Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бекжан мен Мұхамеджан айтысы (1-бөлім)

Бекжан Әшірбаев, Мұхамеджан Тазабеков · 2 мин оқу

Бекжан:

Қайталансын Бекжан боп,
Қырандарға тән өлім.
Мысалы болсам қайтесің,
Мәртебелі мәренің.
Ассалаумағалейкүм,
Ассалаумағалейкүм,
Ар-ұяты, пейілі
Пәренжелі пәк елім.

Рентгендік қасиет дарысын,
Тыңдарманға ең берік.
Ревизор болып отырған,
Пиғылдарға пенделік.
Аспан тектес жас буын,
Адал ішіп ас-суын,
Рекордтарды жаңартсын
Айтысқа әрлі рең беріп.

Ырысын елдің кеміткен,
Бос уәде, бос ырай.
Жалқаулыққа оқытар
Одақ та қалды о шырай.
Болаттардан құт дарып,
Перзенттерің ұлт танып,
Әкеден кейін туылып,
Дәулетті болсын осылай.

Алқалы топ, әлеумет,
Көңілге мәрттік, кеңдік бер.
Таразылар сәт келді,
Тіліме заңды теңдік бер.
Тазабековпен айтыста,
Бес сайманым сай тұста,
«Бермеймін» деген немістен,
Берлинді алған ерлік бер.

Әріп біткенге атау боп,
Алфавиттерде жоқ қазір.
Құбылыс болып келейін,
Келтіре қоймас от зәбір.
Ойнамастан ұрыспақ,
Айтысайық дұрыстап,
Кезекті саған берейін,
Бас бәйгелі боп қағыр.

Мұхамеджан:

Біссіміллә, сөз бастайын билердей боп,
Жанымыз жақсы сөзден киген көйлек.
Мен бүгін сөз сиқырын көрсетейін,
Сүлейменнің жүзігін кигендей боп.
Ассалаумағалейкүм, бапкер елім,
Бақ сынадым алдыңа именбей кеп.
Бас иіп, сәлем бердім Қағбадағы
Қара тасқа маңдайым тигендей боп.
Халқымның жүзін көрсем қуаттанам,
Хазіреттің саусағын сүйгендей боп.

Семсер тіл мұқалған жоқ сескенердей,
Көңілім құлазымас көшкен елдей.
Ой – қалта, санам – сандық, зердем – қоржын,
Зерлеген сөзді ғана екшегендей.
Құмардан бір халықты шығарайық,
Күйеу кеп күйлі ауылдан төс жегендей.
Ақындарын сағынып қалған шығар,
Көк биенің саумалын көксегендей.

Жырымен жампоз нарды иіткендей,
Жүргем жоқ үлкендерді биік көрмей.
Маңғаздар маңдайшадан таяқ жейді,
Бастарын босағаға иіп келмей.
Сахна да сардала секілді ғой,
Саңлағын іріктейді жиып-термей.
Саудырап өңкей жастар жиналыппыз,
Кимелеп суға келген киіктердей.

Жалын сөз жас жүректен пайда болар,
Маздаған отты ұштасаң май да жанар.
«Айтыс» деген ауызша кітапхана,
Әркім естіп, қажетін пайданалар.
Ақын айтқан сөз жетсін жүректерге,
Құранның сүресіндей айға қонар.
Бекем болып келдің бе, Бекжан ақын,
Жігіттей жорға мініп тойға барар.
Бармақтай бақ, балдақтай тақ сүйемес,
Марқасқаның ізі де майдаланар.
Жас жігіттей жарқылдап сөйле бүгін,
Көп білгенсіп көсемсу қайда барар.
Аталы сөзді ұқпасаң, абыройың
Сал-серінің атындай сайда қалар.
Шаншып айтсам шамданып қалмағайсың,
«Тақымы бос ашуын тайдан алар».
Орақ тілдің орамын бір жазайық,
Отырыс болсын осы ойда қалар.

Бекжан:

Атыңнан айналайын, туған дала,
Туған дала, мен үшін тұлғаң дара.
Баладың Сара қызды биігіңе,
Қарадың сол көзбенен Біржанға да.
Татулық – ең бірінші атар оғың,
Батырға көмек келер тылдан ғана.
Шарықтау аспаныңда қиын екен,
Қаншама арманшыл боп туғанда да.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз