауды,
Әуелі кімнен үйрендің?

«Қазақстан халқының
Қамқоршысы кім?» десек,
Ұят қой оны білмесек.
Орынсыз бекер жәбірлеп,
Кінәсізді тілдесек.
Алатаудың басына
Өлеңнің туы тігілген,
Жыр сорғалап тілімнен,
Топқа түсіп жасымнан,
Халқыма еңбек сіңіргем.
«Еңбек күйі» дейтұғын
Кітапта жүрмін бүгін мен.
Танымасаң, Манабым,
Жетісуға білінгем.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз