Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Дәулеткерей айтысы (2-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Дәулеткерей Кәпұлы · 2 мин оқу

Атымның басын бұрармын.
Көркем де көркем сөзім бар,
Құйылғанындай құманның.
Айтыстың мына аспанында
Айменен бірге туармын.
Жақсылық тілеп жалғанға,
Күнменен бірге шығармын.
Сексеуіл болып сен қазір
Сексен жерден ұрсаң да
Сына алмайтын шығармын!

Бісміллә деп бастайын,
Қашаған – өлең, қаз болып,
Қаңқылдап маған қайта кел.
Сүйінбай – өлең, саз болып,
Сұңқылдап маған қайта кел.
Құдайдың берген бақыты –
Жанданып жатса қайта өнер.
«Тірісі тілге тоқтаған,
Өлісін сөзбен жоқтаған»,
Айтысым менің – мәрт өнер.
Аталы сөзді айтпасаң
Айтыс та бүгін қайта өлер.
Жолың болсын, бүгінгі
Дәулеткерей сияқты
Бәйгеге түскен тайтөбел.
Шабыт берсін саған да
Шапалағымен шалқар ел.
Ағасы мен інісінің
Шабысын көрсін бүгінгі
Айтысқа келген байтақ ел.

Желбіреп тұрған жастығың
Байқасам, көркем тұлымдай,
Есітіп жүрдің атымды
Бауыржандардан бұрында-ай.
Іріден сөйле, інішек,
Ұлтымыз білер ұғымдай.
Кейбір ақынның теңеуі
Сарымайға батқан шыбындай.

Құлагер ағаң көп сенің,
Ізіне ертең ере алсаң ,
Құлдыраңдаған құлындай.

Дәулеткерей:

Арайлап алашымның таңы туды,
Демеңіз бұл ініңнің сағы сынды.
Алдымда арлан Мэлс жортқан кезде,
Шабытым менің дағы ағытылды.
Сындыру мақсат емес өзіңді, аға,
Қыздыру мақсат еді шабытыңды.

Ақын мен ақын бүгін айқаспай ма,
Қасыңа інің келіп жайғаспай ма.
Тайтөбел болып келдім мен қасыңа,
Тарлан боздың тұяғын тай баспай ма?

Бұл ағам айтар сөзге мапандай-ды,
Мысалы, жыр-Жамбылды шапандай-ды.
Дүбірі аламанның естілгенде,
Шын тұлпар шалғынында жата алмайды.
Құлагер-құлыным деп тауып айттың,
Құлын өспей, құлагер атанбайды.

Сөйлейді інің сөзден жол білгесін,
Жел сөздің желмаясын желдіргесін.
Жілігі татитұғын сөз айтайын,
Ертең күн артымыздан ел күлмесін.
Айтыстың көрсетейік шын үлгісін,
«Ит қуды, қоян қашты» боп жүрмесін.

Алдыма өзің келдің өлеңдетіп,
Ойыңды көкейкесті кемелдетіп.
Сөйлейсің толқын ұра, толастамай,
Жағасын Жайығыңның кемерлетіп.
Қасқайып қасыңызда мен отырмын,
Басымда тұрмаса да бедел бекіп.
Жамбыл да жырларыңа хош-хош айтқан,
Қара өлеңнен қалыпты-ау Кенен кетіп.
Жалғанның арты, аға, жалаңаш қой,

Бұл өлең кетер ертең сенен де өтіп.
Ал енді емен-жарқын көсіліңіз,
Шардара шанағыңды бебеулетіп.

Мэлс:

Жүргенде басың қатып саудаменен,
Жаныңды алсын бүгін баурап өлең.
Орақпенен орылып күні кеше,
Балғаменен соғылып қалған өлең.
Аз ойлап, көп тыңдайтын пенделердей,
Қаз ойнап кетті бүгін қарғалармен.
Менен кеткен өлең де елге барар,
Жел қанат, жер тарпыған аруана өлең.

Дәулеткерей, даусыңнан
Сахнада ояндым.
Ағаңның ізін басқан соң,
Айтысқа шығып бой алдың.
Келерсің талай бәйгеге,
Демеймін саған тоя алдым.
Өлең деген тектілік –
Тарихы сынды ноянның.
Киік жырды мен бүгін
Арқаланып айтыста
Құрметіңе соярмын.
Жаңағы айтқан сөзің бар,
Сен маған жауап берсейші,
Итің кім, қоян кім?

Дәулеткерей:

Сөзім бар жұмыртқадай аршып алған,
Қағілез қазақ деген қаншыл ағам.
Өзіңдей ақыны бар ел бақытты,
Толымды ой, төкпе жырмен хал сұраған.
Қарсыласын қаз құрлы көрмейтұғын,
Қарқының бар аумайтын қаршығадан.
Інілік ізетіме мен тұрармын,
Ағалық тұлғаң болса жарқыраған.
Астыңда қанатты атың болғанымен,
Ағасы, артық емес қамшылаған.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз