Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көкен мен Әбікен айтысы (2-бөлім)

Көкен Шәкеев, Әбікен Сарыбаев · 2 мин оқу

Әбікен:

Ақынға шабыт келмей сөз келе ме,
Іздеген сұрағанға кез келе ме?
Ақыным, өлеңіңді дұрыстап айт,
Болғандай үлгі-өнеге өзгелерге.

Жетісудай жер бар ма,
Нұрмолдадай ер бар ма?
Шәкіртіне сабаздың,
Көкшетауда тең бар ма?
Балығы тайдай тулаған,
Алакөлдей көл бар ма?
Асты да кен, үсті кен,
Текелідей жер бар ма?

Көрсеткіші жоғары,
Ауданымыз Қоғалы.
Құт-береке жері бар,
Жүз тоқсан үш Ері бар.

Гвардия ауданым,
Табыстан қалған жері жоқ.
Байлығының кемі жоқ,
Қосылған ұлы дүбірге,
Шықты он бес ері боп.

Құлашты кеңге сілтеді,
Облыстың белі боп.
Мырзабек шықты бірлесіп,
Бабышевтің теңі боп.
Ауданымда шамшырақ,
Тұңғыш шыққан осылар,
Айтпайтын сөздің жөні жоқ.

Көкшетау жер шоқтығы мекеніңіз,
Бар шығар тағы айтатын есебіңіз.
Қайтсең де Талдықорған жеткізбейді,
Бұл анық – мойныңызбен көтеріңіз.

Жарасар бізден келіп алсаң нұсқа,
Болмаса күрмеуіңе жібің қысқа.
Ал, енді, сөз кезегін саған бердім,
Көкенім, домбыраңды қолыңа ұста.

Көкен:

Қолымда менің домбырам,
Жыр етеді танысты.
Қандай ақын болсаң да,
Бермеймін қолдан намысты.

Ертіс, Есіл буындай,
Көтерем көкке табысты.
Жүйрік пен жүйрік жарысып,
Жақындатты-ау алысты.
Осы отырған Әбікен
Мән бермей сөзге қарысты.
Тасқындатып, селдетіп,
Келді міне өлеңім.
Көкенді жақсы біледі
Көкшетаудың көлемі.

Мен мақтансам орынды,
Көрінер сөзім өрелі.
Сөз білетін азамат,
Береді дұрыс төрені.

Жақсылардың үлгісін
Жеріне жете мақтайық.
Бізге сенім артқан соң,
Үміттерін ақтайық.
Әсіресе, жастарды,
Жас та болса, бастарды,
Мадақтайық, баптайық.
Жасы үлкен ағаны,
Халықтан алған бағаны,
Кір келтірмей сақтайық.
Ағаға теңдес жеңгені,
Елге үлгі еңбегі,
Дәріптейік, мақтайық.
Қарындас пен ініні,
Бірдей еңбек, білімі,
Шамшырақтай көтеріп
Есімдерін жаттайық.

Аға шопан бізде бар,
Бағатаев Шортандай.
Еселеген есеппен,
Толтырады ортаңды-ай.
Шорекеңнің жұлдызы,
Жарқырады шолпандай.
Бір қойдан алған, жүніне,
Облыс болып сүйініп,
Дәл өзіңдей он ақын,
Костюм менен шекпенді,
Алар еді киініп.

Сіздерде де жоқ емес,
Ондай шопан атамыз.
Үлгісі бізге артық қой,
Үйреніп біз де жатамыз,
Бәрі де Отан өрені,
Бұл сөзде болмас қатамыз.

Есімдерін ескертіп,
Көп алдында атаңыз.

Әбікен:

Көз салып бір қарашы Қапалыма,
Еңбекпен аты шыққан қатарына.
Жыл сайын кейіндемей алға бастап,
Үдетіп үлес қосқан Отаныма.

Кім білмес курорт «Қапал-Арасанды»
Еңбекпен Ақсу құрған тамашаны.
Көркейген ауыл-село, қала-қыстақ,
Ән салсам ортасына жарасады.
Өмірге «Құлагердей» жыр әкелген,
Ілиясқа қандай ақын таласады.
Қапалдан шыққан ақын Ғалиым бар,
Жәкеңмен жақын болған алақаны.
Сөзіміз мағлұм болды барша көпке,
Тетелес екі ақында болмас өкпе.
Келер жылы табыспен көрісерміз,
Ал енді қоштасайық, айып етпе.

Сәлем айт Көкшетаудың ерлеріне,
Қайда жүрсең аман бол қызметте.
Екеуміз азды-көпті сілкілестік,
Кездессең бұдан былай сыртқа теппе.

Көкен:

Әбеке, Көкшетауға келіп кетші,
Гүлденген аймағымды көріп кетші.
Күндестіктен бірлестік жақсы деген,
Табысыма зор баға беріп кетші.

1972 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз