Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кенен мен Әбдіғали айтысы (1-бөлім)

Кенен Әзірбаев, Әбдіғали Сариев · 2 мин оқу

Кенен:
Ел анасы – жер болар,
Ел ағасы – ер болар.
Кіндік кесіп, кір жуған,
Жер анаңмен тең болар.

Ұшқан құс қонбай қоя ма?
Еңбексіз қарның тоя ма?
Ел мен жерден сыр алмай,
Аң қуған жолы бола ма?

Ат мойнында тұмарсың,
Ат аунаса сынарсың.
Ал, қызыл тіл, сайрашы,
Ажал жетсе тынарсың.
Сұлуға көзім қарашы,
Топырақ басса жұмарсың.
Асылды інім киіп ал,
Арғымақ, жорға мініп ал.
Көп алдында сөйлеп қал,
Жиналған халық тыңдасын.

Жүйрік аттай көсіліп,
Жібек жіптей есіліп,
Осы жерден ертеде,
Жеті ғалам ел өткен.
Әркім қорғап Отанын,
Атақты талай ер өткен.
Жері байдың – елі бай,
Ата-анаң – жер деп өткен.
Бас пен малы өркендеп,
Көсегеңді көгерткен.
Ерлер туып, жау шауып,
Елдің қамын жеп өткен.
Тәттіні тісім шайнап қал,
Жер астында қирарсың.
Осы жерім – ата жұрт,
Ұлы жүз өскен – қоныс құт.
Екі жүз болыс ел болған,
Төрт ата Дулат көп ұлт.
Албан, Суан үшеуі,
Жарықшақтан тарайды.
Бәйбішеден Сарыүйсін,
Абақ, Тарақ бәрі Үйсін.

Шапырашты, Ошақты,
Парлап мінген қос атты.
Сыландыдан Ысты боп,
Үштаңбалы атапты.

Бақтиярдың тұқымы –
Арғы атысы Төбейді.
Төбейден бері көбейді.
Абақ, Тарақ баласы,
Алатауды жебейді.
Әркім шабар ұранға,
Бәйдібек пен Домалақ,
Бейіті Бөген-Шаянда –
Ата-анамды айтпай қоям ба?!

Әбдіғали:
Көпшілік, бәріңізге сәлем бердім,
Бауырлар, жүрсіз бе аман, қаладағы.
Көсілтіп топқа салып көріңіздер,
Адамның ақын деген жорғалары.
Сөйле деп Кенен ақын кезек берді,
Әркімнің өзіне алтын қолда бары.
Баптаған жүйрігіңнің мен де бірі,
Сырланған алтынменен арналары.
Қырымға шыңнан өрлеп арындамай,
Неліктен Әбдіғали қорғанады.
Өлеңнен түйме түйіп, бауын қадап,
Сол болсын көпке салған олжалары.

Көпшілік ортасында ән шырқайын,
Дауысым көкке шалқып, аспанға өрлеп.
Қанішер немістердің сұмырайына,
Наркескен алмас болат қылыш сермеп.
Қаһарман қайратыма мініп алып,
Терейін сөз асылын соттай тергеп.
Намысын отанымның ойлағанға,
Айнадай алғыр сөзім болсын өрнек.
Кен аға, аман-есен жүрмісіңіз,
Кішіге ол да міндет сәлем бермек.
Тереңге сөзді еркімен шомылдырмай,
Көрерсіз аспандатып әнге сермеп.
Шекердей шыққан сөзім бал тілімнен,
Дәмі жоқ сөйлемеймін сөзді кермек.
Жүйріктің шапса шаңы ілеспеген,
Құздардың арындаған шыңын өрлеп.
Алматы облысы туған елім,
Алатау айналамды жатқан көлбеп.
Суреттеп бұл жерімді көрсетейін,
Айтарлық қай жерің бар бұған теңдеп?

Тірелген Алатаудың басы көкке,
Хантәңірі, Тянь-Шань арғы бетте.
Ақ найзадай төбесі қаһарланып,
Алып шапқан батырдай жауын бетке.
Жемісі жеткілікті түр-түрімен,
Шынарлы миуалы ағаш шыққан бетте.
Алабы Алматының қалың орман,
Отанның әскеріндей жатқан шетте.
Тастары жаңғырады сөйлегенде,
Қазына қойны толған түрлі кенге.

Кенен:
Біздің елдің атақты,
Ерлерімен таныссаң,
Айтуға сірә, жалықпан.
Төле би шыққан Үйсіннен,
Өзі әзиз, өзі әділ,
Атағы зор халықтан.
Қаз дауысты Қазыбек
Алшыннан шыққан Әйтеке,
Табыннан шыққан ер Серке,
Керейден шыққан қос қасқа,
Тұрсынбай мен ер Жабай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаракерей Қабанбай,
Шапырашты Наурызбай,
Қатар туған арыстан.
Алатауда Ұлы жүз,
Сарыарқада Орта жүз,
Орал тауда Кіші жүз,
Кең өріс тапқан алыстан.
Қысқаша жоба көрсеттім,
Айта берсе тауыспан.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз