Манап пен Әсімхан айтысы (3-бөлім)
Манап Көкенов, Әсімхан Қосбасаров · 3 мин оқу
Білемісің, Манабым,
Біздегі он сан заводты?
Көресің барсаң әр ұлтты.
Қаншама жерде театр,
Көрсетіп ойын-сауықты.
Сол заводтан тоқылған,
Үйіңдегі кілемің,
Жайыңды мен де білемін.
Адасып әсем үйлерден,
Далаға талай түнедің.
Қалаға көп келмеген,
Сыртта өскен іні едің.
Оқымаған ақынсың,
Соныңа сенің күлемін.
Меніменен айтысқан,
Таудай екен жүрегің.
Бірнеше завод тоқиды
Шұға менен матаны,
Жұмысы жақсы сапалы.
Осы бізден апарып,
Сауда орнына сатады.
Бүтінделген шығар-ау,
Шалдарыңның шапаны?
Ауылыңа айта бар,
Түйеге арба жекпесін.
Сен бұл жақта жүргенде,
Сырыңнан сүзіп алынған,
Балығың сасып кетпесін.
Облысым бойынша,
Жүз елу автоклуб бар.
Мәдениет жағынан,
Біз емеспіз кіріптар.
Қосбасаров пен Жамбылов,
Көлбай деген жігіт бар.
Кітапхана саны да,
Бес жүзге таман жуықтар.
Мектептерді жағалай,
Тігілген ағаш шыбықтар.
Сендерде ондай жағдай жоқ,
Қызылордаңа біліп бар.
Он алты аудан – облысым,
Одағыма әйгілі,
Тасқындай бермек байлығы,
Көрсеткішім болмаса,
Айтпаймын бекер жай мұны.
Қызылордаң біз емес,
Жауапсыз қарап жоспарға,
Орындалмайтын айлығы.
Бір ауданың Қазалы,
Жерінің нашар ажары,
Айтпайтұғын сөзім ед,
Ала бердің мазаны.
Барлығы түгел саудагер
Жосалының базары.
Бүркітпенен ойнайды,
Қарғаның жетсе ажалы.
Отыз мың қойың шығын боп,
Орталық газет сынға алып,
Сондықтан сені жазады.
Жақсы өнегем таралсын,
Жиналыста қаралсын,
Осы айтылған сындарды,
Еліңе айтып барарсың.
Кемшілікті түзетсең,
Ақын боп сонда жарарсың.
Елу жылдың тойыңда,
Кездесіп бізбен қаларсың.
Мақтай берме құмыңды,
Жел тұрса құмды суырды.
Жамбыл, Кенен, Жандосов –
Осы жерде туылды!
Айта берсем сан жетпес,
Тоқаш Бокин, Бауыржан,
Бәрібаевтай ұлымды!
Қызылордадан көшіріп,
Астана болып Алматым,
Биікке тіктім туымды.
Сынай берсін сыншылар,
Кімнің күші мығым-ды!
Манап:
Октябрьден ертерек,
Қызылорда жайы бір бөтен.
Сырдан болмай еш көмек,
Тақырда екен, құмда екен.
Дүниенің жүзіне,
Қанша бабам кеп кеткен.
Жасы арылмай көзінен,
«Неге тудым» деп кеткен.
Куәсі болып солардың,
Кектен тамған қан жатыр.
Тозаңы болып жолдардың,
Тұлпардан қалған шаң жатыр.
Қайта оралмас сол кезді,
Алмайық еске десек те.
Тарих қайта енгізді,
Өткеннің бәрін есепке.
Желмаясын желдіріп,
Осында Асан зарлаған.
Қобызын күйге келтіріп,
Осында Қорқыт сарнаған.
Тылсымменен тілдескен,
Ән-күйдің Қорқыт дүрі еді.
Әл-Фараби Сырда өскен,
Ғалымдардың пірі еді.
Қазынасы әлемнің –
«Мың бір түнді» аударған,
Құмартып оқыр бар елдің –
Авторы біздің Қалмақан.
Тұрмағанбет сөздерін,
Мақтамайық қалай көп!
Айтып жүрген өздерің,
«Сырда туған – Абай» деп.
Ажалды жеңген азамат –
Зейнолла жырын сүйесің.
«Островский» деп қайран қап,
Білемін, басыңды иесің.
Сахнаның саңлағы –
Сәбира өскен осы аймақ!
Бұлбұлдай сайрар таңдағы,
Бағланова өскен осы аймақ!
Делебемізді қоздырып,
Өнерлерімізді оздырып,
Сандуғаштай сайратып,
Әсімхан мен Манапты,
Осы айтысқа алдырған,
Шаһмардан өскен осы аймақ!
Аты әлемнің аузында,
Бұлбұлдың бірі Бибігүл,
Бар шығар оған сенімің.
Мейлің білме, мейлің біл,
Ол да менің келінім!
«Өнер менен ғылымнан
Еңбекке, – десең, – қайта орал.
Мересьевтің ерлігін,
Екінші рет қайталар.
Қос аяқсыз, қос қолмен
Талай жұмыс жайпалар.
Қасымтай сынды шын ерлер
Бізден ғана байқалар!
Әйелден шыққан алғашқы,
Сыр елінің шопаны,
Еңбек Ері жұлдызды,
СССР-ға депутат,
Әйгілі болған Айша бар!
Облыс емес, өлке емес,
Одағымның мақтаны,
Екі рет Батыр еңбектен,