Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Оразалы айтысы (2-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Оразалы Досбосынов · 3 мин оқу

Біздерден жұрт кетпесін кескін көрмей,
Жететұғын жеріне жетсін деңгей.
Ал, аға, ерекше бір лапылдашы,
Еренсіз ескі сабанға от тигендей.
Тағы да өлең-жырды ағыз бүгін,
Елдің сырын ұғынып, ес білгендей.
Қағысымыз қақпашыдай аһ ұрмасын,
Қапыда қақпаға кеп доп кіргендей.
Әдепсіздік демессіз батырлықты,
Мың қойды судан бір ешкі өткізгендей.

Жайғасып ел алдына жайқалайын,
Тиесілі жүгімді арқалайын.
Ал, аға, ары қарай жырлап жібер,
Айтылған сөздеріңе тамсанайын.
Ел, сізді аға, көргеннен шаттануда,
Он жыл бұрын жоғалған марқадайын.
Айықпас ақ борандай айта білсең,
Қажыдан келгендей ғып қарсы алайын.
Оттай жанып, ағасы, келсең бүгін,
Одан әрі жанып кетер, май салайын.

Мэлс:

Мен сенен сөз күтіп ем селт еткізер,
Жігіт емессің күніңді ерте өткізер.
Жаңағы әңгімеңе қарар болсаң,
Маздаған отың менен өртеткізер.
Қайдағы қарасуды айтып кеттің,
Мың қойды ешкі емес серке өткізер.

Көрсетіп шабытымды бойға берген,
Айтайын әңгімені ойға келген.
Ораз-ау, әңгімеңіз қалай болды,
Сапалы сөз емес қой сойға берген.
Әр нәрсенің басынан бір шаласың,
Қотыр ешкі сияқты қойға келген.

Көзіңді салып қарасаң,
Зіл қара батпан нарық тұр.
Нарықтың жүгін тартам деп,
Атанның қомы ауып тұр.
Ел басына күн туса,
Ететін сайран-сауық тұл.
Жұмбаққа толы дүние,

Ақылы толы азамат,
Жауабын айтпай нағып тұр.
Тәуелсіз елім менің де,
Тәуекелге барып тұр.
Сарнама десең қыңбайды,
Жарнама-жаңбыр жауып тұр.
Жасанды бұлты шетелдің,
Жауатын жерін тауып тұр.
Сахнаға шыққасын,
Салиқалы сөз айтып,
Санасын елдің сауықтыр.
Сақтағанды сақтайтын,
Ақиқат сөз ғой анық бұл.
Айналайын, ағайын,
Киркоров келсе шабылмай.
Айтыстан хабар алып тұр.
Бутя деген ағамыз,
Демеуші болып жатқасын,
Ісі де көпке жағып тұр.
Қазақтың газы қайда екен,
Тозақтың газы жанып тұр.

Оразалы:

Жалпы елге жатқандай жеңіс келіп,
Көрші аға, ат басына ерік беріп.
Ініңнің сөздеріне ашуландың,
Жүргендей түсіңде ылғи неміс көріп.
Менің де жаным жомарт, ал ағасы,
Жіберейін кәмпитті бөліп беріп.
«Көке» десе көз шұқи берме, аға,
Көп сапырған қымыздай көбіктеніп.
Алладан жауған ақ нұр секілденіп,
Кетсеңші қара сөзді төгіп-төгіп.

Мэлсті халық еді-ау Мэлс қылған,
Мақалды Мэлс еді теріс қылған.
Бұрмалап әр сөзімді әрбір жаққа,
Тағы бүгін жасама тегіс құрбан.
Мамырдың тоғызына келіп қапсың,
Батырдай Мәскеу үшін неміс қырған.
Әрнеге жүргізсең де әміріңді,
Ұмытпа деген қазақ тәңіріңді.
Саудан гөрі сырқат көп бұл қоғамда,
Жалап жаза алмассың жауырыңды.
Қытайдың жылтырағын жылтыратып,
Балқытып сипап жатыр сауырыңды.
Қысық көз табаныңнан жалап жүріп,
Бір күні қиып кетер тамырыңды.
Алдын-ала ойланбасаң айығуды,
Алтын төсек жаза алмас ауыруды.

Ал, енді шабытың болса шарық қайрақ,
Менің сөзім болады-ау анық қайрақ.
Күптей едің, жіптей боп кетіпсіңіз,
Қамығып жүр ме екенсіз халықты ойлап.
Кешегі бабалардың ұрпағы едік,
Ел дегенде отырар сауыт сайлап.
Күлдір-күлдір кісінеп келсең-дағы,
Күн бұлттанса кетесің Жайықты ойлап.
Жайықтың, Мэлс ақыны, аман болшы,
Жаңбыр жауса жүретін қайық сайлап.

Мэлс:

Айналайын, Ораз-ау,
Жаттанды сенің сөзіңді,
Келеді менің сарқығым.
Ағайын тауып алады,
Айтылған сөздің айтыста,
Жарқыраған алтынын.
Ойыңа салып өлеңді,
Оттай болып шарпыдым.
Жайықтың емес мен бүгін,
Ақынымын деп жүріп ем,
Мына отырған жалпының.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз